Author: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

зейнетақы жинағы есебінен

«Отбасы банк» 4 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағы есебінен офтальмологиялық қызметке төлем жасау үшін өтінім қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Ertenmedia. Банк шешімді Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес қабылдаған. Бұған дейін тіс емдеу қызметіне де осындай шектеу қойылған еді. Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мерзімге дейін түскен өтінімдер әдеттегі тәртіппен қаралады. Қазіргі уақытта офтальмология бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрайтын 15 808 өтінім қаралу үстінде. Қыркүйек айында стоматология қызметтерін зейнетақы есебінен төлеуге тыйым салынған соң көз емдеу қызметіне сұраныс күрт артқан. Қыркүйекке дейін офтальмологиялық қызмет бойынша айына шамамен 170 өтініш мақұлданса, кейін осы көрсеткіш бірден 1264-ке жеткен. «Отбасы банкі» қызметкерлері кейбір…

Read More

Қазақстан мен Еуроодақ визалық рәсімді жеңілдету және реадмиссия туралы келісім жасау бойынша алғашқы ресми келіссөзді бастады, деп хабарлайды Ertenmedia. Тараптар бастаманы желтоқсанда 10 жыл толатын кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің лайықты жалғасы ретінде бағалады. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Еурокомиссияның Миграция және ішкі істер жөніндегі бас директораты бас директорының орынбасары Йоханнес Луқнер төрағалық етті. Алғашқы кездесу сындарлы әрі іскерлік сипатта өтті. Сыртқы істер министрлігі процестің тарихи мәні зор екенін ерекше атап өтті. Себебі бұған дейін Еуроодақ Түркістанның ешбір елімен визалық келісім бойынша ресми келіссөз жүргізбеген. «Кездесу барысында тараптар ұстанымын ортаға салып, бастапқы бағдарларды айқындап, алдағы атқарылар…

Read More
балалар

Жетісуда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жаңа жоба қолға алынды. Тәртіп сақшыларының бұл бастамасын облыстық білім басқармасы мен ата-аналар бірлесіп қолдап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Пилоттық жоба ретінде Текелі қаласында екінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары, яғни 2,5 мың оқушы жарық шығылыстырғыш күртешемен қамтылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, көріну элементтері бар жарық шығылыстырғыш күртешелер мен киімдер көлік жүргізушілердің әсіресе көру мүмкіндігі нашар жауынды, тұманды күндері немесе қараңғы түскен мезгілде балаларды алыстан байқауына мүмкіндік береді. Сондықтан полиция қызметкерлері бұл жобаны қолдау туралы ұсынысын мектеп оқушыларының ата-аналарына жеткізген болатын. Облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері өңір мектептерінде 1900-дей іс-шара…

Read More

Журналист Михаил Козачков Алматы қаласындағы №10 қалалық емхананың бұрынғы директоры төңірегіндегі істі Фейсбукте тарқатып жазды. Оның айтуынша, «Қалалық поликлиника №10» мекемесінің басшысы болған Гүлнар Қалибекова екі жекеменшік лабораториямен келісіп, мемлекет есебінен жасалмаған талдаулар үшін ақша төлеткізген. Схема қарапайым болған. Жүйеде бар сияқты боп көрінетін, бірақ шын мәнінде пациентке жасалмаған, деп жазады Ertenmedia.kz. Козачков келтірген дерекке сүйенсек, Қалибекова өткен жылдың көктемінде директор болып тағайындалған. 2025 жылдың басында емхана «АкваЛаб» ЖШС және «OpenHealthcare Kazakhstan» ЖШС компанияларымен диагностикалық және лабораториялық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасайды. Бұл қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында бюджет есебінен төленуі тиіс. Яғни, пациентке…

Read More
Марат Сұлтанғазиев

Қонаев қалалық Мәдениет үйінде Алматы облысының жастарына арналған «Есірткісіз өмір – мықтылардың таңдауы» форумы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру, деп жазады Ertenmedia.kz. Форум жұмысына Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев, облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Жұмкенұлы Әбікеев, спортшылар, қоғам белсенділері, жастар және танымал блогерлер қатысты. Модератор қызметін актер, блогер Марселен Камате атқарды. Өз сөзінде облыс әкімі жастардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыру қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі…

Read More
сынып Түркістан облысы

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс алатын жалпы 157 жекеменшік мектеп бар. Аталған білім беру ұйымдары 2024-2025 оқу жылының соңына дейін «Қаржы орталығы» АҚ тарапынан қаржыландырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Жекеменшік мектептерге жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде оқушыларды есепке алу мен қаржыландыру бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Ұлттық білім беру дерекқорында мемлекет есебінен қаржыландырылатын оқу орнында тіркелген балалардың іс жүзінде басқа мектепте оқитыны белгілі болды. Түйіткілді мәселелерді шешу мақсатында елімізде жекеменшік мектептерді қаржыландыру бойынша жаңа пилоттық жоба іске қосылды. Енді төлемдер ҚР Қаржы министрлігінің «e-Qazyna» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Өңірдегі 157 жекеменшік мектеп ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ-ның «e-Qazyna» порталында тиісті құжаттарын жүктеп,…

Read More

Қазақстандық таеквондо шебері Бейбарыс Қаблан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Жарыс Кенияда өтіп жатыр. Финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнмен кездесіп, таза жеңіске жетті. Таеквондоның отаны саналатын Корея өкілін ұту оңай емес екенін спортпен шұғылданатындар жақсы біледі. Сондықтан бұл нәтиженің салмағы бөлек. Ресми мәліметке қарағанда, Бейбарыс Қазақстан үшін осы жас санатында таеквондо (WT) бағытында тарихтағы алғашқы алтын жүлдені алып отыр. Яғни U21 деңгейінде әлем чемпионы болып тұрған қазақстандық таеквондошы бұған дейін болмаған. Спортшы аса ауыр салмақ дәрежесінде, 87 келіден жоғары санатта күресті. Бұл категорияда бәсеке әдетте қатты, қарсыластардың дене күші мен тәжірибесі жоғары болады. Финалға…

Read More
Экс-депутат Гаухар Танашева

Экс-депутат Гаухар Танашева Мәжілістен шеттеуіне билікті ашық сынауы себеп болғанын мәлімдеп, Парламент ішіндегі цензураның жай-жапсарын жария етті, деп жазады Ertenmedia. Azattyq арнасына берген сұхбатында Танашева Мәжілістегі соңғы күндерінің қысым мен қудалауға толы болғанын жайып салды. Оның сөзінше, мандатынан айырылуына Үкімет пен халық арасындағы байланыстың жоқтығын өткір сынаған сауалы түрткі болған. Танашеваның айтуынша, қарапайым халықтың тұрмысын көтеріп, қоғамның шынайы мәселесін айтуға тырысқанымен партия басшылығы оның соңғы депутаттық сауалын мінберден оқуға мүлде рұқсат бермеген. «Соңғы депутаттық сауалым Халық партиясының басшылығына ұнамады. Сауалдың мәтіні алдын ала вице-спикер Әлберт Рауға жолданыпты. Ол маған төтесінен: “Айналайын, мына сауалды оқымайсың” деген шарт қойды. Бірақ мен ешкімнің…

Read More
«Севоран» препаратына қатысты

Денсаусамин Ақмарал Әлназарова Астанадағы стоматологиялық клиникада үш жасар қыздың қайғылы өлімінен кейін қоғамның күдігін тудырған «Севоран» препаратына қатысты ұстанымын жеткізді, деп жазады Ertenmedia. Министрдің айтуынша, балалар және ересектер стоматологиясында «Севоран» препараты әлі күнге дейін кеңінен қолданылады және оған тыйым салуға әзірге негіз жоқ. «Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, баланың өлімі мен “Севоран” препараты арасында тікелей байланыс анықталған жоқ. Бүгінге дейін осы препараттар тобына қатысты медицина мекемелерінен жағымсыз әсер туралы ресми шағым түскен емес. Біз тек ресми тіркелген, түпнұсқа препараттарды ғана пайдаланамыз. Егер тергеу барысында препарат пен қайғылы оқиға арасында қандай да бір байланыс анықталса, тиісті шешім қабылдаймыз», – деді Ақмарал Әлназарова.…

Read More

Шымкентте медицина саласындағы баға саясатын реттеуге қатысты маңызды қадам жасалды. Қала әкімдігі жетекші медициналық және фармацевтикалық ұйымдармен бірқатар меморандумға қол қойды. Негізгі мақсат ақылы медициналық қызметтердің, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың бағасын негізсіз өсірмеу, инфляциялық қысымды азайту және емделуді халыққа қолжетімді ұстау, деп жазады Ertenmedia.kz. Келісімдерге «Лечебный центр №14» ЖШС, «Медициналық орталық “Ай-Нуры”» ЖШС, «КАМЕЯ Pharm Group» ЖШС, «Otau Med» ЖШС, «Медициналық орталық “Атамекен”» ЖШС, «ЗЕРДЕ-ФАРМА» ЖШС, «МУРАТ-ФАРМ» ЖШС және «ЗЕРДЕ» ғылыми-өндірістік бірлестігі секілді ұйымдар қосылды. Бұл компаниялар қаладағы негізгі жеке клиникалар мен дәріхана желілерінің бір бөлігі саналады. Меморандум аясында олар бағаны тұрақтандыруға, ашық есеп беруге және қызмет сапасын сақтауға міндеттеліп…

Read More