Автор: Асылхан Бөрібай

БАҚ бұған дейін Израиль мен Хамас келісімге келгенін хабарлады. Алайда олардың арасындағы бүгін күшіне енуге тиіс келісім бұзылды. Израиль тарапының хабарлауынша, Хамас соңғы сәтте кейбір келісімдерден бас тартқан, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Курсив» басылымына сілтеп.Осыған дейін талқы болған мәмілеге сәйкес, 19 қаңтардан бастап атыс тоқтап, кепілге алынғандар мен тұтқындарды айырбастап, Израиль әскері шегінуі қажет еді. Израиль премьер-министрі Беньямина Нетаньяхудың кеңсесінің хабарлауынша, палестиналық Хамас қарулы тобы соңғы сәтте Израильмен мәміледегі кейбір шарттардан бас тартқан. «Хамас келісімге келуге кедергі келтіретін соңғы сәтте дағдарыс тудыратын келісімдерден бас тартады», — делінген хабарламада. Израиль тарапы делдалдар Хамас құжаттың барлық бөлігімен келісетінін растағанға дейін Үкімет отырысының күні белгіленбейтінін…

Толық оқу

Ақтөбеде кепілден құтқарылғаннан кейін қаза болған ерлі-зайыпты жерленді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. 16 қаңтарда Ақтөбенің жұрт «Мәскеу» деп атап кеткен ауданындағы жеке үйлердің бірінде 74 жастағы отағасы Ә. мен оның 66 жастағы зайыбы Ш. марқұмдардың жаназасы оқылды. Оларды ақтық сапарға шығарып салуға адам көп жиналған. Үйдің маңында полиция мен медициналық жедел жәрдем көліктері де болған. Ерлі-зайыпты екеуі тұрған осы үйде 13 қаңтарда кепілге алынып, полицияның арнайы операциясы нәтижесінде құтқарылғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болды. Ресми ақпаратта Ш. ауруханаға апара жатқан кезде, Ә. ауруханаға түскеннен кейін көз жұмған деп жазылған. Ағайын-туғандары марқұмдарды қала шетіндегі зиратқа жерледі. Олармен бірге кепілде болған…

Толық оқу

Дина Шайхислам есімді қазақстандық АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампың  инаугурациясына шақырту алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Дина Шайхислам — Назарбаев университетінің түлегі, саяси кеңесші, Childrens Development Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушы. Оған есімі жазылған арнайы шақырту келген. Ал бұл шақыртуды конгрессмен Коннелли жіберіпті. Хаттан бөлек, сол күнгі инаугурация бағдарламасы, партияның тарихы, Трамптың суреттері бар. «Бүгін мен президент Трамп пен вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақыру алдым», — деді ол. Айта кетейік, 2024 жылы Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды. Бұл — елдің 47-ші…

Толық оқу

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік стипендияға 75 адам ие болды. Аида Балаева стипендия иегерлерін құттықтап, олардың қазақ мәдениетін дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Министр шығармашылық зиялы қауым мәдени бірегейлікті сақтау, ел бірлігін нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау ісінде маңызды рөл атқаратынын айтты. «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлттық руханият туралы үнемі айтып, оның елдік жолындағы орасан күші мен мол мүмкіндіктеріне қоғамның назарын аударып жүргені мәлім. Жылдағы халыққа…

Толық оқу

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әпкесі елде қалатын болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде заңгер Инга Иманбай жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың әкесінің қарындасы Бақыт Рейімова Қазақстанда қалатын болды. Оған біздің, Қазақстандағы Халықаралық Адам құқығын қорғау бюросының да үлесі бар», — деді ол. Еске салайық, 9 желтоқсанда Алматы облысында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылған еді. Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша ол суицид жасаған. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрқанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті. Ал жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Кейін сот шешімі шығып, ол 15 тәулікке…

Толық оқу

Желтоқсанда Ұлттық қордың активтері $2 млрд-қа қысқарған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҚазТаг мәліметінше, 2024 жылғы желтоқсанда Қазақстанның Ұлттық қорының валюталық активтері 2 075 млн долларға қысқарды. 2024 жылғы қарашамен салыстырғанда желтоқсанда Ұлттық қор активтері 3,4%-ға немесе 2 075 млрд долларға азайып, 58,8 млрд доллар болды. 2024 жылдың басымен салыстырғанда, валюталық активтер 2%-ға қысқарған.

Толық оқу

Бүгін Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаев пен ұлы Байғали Серкебаев, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында орнатылған. Министр Аида Балаева ескерткіштің ашылуы елінің ұлы перзентіне деген құрметі  екенін атап өтіп, Ермек Серкебаевтың бай рухани мұрасы…

Толық оқу
Ұшақ апаты Azerbaijan Airlines

Желіде Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқыштары мен диспетчерінің әңгімесі тарап кетті. Көлік министрлігі осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Қазір Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссия жұмысы істеп жатыр. «Алдын ала есеп жарияланғанға дейін комиссия ресми дереккөзі жоқ, ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді. Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады», — деп жазылған хабарламада Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қымбатшылық қысып бара жатқанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мұқаевтың сөзінше, Астанада 1 келі картоп 485 теңге болған. «Қымбатшылық бетімен кетіп барады. Ал антимонополиялық комитет жұмысы — 0. Осы кезге дейін келісі 150-180 теңгеден еді. Қымбаттағаны картоп қана емес. Өспей жатқаны айлық қана…» — деді ол. Депутаттың пікірінше, Қазақстанда орташа жалақының 52-56 пайызы тек азық-түлікке кетіп жатыр. «Экономикасы нашар Африка елдерімен пара-пар: Нигерия елі (59%), Мьянма (56,6%), Кения 56,1%, Бангладеш (52,7%), Лаос (50,6%) ал Ангола (49,7%) жұмсайды. 105 елдің ішінде соңғы қатардамыз. Ал АҚШ орташа айлықтың 6,7%, Сингапур халқы болса 8,4%, ұлыбританиялықтар  8,7% ақшасын тамаққа жұмсайды. Соғыс…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев азаматтарды негізсіз айыппұлдан қорғауды талап етті. Кейінгі кезде қазақстандықтар айыппұл көбейіп кеткеніне, бірнеше ай бұрынғы айыппұлдар енді келіп жатқанына жиі шағымданады. Депутат Мәжіліс мінберінде осы мәселені көтерді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оның сөзінше, Әкімшілік құқықбұзушылық кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутат заң жобасын сынға алып, оны қолдамаған. «Біз полицейлердің әңгімелеріне және олардың басшыларының кодексті бұзғаны және азаматтарға айыппұл салғаны үшін хаттамаларды рәсімдеу бойынша түсініксіз «нормаларды» белгілеу туралы талаптарына азаматтардың куә болғаны жөнінде мысалдар келтірген болатынбыз. Біз келтірген әлеуметтік желілердегі сілтемеде әрбір аудандық ішкі істер бөлімдері күніне кемінде екі жүз айыппұл, ал кезекшілікке…

Толық оқу