Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

17 қаңтарда Ыстамбұлда Қазақстан студенттеріне арналған «Janym Qazaqstan» қазақстандық фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға 400-ден астам студент жиналып, осы бірегей жобаның алғашқы көрермендері атанды. QazaqGeography және QG Production бірлескен жобасы жастар арасында үлкен толқындар тудырды. «Фильмдегі оқиға жүрекке әсер етіп, өзіміздің мұра мен табиғатымызды бағалаудың маңыздылығы туралы ой салды», — деп Ыстамбұлда оқитын Қазақстаннан келген студент өз ойымен бөлісті. Стамбулдағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Аманқұл Нұриддин, Жобаның бас продюсері Жасұлан Сейсенханов, Фильмнің басты кейіпкері Ілияс Көпжасаров, Композитор Кенжебек Нұрдолдай, оның саундтрегі картинаның эмоционалды тереңдігін көрсетеді. Сонымен қатар көрсетілімге келесі…

Толық оқу

Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың отырысындағы тапсырмасы бойынша 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді. Елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, экологияның ластануын төмендетеді, баламалы отын сатып алуға кететін қаражатты үнемдейді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырады. 2025 жылы мемлекет 7 елді мекенді газдандыруға арналған 45 жобаны іске асыру үшін 65,9 млрд теңге бөлді. Аталған жобаларды іске асыру елді газдандыру деңгейін 62 %-ға дейін арттырады немесе 12,4 млн-нан астам адам газға қол жеткізеді. «Финская-120» автоматтандырылған газ реттеу станциясын және магистральдық газ бұру…

Толық оқу

Мероприятие VISION 2025, организованное Академией физической культуры и массового спорта, стало важной платформой для подготовки новых лидеров в сфере спортивного менеджмента. В числе почетных гостей были Министр туризма и спорта Республики Казахстан Ербол Мырзабосынов и Министр науки и высшего образования Республики Казахстан Саясат Нурбек. Они подчеркнули, что развитие образования и менеджмента в спорте имеет ключевое значение для страны. В рамках мероприятия состоялась торжетсвенная церемония вручения дипломов выпускникам инновационной программы Executive MBA (EMBA) Sport Management. Данная программа была разработана совместно с международными партнерами и реализована с целью повышения уровня спортивного управления в Казахстане. Академия физической культуры и массового спорта (далее -…

Толық оқу

Ақтөбеде анасы және өгей әкесімен бірге кепілге алынған 40 жастағы әйел ауруханадан шығарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia Tengrinews.kz-ке сілтеп. 14 қаңтарға қараған түні ер адам әйелді және оның қарт ата-анасын кепілге алды. Бүгінге дейін жәбірленуші оларды босату бойынша арнайы операция қалай аяқталғанын білмеген. Оны ауруханадан туыстары алып кеткен. «Жалпы жағдайы, денсаулығы жақсаруына байланысты науқас үйге шығарылды. Одан әрі тіркелген жері бойынша емханада бақыланады», — деп жазылған Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында. Айта ктеейік, 13 қаңтарда сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде адамдар кепілге алынғаны туралы хабарлама түскен. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды. Артынша…

Толық оқу
Асхат Аймағамбетов салық кодексі туралы

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексі жобасына енгізілетін бірқатар маңызды өзгерістер жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, ұсынылған түзетулер халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етіп, ел экономикасына жаңа серпін беруі тиіс. Қазір бұл ұсыныстар Мәжілістің жұмыс тобында қызу талқыланып жатыр. Құмар ойын бизнесі туралы Аймағамбетов өз ұстанымын былай түсіндірді: «Құмар ойындар, әсіресе букмекерлік кеңселер өте жоғары табысқа ие. Үкімет ұсынған жаңа Салық кодексінде олардың салығын 10%-ға көтеру қарастырылған. Иә, бұл бұрынғыдан жоғары, бірақ жеткіліксіз. Біз бұл көрсеткішті кемінде 20%-ға жеткізуді ұсынамыз. Осылайша бюджетке қосымша жүздеген миллиард теңге түседі». Сонымен қатар, банк секторынан түсетін салық көлемі де артатын…

Толық оқу

Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Ауқымда шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен шаһар тұрғындары қатысты. «Киелі шаһарымыздың тазалығына ат салысқан әрбір азаматқа алғысым шексіз. Түркілердің рухани астанасына айналған Түркістанымыздың гүлденуі қала тұрғындарының біріге еңбек етуіне тікелей байланысты. Бүгінгі жалпыхалықтық тазалық жұмыстары нәтижесінде өңірге ат басын бұрып, қонақ болушылар саны да арта түспек. Себебі, қаланың көркі зәулім сарайлары ғана емес, тазалығына да тікелей байланысты»- деді шаһар басшысы. Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны…

Толық оқу

Ақтөбе облысының полициясы өңірдегі перзентханалардың бірінде жаңа туған сәбидің сатылуына байланысты тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты, олар тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқан. «Ақтөбе облысы полициясы перзентханада жаңа туған нәрестенің сатылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жай мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Толық оқу

Былтыр Алматы облысында 950 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, 17 ауыл газбен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 700 шақырымға жуық жол жөнделді және басқа да маңызды жұмыстар атқарылды. Өңірде партияның сайлауалды уәделерінің жүзеге асырылу тиімділігі Қонаев қаласында өткен «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысында талқыланды. Сонымен қатар партия өкілдері сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, былтыр өңірде нақты экономика саласында 23 жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ 19,4 мың орынға арналған 18 мектеп, 47 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. Осылайша «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы азаматтардың өзекті…

Толық оқу

Жамбыл облысында өткізілген көкпарда дау шығып, іс сотқа жетті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жуалы аудандық сотыда ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б., (Ұсақ бұзақылық) бойынша Б. және Ө.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. 2024 жылы қаңтарда құқықбұзушылар Ө. және Б. Ертай ауылында ауылдар арасында өткізілген көкпар ойынында ауыл тұрғындарының көзінше бір-бірін балағаттап, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткен. Б. өзінің түсініктемесінде О.-ның атының басы бетіне тиіп жарақат алып, нәтижесінде екеуінің арасында жанжал басталғанын көрсеткен. Cот отырысында өңір тұрғындары кінәларын толық мойындап, жасалған іс-әрекеттеріне өкінетінін көрсетті. Сот қаулысымен Ө. және Б. ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсына 78 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Сот қаулысы…

Толық оқу

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп көмекшілеріне инаугурациядан кейін бірнеше күн ішінде Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды, — деп хабарлайды ErtenMedia. CNN мәліметінше, олардың телефон арқылы сөйлесетін күні әзірге белгісіз. Арна дерекөздерінің айтуынша, Трамп Путинмен жеке сөйлесу Украинадағы қақтығысты тоқтататын шешім табуға көмектеседі деп сенеді. Айта кетейік, бұған дейін Трамп Вашингтондағы ұлықтау алдындағы сөзінде ел алдында тұрған барлық дағдарысты шешетінін айтқан болатын. Ол АҚШ-тың иммиграциялық және сауда саясатын түбегейлі өзгертуге ниетті. АҚШ президентінің инаугурациясы бүгін шығыс уақыты бойынша түстен кейін (Астана уақыты бойынша 22:00-ге) жоспарланған, сол уақытта Трамп Капитолий ғимаратында президенттік ант қабылдайды. Еске салайық, 2024 жылы…

Толық оқу