Ақтөбе облысының соты ашынасына қол жұмсағаны үшін айыпталған Қандыағаш қаласының әкімі Қазыбек Аққайырға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Алайда айыппұл көлемі азайтылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Сот шешімімен шенеунік бастапқыда 314 мың теңге көлемінде штрап төлеуге міндеттелген. Аққайыр сот шешімімен келіспей, әпелляцияға жүгінгенімен, 27 қарашадағы отырыста үкім сол күйінде қалды. Енді заңға сәйкес («Мем.қызмет туралы» заңның 61-бабы) сот шешімі күшіне енген соң ол қала әкімі қызметінен босатылады. «Шешім заңды күшіне енгенше шенді жұмысын жалғастыра береді», – деп мәлім етті Мұғалжар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, әкімге қарсы іс «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабымен қозғалған. Сот процесі кезінде үйлі-баранды, ақарлы-шақарлы әкім…
Author: Асылхан Бөрібай
Елімізде жол-көлік оқиғасының жиілеуіне байланысты Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде апатты азайту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жиында жолдағы жағдай күн өткен сайын күрделеніп бара жатқаны айтылды. Әсіресе, апатқа себеп болғандардың көбі бұрын да жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушілер екені белгілі болды. Кейбірінің бір жыл ішінде ондаған құқық бұзушылық жасағаны анықталған. «Жол-көлік оқиғасының 81 пайызын бұрын бірнеше рет жауапқа тартылған жүргізушілер жасайды. Ережені бұзушылардың заңға бағынбауы тұрақты сипат алған», – деп атап өтті жиынға қатысушылар. Осыған байланысты кеңесте жол ережесін бұзғандарға қатысты цифрлық бақылау арқылы балдық жүйені енгізу ұсынылды. Белгілі бір межеге жеткен жүргізуші автоматты түрде…
Түркістан облысында жұмыссыз ретінде тіркелмек болған азаматтың құқығы қорғалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту. Осы бағытта тұрақты түрде бақылау мен түсіндіру шаралары жүргізіліп келеді. Дегенмен, кейбір мемлекеттік органдар тарапынан азаматтардың құқықтарын бұзатын жекелеген фактілер әлі де кездесуде. Мысалы, биыл қараша айында Департаментке Сарыағаш қаласының тұрғынынан жұмыссыз ретінде тіркелуге қатысты шағым түскен. Азамат «enbek.kz» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуге өтінім жібергенімен, аудандық Мансап орталығы оны заңсыз есептен шығарып тастаған. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 09.06.2023 ж. №214 бұйрығымен бекітілген…
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 250-ге жуық өтініш келіп түскен. Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын. Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді. Мәселен, Департаментке Түркістан қаласының тұрғынының «Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік қызметін ұсынбауға қатысты арызы келіп түскен. Аталған…
Алматыда үйлеріне қауіпсіз әрі сенімді газ тарту жұмыстары қолға алынған. Жобаға аудан әкімдіктері, прокуратура, «Халық Банкі» АҚ және «Халық» қайырымдылық қоры бірлесіп атсалысып отыр. Яғни газдандыру кезең-кезеңмен жүргізіледі, соңында үй иесі пайдалануға дайын жүйені қабылдайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бағдарламаның басты шарты түсінікті. Әлеуметтік осал тұрғындар қосылу үшін шығынданбайды. Қажетті жабдық, материалдар және жұмысқа керек дүниені қор қамтамасыз етеді. Ал кімдерге көмек беріледі деген тізімді жергілікті атқарушы орган анықтайды. Тізімге төлем жасауға мүмкіндігі жоқ, жағдайы ауыр отбасылар енгізіледі. Бұл тәсілдің мәні біреу: көмек нақты мұқтаж адамға жетуі керек. Қазірдің өзінде 50 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Оның 42-сі көгілдір отынға қосылып үлгерген.…
2025 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 944,2 млрд теңгеге жетіп, 12,3%-ға артты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өңдеу өнеркәсібі 13,7%-ға өсіп, жалпы өнеркәсіптік шығарылымның 84,5%-дан астамын қамтамасыз етті. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады. Әсіресе, машина жасау, минералдық өнім, сусын, қағаз бұйымдары, химиялық және фармацевтикалық өнім, сондай-ақ тоқыма, киім және ағаштан жасалған бұйым өндірісінде жоғары өсім байқалады. Сектордағы өсім қаланың ірі және орта өнеркәсіптік алаңдарындағы өнім өндіру көлемінің артуымен қамтамасыз етілді. Бұған дилерлер, құрылыс компаниялары және сауда желілері тарапынан тапсырыстың көбеюі де ықпал етті. Жыл басынан бері индустриялық аймақта және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық…
«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС Алматының Индустриялық аймағында жаңа шағын өнеркәсіп паркін салу үшін несие желісін ашты. Бұл туралы «Алматы» ӘКК-нің өкілдері хабарлады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жоба «Almaty Business – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Несиелік желінің жылдық сомасы 6 пайыздық мөлшерлемемен 500 млн теңге. Жобаны «Капстройгрупп-Т» ЖШС жүзеге асырады. Компанияның жеке инвестиция көлемі 700 млн теңге. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңге. Жаңа шағын өнеркәсіп паркі ауданы 1 гектар болатын жер телімінде салынады. Жоба аясында жалпы ауданы 8 927 шаршы метр болатын үш өндірістік және бір әкімшілік ғимарат бой көтереді, оның 7 588 шаршы метрі жалға беріледі.…
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдап, өңірдегі жағдайды талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде әкім соңғы үш жылдағы экономикалық көрсеткіштерге тоқталды. Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе өсіп, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге жеткен. Биылғы қаңтар-қазан айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 пайыз болып отыр. Марат Сұлтанғазиев шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асып жатқан жобалар туралы да мәлімет берді. Тағам өнеркәсібі, логистика және металлургия салаларында жалпы құны 470 миллиард теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Өңдеу өнеркәсібі бойынша биылғы тоғыз айда экспорт көлемі 28,5 пайызға көбейіп, 618,5 миллион долларға жеткен.…
Елордадағы Эко-хабта қаладағы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу және оларды іске асыру бойынша мониторингке арналған бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іс-шаралар төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең аясында белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған воркшоп ұйымдастырылды. Спикерлер қоғамдық ұйымдардың өз бастамаларын күшейту үшін мемлекетпен және қоғаммен қалай өзара әрекеттесу керектігін түсіндірді. ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері ортақ мәселелерді талқылап, даму нүктелерін айқындады. Екінші кезең практикалық бөлім болды және нақты кейстерге арналды. Қатысушылар әлеуметтік жобалардың мысалдарын талдап, олардың кеңеюіне кедергі келтіретін факторларды атап өтті. Сонымен қатар өз идеяларын ұсынды. Одан кейін Тұрақты даму мақсаттары контекстінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған…
Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев өзінің Фейсбуктағы жазбасында Украина мен Ресей арасындағы соғыста энергетикалық инфрақұрылымға соққы беру әскери тактиканың бір бөлігіне айналғанын жазды. «ХХ ғасырдағы соғыстардың көбінде осылай болды. Қазір де үрдіс өзгерген жоқ. Алғаш болып азаматтық нысандарға, соның ішінде энергетика саласына соққы жасаған Ресей болды, кейін Украина Ресейдің осал тұсын іздеді. Сол осал тұс ретінде Ресейдің мұнай-газ инфрақұрылымы таңдалды, себебі ол әскери бюджеттің негізгі қорек көзіне аналғанын білеміз» депті Досым Сәтбаев. Досым Сәтбаевтың айтуынша, кез келген соғыста тараптар бір-бірінің қорғанысындағы әлсіз жерді іздейді, соған соққы жасайды. Алдағы уақытта зымыран мен дрон арқылы өзара шабуылдар күшейе беретіні сөзсіз. Себебі бұл тек…








