Автор: Асылхан Бөрібай

13 желтоқсанда Алматы қаласында қазақ қаламгерлерінің қара шаңырағы Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Одақтың мерейтойы – жазушылар үшін ғана емес, барша көзі қарақты қауым үшін тарихи мәні зор оқиға. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Еуразия Жазушылар одағының президенті Уфук Тузманқатысты. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Одақтың 90 жылдығына орай жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысының хатында «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі. Бұл ұйым қаламгерлеріміздің кәсіби қауымдастығы ретінде төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді өркендетуге және оны әлемге танытуға зор ықпал етеді. Сөз өнерінің қарашаңырағын ұлттық бірегейлігіміздің берік тұғыры деуге…

Толық оқу

Активтерді қайтару жөніндегі комитет Құлыбаевтың ізіне түскені қаншалық рас? — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Tengrinews.kz мәліметінше, бұған дейін БАҚ Құлыбаевтың атына Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті талап арыз қойғанын хабарлады. Соттың баспасөз қызметінен осы мәліметтің рас-өтірігі сұралған. Алайда Алматы соты сот жабық режимде өтіп жатқанын хабарлаған. «Азаматтық іс жүргізу кодексінің 19-бабына сәйкес жабық режимде қаралатын істер бойынша сот ақпарат бермейді», — деп жазылған Алматы қалалық сотының Tengrinews.kz-ке жауабында. Tengrinews.kz Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитетіне де жүгінген. Ведомство өкілдері комитет «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде әрекет ететінін және тиісті комиссияның шешімдерін басшылыққа алатынын мәлімдеді. «Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган…

Толық оқу
Шарзат Болат

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу қашан аяқталатыны белгілі болды. Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Прокуратура мәліметінше, Шерзат Болаттың өліміне қатысты соталды тергеу аяқталу сатысында тұр, тергеу жүргізілген, барлық күдікті ұсталған. «Қазір сараптама нәтижелері шыққанын күтіп отырмыз, содан кейін процеске қатысушыларға танысу үшін беріледі. Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеуге және Нұрғанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында. Жұртшылықты жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», — деп жазылған Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында. Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы…

Толық оқу
«Biz Birgemiz Qazaqstan» қоры және Перизат Қайрат

Перизат Қайраттың тағы біраз мүлкі тәркіленді. Бұл жолы тек пәтер, көлік емес, сөмкелер мен құны миллион теңгеден басталатын қымбат әшекей бұйымдар да бар деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қоғамдық қайырымдылық қордың тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу әлі жүріп жатыр. Қаржылық мониторингі агенттігі мәліметінше, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдікке ілініп отыр. «Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты…

Толық оқу

Перизат Қайраттың бірнеше миллиондық мүліктері бұғатталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қоғамдық қайырымдылық қордың тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу әлі жүріп жатыр. Қаржылық мониторингі агенттігі мәліметінше, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдікке ілініп отыр. «Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ, «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері бұғатталды. Перизат Қайраттың тұрғылықты…

Толық оқу

Қазақстан бюджет тапшылығын жою үшін Азия Даму банкінен тағы да қарыз алады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сенат Азия Даму Банкімен қарыз келісімін ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады. Бұл келісім Қазақстан Республикасына республикалық бюджеттің тапшылығын жабу және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарыз алуға мүмкіндік береді. Келісім бойынша қарыз 2038 жылдың 1 желтоқсанына дейін өтелуі тиіс, оның ішінде 2027 жылдың 1 маусымына дейін жеңілдікті кезең қарастырылған. Қарыздың негізгі борышын және қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызын өтеу Келісімге қоса берілген кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады. «Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасына 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 2038 жылғы 1 желтоқсанға…

Толық оқу
пара алу

Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шымкенттік судьяға және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады. «Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр», — деп жазылған хабарламада. Бас прокуратура 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады. Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге ақпаратты жарияламады.

Толық оқу

Экономикалық сарапшы Ғалымжан Айтқазин бұл жолы теңгенің құнсызданатындай жөні жоқ еді деп санайды. «Егер, Ұлттық банк «теңге ресейлік рубль бағамына тәуелді емес» дегені рас болса», — дейді. Алайда,оның айтуынша, валюта нарығындағы жағдай басқаны көрсетіп отыр, деп жазады ErtenMedia.kz. «Құнсызданып жатқан Ресей рублін есепке алмағанда, маңызды іргелі факторлардың жоқтығына қарамастан біздің ұлттық валютамыз қайтадан «құлдырай» жөнелді. Жақында Ресей орталық банкі атап өткендей, қаржы секторына салынған жаңа санкциялар экспорттан түсетін түсім мерзімдеріне елеулі әсер етіп, бұл валюта нарығындағы жағдайды құбылтып, бағамның әлсіреуіне әкеліп соқты. Ресейлік реттеуші органның пікірінше, бұған жекелеген қаржылық емес компаниялардың банктер алдындағы уақытша міндеттемесін өтеу үшін шетел валютасын сатып…

Толық оқу
Шерзат Талғар оқиғасы

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев Талғардағы трагедия туралы өткір пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, осы оқиға Қазақстан билігінің бүгінгі шынайы келбетін, қоғамдағы әділетсіздіктің салдары қандай болатынын анық көрсетті. «Талғар трагедиясы бүгінгі Қазақстан қоғамының шын бет-бейнесін ашатын оқиға. Мұнда ақиқат емес, күш пен биліктің үстем екені көрініп тұр. Әділдік орнайды деген сенімнен айырылған қоғамда азаматтардың билік өкілдеріне деген күмәні күшейді. Жемқорлық мемлекеттік басқарудың әр деңгейіне тереңдеп еніп, билік қылмыстық санамен астасып кетті. Бүгінде шенеуніктер «паханға», ал «пахандар» шенеуніктердің серігіне айналды», – деді саясаттанушы. Қателігін қайталай беретін жүйе Досым Сәтпаев мұндай қайғылы жағдайлар соңғы отыз жылда талай рет қайталанғанын, тек көпшілігі…

Толық оқу
Шерзат Болаттың қабірі

Белгілі саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт Талғарда Қаржаубай Нұрымовтың отбасында болған қайғылы оқиғалар тізбегі авторитар биліктің бойында “пост-Қаңтар синдромының” күшейе түскенін көрсетеді деп баға берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл жайында ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Айтуынша, Ақорда мен күштік құрылымдар халықтың наразылығынан қорқып, азаматтарды бақылауда ұстау үшін барын салуда. “Ақорда мен күштік құрылымдар “халық көтеріліп кетпесе болды” деген үреймен азаматтарды, тіпті әділет іздеп шырылдаған Қаржаубай Нұрымов секілді жәбірленушілерді де алдап-арбауға, үркітуге, айыппұл салуға, қамауға дайын екенін анық көрсетті”, — дейді ол. Оның сөзінше, Әділетті Қазақстан халық өз мемлекетіне сенген жағдайда ғана орнайды.  “Талғардағы трагедияны “Ескі Қазақстанның Тоқаевқа жасаған саботажы” дейтін конспирологтар шықса, еш…

Толық оқу