Қарағандыда В.И. Ленин атындағы кинотеатр мемлекетке қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. 1960 жылы ашылған кинотеатр Қарағандыдағы алғашқы екі залды кең экранды кинотеатр болған. «Бұл ғимарат қаланың мәдени өмірінің орталығына айналып, жоғары деңгейдегі премьераларды, фестивальдар мен кинофорумдарды көрді. Алайда 1998 жылы нысан тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен заңсыз шығарылып, кейіннен жекешелендірілген», — деп жазылған хабарламада. Қазыбек би ауданының прокуратурасы жекешелендірудің заңсыздығын сотта дәлелдеу үшін ұзақ және күрделі жұмыс жүргізген. Сот бірнеше айға созылды. Бұзушылықтар туралы ұсынылған дәлелдердің арқасында сот кинотеатрды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.
Автор: Асылхан Бөрібай
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге арнап пост жазды. Бұл Трамптың ашық сес көрсеткені ме әлде алдын ала ескерткені ме, әлде тіпті жағдайды тез шешкісі келгені ме — бұл жағы бізге беймәлім. Дегенмен белгілі саясаткер Әміржан Қосан ErtenMedia-ға берген сұхбатында «соғысты тоқтату әлемжелідегі бір жазбамен шешілмейді» деді. «Соғысты тоқтат! Әйтпесе…» Трамптың Путинге арналған посты АҚШ президенті Трамп Украинамен арадағы соғысты тоқтату туралы келісім жасалмаса, Ресейге жаңа санкциялар мен сауда баждарын енгізетінін айтты. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Трамп постында «Ресейге зиянын тигізбейтінін, орыс халқын жақсы көретінін және президент Путинмен үнемі өте жақсы қарым-қатынаста болғанын» жазды.…
Әлеуметтік желіде Мәслихат депутаты Тимур Елеусізов ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда депутаттың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Тимур Елеусізов блогер Руслан Кәрімовпен бірге ұсталды, Кәрімов 28 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілініп отыр. Елеусізов Кәрімовпен және Дамир Көшеевпен байланыста болғаны белгілі, олармен әлеуметтік желілерде жиі бірлескен контент жариялаған. БАҚ-қа берген сұхбатында депутат қамауға алынған кезде Кәрімовтың жанында болғанын, бірақ ол іске қатысы жоқ болғандықтан босатылғанын айтқан. Елеусізов іс бойынша куәгер екенін атап өтіп, жария етпеу туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеді. Бопсалау туралы айыптауларға қатысты депутат күмән келтіріп: «Әзірге ештеңе айта алмаймын» деген», — деп жазылған ГосАрхив мәліметінде. Алайда кейінірек…
Украина президенті Владимир Зеленский Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу барысында Әзербайжан авиакомпаниясының апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Украина басшысы әлеуметтік желілерде жазған. Ақпарат әзербайжандық Minval басылымында жарық көрді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Зеленский трагедия орнынан алынған дәлелдер бәрін көрсетіп беретінін және шындықты ашу үшін Ресейге қысым көрсетудің маңызы туралы айтқан. Зеленскийдің айтуынша, көшбасшылар екіжақты қарым-қатынастардың болашағын, оның ішінде тауар айналымы мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттыру бағыттарын талқылаған. Украина президенті Әзербайжанның қолдауына жоғары баға беріп, көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірдген. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines…
25 желтоқсанда Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған жерден сырға табылған. Оны астаналық көріпкел Айгүл Бердіғалиева тапқан. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бердіғалиева қайғылы оқиға болған жерден сырға тапқанын және оны қайтыс болған адамның туыстарына бергісі келетінін айтқан видео пайда болған еді. Кейіннен тергеу аясында табылған зергерлік бұйымды полицейлер алып кеткен. Ақтау маңында ұшақ апатқа жерден Айгүл Бердіғалиева тапқан сырға кімге тиесілі екені белгілі болды. Әзербайжандық 1news.az басылымы осы сырғаның иесін тапқан. «Бердіғалиеваға хабарласып, сырғаның иесі болуы мүмкін адамды іздеуге қатысып, зергерлік бұйым қазір Бакуде комада жатқан Халаева Хафисат Гусейнқызына тиесілі екенін анықтадық», -…
Амман, Иордания, 17 қаңтар 2025 ж. – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры, Елші Берік Арын мырза Иорданиядан Газаға «Адамзатқа ұн – Газадағы жағдайға байланысты шұғыл үндеу» атты алғашқы гуманитарлық көмек жөнелту шарасына қатысты. Әз-Зарқа аймағының Ғабауи қаласындағы Иордания Хашимит қайырымдылық ұйымының (ИХҚҰ) қоймасында өткен рәсім Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай мырзаның да қатысуымен өтті. Газаға 12 жүк көлігіне тиелген – 200 тонна бірінші сұрыпты бидай ұны жөнелтілді. Бұл шара АҚИҰ маңыздылығын қуаттаумен қатар, ұйымның гуманитарлық қызметінің, соның ішінде аталған бастаманы жүзеге асыруда шешуші рөлінің куәсі болды. Сондай-ақ, Қазақстанның дүние жүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін ілгерілету мен гуманитарлық…
Алматыда ұсталған блогерлер кім екені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Полицияның мәлімдемесі Бүгін полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша Алматыда кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. «Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазылған хабарламада. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар кімдер? ҚазТАГ мәліметіне сүйенсек, ұсталған блогерлер – Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов. «Көшеев бұған дейін Алматы прокуратурасының ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзу…
Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. «Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған», — деп жазылған хабарламада. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбеде «емшіге алдандық» деп 100 шақты адам шу шығарды. Дертіне дауа іздеп барғандарды гипнозбен арбап несие алдыртқан көрінеді. Алданғандардың қатарында туыстары да бар, — деп хабарлайды ErtenMedia КТК телеарнасына сілтеп. 30 жылға жуық емшілікпен айналысқан Сұлушаш Қазыбаеваға алдандық деген ақтөбеліктер саны алпыстан асқан. Олардың қатары күннен-күнге көбейіп барады. Емші қабылдауына келгендерді гипнозбен есінен айырып, онлайн несие алдырады екен. «Еріксіз қарызға батқанымызды есімізді жиған соң ғана білдік» дейді тұрғындар. «Емге барып жүргенімде гипноз арқылы мені 18 миллионға сазға отырғызды. Қазыбаева Сұлушаш деген кісі. Бес баламен қазір жұмысым да, тамағым да жоқ, балаларыма алатын, мысал үшін. Емделуге барғанда жатқызып қойып, гипноз жасай ма, білмеймін.…
Павлодарда дүкенде шыққан дау сотқа дейін жетті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша істі қараған. 2025 жылғы 16 қаңтарда Н. Павлодар қаласы Лермонтов көшесіндегі дүкеннің кіреберіс есігі мен сөресіне «Обслуживаем только на русском» деген мазмұндағы хабарламаны жапсырған. «Ол қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн әрекеттер жасаған. Н.-ның кінәсі оның түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбамен, сондай-ақ басқа да іс материалдарымен анықталды. Н. өз кінәсін толық мойындап, өкінді. Ол өз әрекетін оның «Маған «бір фарш» беріңізші» деген өтінішіне сатушының орысша сөйлеуін өтінуімен түсіндірді, бұл оның осы әрекеттерге баруына түрткі болған», — деп жазылған хабарламада.…










