Автор: Асылхан Бөрібай

қазақстандық банктер

Қазақстандық банктер мемлекеттен алған қаржылық көмекті біртіндеп қайтарып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Бас банкир Тимур Сүлейменов Астанада өткен баспасөз мәслихатында соңғы екі жылда мемлекетке 700 миллиард теңгеден астам қаржы кері төленгенін мәлімдеді. Ұлттық банк басшысының айтуынша, бүгінгі күнге ірі қаржы институттарының басым бөлігі берешегін толық өтеп үлгерген. Нақтырақ айтқанда: Halyk Bank кейінгі екі жыл ішінде мемлекетке 250 млрд теңге қайтарды. Bank RBK 230 млрд теңге көлеміндегі көмекті толық қайтарды. Нұрбанк шағын банк ретінде 4,5 млрд теңге төлеген. Alatau City Bank былтыр 100 млрд, ал биыл қосымша 50 млрд теңге өтеді. Банк ЦентрКредит (БЦК) 60 млрд теңгелік қарызын толық жапқан. Сүлейменовтің…

Толық оқу
Арыз-шағым

Президент Тоқаев Астанада өткен жиында әкімдермен кездесіп, жергілікті басқару жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, депутаттар мен белсенділер халықтың жиі сайлаудан қажығанын алға тартып, аудан әкімдерін сайлау тәртібін қайта қарауды ұсынып отыр. «Кейбір сарапшылар мен азаматтар сайлау науқандары нақты жұмыстың орындалуына кедергі келтіреді деген пікірде. Бұл уәжді ескеруіміз керек. Аудан әкімдерін сайлау жүйесінің артықшылығы мен кемшілігін мұқият зерделеген жөн. Үкімет пен Парламент осы мәселені жан-жақты талқылап, нақты бір шешімге келуі тиіс», – деді Тоқаев. Президент ауыл әкімдерінің құзыретіне қатысты да елеулі ескертпе жасады. Оның сөзінше, ауылдық деңгейдегі әкімдер тұрғындардың нақты мәселесін шешетін құзыретке ие емес. Олардың көпшілігінде…

Толық оқу
НаркоСтоп

Алматыда «НаркоСтоп» жобасы аясында көптеген жұмыстар атықарылуда. Қалада нашақорлықпен күреске бағытталған кешенді жоспар бар, сол жоспар аясында төрт мамандандырылған орталық жұмыс істеуде. Ең көзге түсетіні еріктілердің саны. Игі іске 3 мыңнан астам ерікті тартылған. Мұнда мәселе тек бір реттік акцияда тұрған жоқ, күнделікті көшеде де, интернетте де жүргізілетін алдын алу жұмыстарын қамтиды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың басынан бері 180-нен астам іс шара өткен. Қала көшелерінде тыйым салынған заттарды жарнамалайтын трафарет пен граффити көп кездеседі, әсіресе аялдама маңы, жаяу жүргінші жолдары, ықшам аудандардың қабырғалары жиі таңбаланады. Сол жазулардың 18 мыңнан астамы боялып, өшірілген. Ақпараттық жұмыс та қатар жүріп жатыр. Алдын…

Толық оқу

Бас банкир Тимур Сүлейменов кейінгі уақытта доллар сұранысы артқанымен, теңгенің керісінше не себепті нығайып жатқанын түсіндіріп берді, деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, қазір валюта нарығында бір-біріне қарама-қайшы екі фактор қатар әрекет етуде. Бірінші фактор доллар сұранысының күрт өсуі. Қазақстандық кәсіпкерлер алдағы қосымша құн салығының (ҚҚС) қымбаттауына дейін тауарларды жаппай сатып ала бастаған. Өйткені, қазір импорттаушылар ҚҚС-ты 12% төлесе, қаңтардан бастап ол 16%-ға өседі. Сондықтан бизнес өкілдері долларды белсенді түрде сатып алып жатыр. «Импортшылар желтоқсанда кір жуғыш машина, телефон немесе басқа тауарды әкелсе, қосымша құн салығын 12% төлейді. Ал қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға өседі. Сондықтан импорт қазір қарқынды жүріп жатыр.…

Толық оқу
ТЖД тікұшағы

Алматы облысында «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқық қорғау органдары су айдындарын бақылауды күшейтіп жатыр. Жуырда полиция қызметкерлері Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының мамандарымен бірге Қапшағай су қоймасы бойымен және Іле өзенінің жоғарғы ағысы бағытында тікұшақпен профилактикалық рейд өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай формат жерден көру қиын болатын учаскелерді биіктен шолып, нақты бақылауға мүмкіндік береді. Су айдынының жалпы жағдайын, жағалаудағы қозғалысты, шағын қайықтар мен өзен арналарының бойындағы белсенділікті бір рейдтің ішінде бағалауға жол ашады. Рейдтің мақсаты браконьерлікті, балықты заңсыз аулауды және су айдынында жиі кездесетін экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтап, дер кезінде тоқтату. Тікұшақ арқылы бақылау кезінде мамандар заңсыз тор құруы мүмкін деген әлсіз…

Толық оқу
Малофеев

Константин Малофеев өзінің Телеграм арнасында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстандағы орыс тілінің жағдайына алаңдап, керісінше Қырғызстанды мақтап, ойын жазыпты. Осыдан біршама уақыт бұрын Тоқаев Ресейге жасаған сапарында бірнеше облыста орыс мектептері салынатынын айтқан еді. Бірақ Малофеевке бұл азыдық ететін сыңайлы, деп жазады Ertenmedia.kz. Малофеев алдымен Солтүстік Кореяны мысалға келтіреді. Оның айтуынша, КХДР мектептерінде 4-сыныптан бастап орыс тілі міндетті пән ретінде енгізгенін айтып, сүйінші сұрапты. Солтүстік Кореядағы егде буын 1970-80 жылдары орыс тілін оқыған, кейін бұл дәстүр үзілген-ді. Енді олардың немерелері орыс тілімен қайта қауышыпты. Мұны Малофеев «соғыста Ресеймен бірге болған одақтас елдің сыйластығы» ретінде түсіндіріпті. Яғни, саяси жақындасу мен әскери ынтымақтастық тіл…

Толық оқу
газ

Бүгінде Қазақстан үшін газ мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. 2023 жылдан бері ел нетто-импорттаушыға айналды, ал 2030 жылға қарай газ тапшылығы 10 млрд текше метрге дейін жетуі ықтимал. Ішкі сұраныстың артуы экономиканың өсіп жатқанының белгісі. Бірақ тауарлық газ өндіру көлемі осы өсімді де, экспорттық міндеттемелерді де толық жаппай отыр. Оның үстіне, газ өндіруші компаниялар ішкі баға төмен болғандықтан шығынға бататыны белгілі, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде газ тапшылығының негізгі үш себебін бар. Біріншісі, газ кен орындарындағы өндіру көлемінің төмендеуі. Екіншісі, мұнаймен бірге шығатын газдың жартысына жуығын жер астына қайта айдау, жылына шамамен 30 млрд текше метр газ осылайша айналымнан шығып қалуда.…

Толық оқу

Астанада үш жасар қыздың стоматологиялық клиникада қайтыс болуына қатысты іс сотта қаралуда, деп хабарлайды Ertenmedia. Orda-ның мәліметінше оқиға елордадағы Dental Park Ortho клиникасында болған. Дәрігерлер 18 тісін бірден емдеу үшін 2021 жылы туған кішкентай қызға ұзақтығы төрт сағаттан асатын наркоз берген. Алайда наркоздан ояту кезінде баланың жүрегі кенет тоқтап қалған. Іске қатысты клиниканың анестезиолог-дәрігері Аида Жұмағалиеваға Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша («Медицина қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті деңгейде орындамауы салдарынан адам өліміне әкелу») айып тағылды. Сот отырысында клиникадағы бейнекамерадан алынған видео көрсетілді. Кадрларда стоматолог пен оның көмекшісі музыка қосып, емді қалыпты жағдайда жүргізіп жатқаны, ал анестезиолог монитордан баланың жағдайын бақылап отырғаны…

Толық оқу

Жетісу университетінің студенттері ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу «Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында өтті. Білім алушыларға департамент басшысы Еркін Тюмелиев Қаржылық мониторинг агенттігінің және экономикалық тергеп-тексеру департаментінің негізгі қызметі мен міндеттері туралы жан-жақты баяндады. Ол елімізде заң мен тәртіп үстемдік құрып, әр қызметкер өз жұмысын адал әрі үлкен жауапкершілікпен атқарған кезде экономикалық қылмыстардың болмайтынын жеткізді. Кездесу барысында департамент қызметкерлері жастарға Қаржылық мониторинг академиясына оқуға түсу жолдары мен қызметке орналасу талаптары туралы түсіндірді. Мамандар жастарға интернеттегі алаяқтық түрлерінен сақтану, жеке деректерді қорғау және киберқауіпсіздік талаптарын…

Толық оқу
Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылы 10 айда қаланың комьюнити орталықтарында 2 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, олар 535 мың жасөспірім мен жас азаматты қамтыды. Бұл туралы Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен қаланың 11 комьюнити-орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда жастарға психологиялық және заңгерлік көмек, жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар және кәсіпкерлік бойынша кеңес беру қызметтері тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, олар бастамасы мен жобасын дамыту үшін коворкинг-аймақтарын пайдалана алады.  Осы кезең ішінде 16 мыңнан астам жас, атап айтсақ, шамамен 10 мыңы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, 6 мыңы психологиялық және құқықтық қолдау бағытында кеңес алған. Жыл соңына дейін тағы бес…

Толық оқу