Автор: Асылхан Бөрібай

Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақтөбе қаласының прокуратурасы «Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-і директоры бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады. «КММ директоры қызметін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған», — деп жазылған хабарламада. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.

Толық оқу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына орай өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері үшін қысқы демалыстың қызықты бағдарламасы ұйымдастырылды,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ауқымды шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларынан келген еліміздің 19 жетекші жоғары оқу орны мен Семейден 4 колледж қатысып отыр. Бағдарлама аясында Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 60, білім беруді қажет ететін орталықтың 50 және Новая-Шүлбі ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 45 тәрбиеленушісіне үлкен экранда анимациялық фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар биологиялық орталықта серуендеді. Жуырда пайдалануға берілген балалар пойызымен «Бейбітшілік»аралына саяхат…

Толық оқу

Дәрігер Жасұлан Темірбайдың «Болашақ» бағдарламасына қатысты жазған жазбасы шу шығарып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, іріктеу кезінде комиссия мүшесі «орысша акцентің бар, Қазақстанды ұятқа қалдырасың» деп ескерту жасаған. Бұған пікір білдірген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дәрігердің мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министрдің сөзіне қарағанда, «Болашақ» бағдарламасының сұхбаттасу кезеңі толығымен видеотіркеуден өтеді. «Бағдарламаның іріктеу процесі екі кезеңнен тұрады. Алдымен тестілеу өтеді, содан кейін тәуелсіз сарапшылармен сұхбаттасады. Бұл кезең бірнеше жылдан бері міндетті түрде бейнежазбаға түсіріледі. Біз мән-жайды тексеріп, видеожазбаны қарап шықтық. Онда комиссия мүшелерінің мұндай сұрақ қойғаны анықталмады. Жазбаны бірден жариялау мүмкін болмады. Себебі комиссия мүшелерінің рұқсатын алуымыз қажет…

Толық оқу

Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан әзербайжандықтардың несиесі кешірілді, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Әзербайжанның банктері мен банктік емес несиелік ұйымдары Ақтауда AZAL ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан азаматтардың несиелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады. Әзербайжан банктер қауымдастығының бірлескен мәлімдемесіне сәйкес шешім қаза тапқандардың отбасыларына жанашырлық көрсету мақсатында қабылданған. Әуе апатынан қаза тапқандардың несиелері банктердің өз қаражаты есебінен өтеледі. «Баку-Грозный рейсінің экипаж мүшелері мен жолаушыларының қайғылы қазасы бүкіл елге, соның ішінде Әзербайжанның банк қауымдастығына ауыр тиді. Әзербайжан Орталық банкінің ұсынысы бойынша қаза тапқандардың қарыздары есептен шығарылды. Қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне көңіл айтамыз және зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектеспіз», — деп жазылған хабарламада.…

Толық оқу

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты арқылы танылған сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров ел аузында жүрген кейбір оқиғаларға қатысты өз болжамын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Біраз уақыт бұрын көз жұмған белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты өз-өзін үш рет атты деген нұсқа айтылды. Тахир Халимназаров бұл оқиғаға қатысты өз болжамын айтты. «Осы салада білімі болмағаннан кейін көпшілік «қалай үш рет атады?» дейді. Үш оқтың бәрі адамның өміріне қауіп келтірді ме, жоқ па — мәселе сонда. Бір-екі оқ жүрек, бас-ми, үлкен тамырларына зақым келтірмесе, адам бірден, тез өліп қалмайды. Кинолардан да көреміз ғой.…

Толық оқу

Трендке айналған Дубай шоколадын сатамын деген астаналық жұртты алдаған. Алаяққа қатысты сот шешімі шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. А. есімді адам Дубай шоколадын сатамын деп жәбірленушілерді адастырып, бірнеше рет олардың ақшаларын иемденген. Осылайша ол 10 жәбірленушінің 301 020 теңге көлеміндегі ақшасын жымқырған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банк аударымдарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Прокурор күдіктіге 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылды, оның 3 жылға бас бостандығы…

Толық оқу

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітілді, сондай-ақ Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары қамтылған Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған жоспарлар әзірленді. Бүгінде Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынды құрады, ал студенттердің…

Толық оқу

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылы қазақстандықтардан қанша қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цех жойылған. «58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан аса оқ-дәрі тәркіленді», — деп жазылған хабарламада.

Толық оқу

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен екі қырғызстандық Ұлттық госпитальдан шығарылды, — деп хабарлайды Ertenмedia.kz. 24.kg мәліметінше, зардап шеккен тағы бір адам нейротравма бөлімінде емдеуді жалғастырады. «Оның жағдайы тұрақты, өздігінен жүре алады», — деп жазылған мәліметте. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны — 38. Қайғылы оқиғадан 29 адам аман қалды. Жуырда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа…

Толық оқу

Кейінгі екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан аса қылмыстық іс қозғалған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден аса қылмыскер жауапкершілікке тартылды. Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталған. Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алынды. Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылған. Бопсалау деректері бойынша барлығы 1300-ден аса қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды. «Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданады», – деді…

Толық оқу