Шерзаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «10 желтоқсанда азамат Қ. Нұрымов бұзақылық және көліктің қозғалысына кедергі жасау фактісі бойынша ұсталды. Ол қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне қарсы дөрекі сөз сөйледі, оларды пышақпен қорқытты, сонымен қатар басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтірді, атап айтқанда, көлікті пышақпен сырып, дөңгелекті тесіп тастады. Іс-әрекетке тоқтамай, айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзды. Бұзақылық фактісі бойынша сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды тағайындады», — деп жазылған Алматы облысы ПД хабарламасында. Сонымен қатар, полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеген. «10 желтоқсанда…
Автор: Асылхан Бөрібай
Елдос Қоспаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерінен тәркіленген мүліктің видеосы жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Кадрлардан Алматыдағы «Никольский» базарды, Алматы облысындағы фазенда аумағындағы үй және көптеген қымбат көлікті көруге болады. Агенттік мәліметінше, ұзақ жыл бойы Қоспаевтың қылмыстық тобының мүшелері 133 жылжымайтын мүлік, 11 жер учаскесі, премиум санаттағы 35 көлік және 9 миллион доллар қолма-қол ақшаны заңсыз иеленген. «Алматы облысында Қоспаев ешқандай құжатсыз бассейні мен жаттығу залы бар сәнді фазенда тұрғызған. Онда асыл тұқымды жылқылар өсірген, жабайы жануарлардан хайуанаттар бағын ұстаған: арыстандар, аюлар және басқалары болған», — деді агенттік өкілдері. Тергеу мәліметтері бойынша ҰҚТ-ның әрекеттерінің нәтижесінде 9,2 миллиард теңге шығын келтірілді.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының тізімі бойынша Алматы қаласы Мәслихатының депутаттық мандаты Асқар Қуандықұлы Бискультановқа берілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы Мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Естеріңізге салсақ, «Ақ жол» партиясынан депутат Олжас Нұралдинов өзінің жеке өтініші негізінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, нәтижесінде депутаттық корпус құрамында бос орын пайда болды. Асқар Бискультанов білімін Ұлыбританияда алып, Rugby School және University College London оқу орындарын «Экономика ғылымдары» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өзінің кәсіби еңбек жолын Еуразиялық даму банкінен бастаған, онда жетекші маман және жобалық топтың менеджері қызметін атқарған. 2013 жылдан бастап құрылыс саласында жетекшілік қызметтерді атқарып келеді,…
Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында не себепті Қазақстанда доллар бағамы 530 теңгеге дейін шарықтағанын түсіндірді. 11 желтоқсан кешінде KASE мәліметі бойынша доллар бағамы 520,88 теңге деңгейінде тұрақтаған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бұл өзгеріс қандай да бір нарықтық заңдылықтың немесе сыртқы жағдайлардан туындаған жаңа тепе-теңдік бағамының нәтижесі емес. Сыртқы жағдайлар бір аптада бес пайызға өзгермейді. Негізі, өте қарапайым жағдай болды: халық рубльдің құнсызданғанын естіп, дүрлігіп кетті. Бұл – эмоцияға негізделген реакция, бірақ қалыпты құбылыс. Себебі Ресей — біздің ірі сауда серіктесіміз. Біз әлі күнге дейін Ресейден азық-түлік сатып аламыз, логистикамыз түгел сол ел арқылы құрылған. Бұл…
Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының тәркіленген мүлкін шетелдіктерге сату әрекеті әшкереленді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы мониторингі агенттігі сот үкімімен тәркіленетін, тыйым салынған мүлікті заңсыз сату дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұған дейін агенттік «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу деректері бойынша Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тергеуді аяқтаған болатын. «Тәркілеу мақсатында құрылтайшысы Айдос Қоспаев саналатын (Елдос Қоспаевтың бауыры) «Nikolsky Investment» ЖШС-ға тиесілі Алматы қаласындағы «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке сот тыйым салған. Биыл қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату…
Үкімет қайтарылған активтердің 1,2 млрд теңгесін қайда жұмсайтыны белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден аса қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Ғимарат 1981 жылы салынды, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ. «Құрылысты бастау 2025 жылғы I тоқсанға жоспарланған. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және…
Қазақстан Ұлттық Банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко «Киіз үй күмбезі» YouTube-арнасына берген ашық сұхбатында елге әсер еткен күрделі экономикалық шешімдер туралы естеліктерін бөлісті. Ол ең ірі девальвациялар, Ұлттық қордың құрылуы және Әзербайжан банкіне құйылған инвестицияларға қатысты жанжал туралы егжей-тегжейлі айтты. Толығырақ Orda.kz материалында. Қазақстан тарихындағы ең ірі девальвация Ұлттық Банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченко ел тарихындағы ең елеулі девальвациялар туралы әңгімеледі. «Ұлттық Банк 2009 жылғы ақпанда жасаған девальвация, кейде айтылып жүргендей, 50 % емес, 25% болды. Ең үлкен девальвация қашан болды? Ол 1994 жылғы ақпанда болды. Сол жолы бағам бір айда 11-ден 40 теңгеге дейін – үш жарым есе…
Halyk Bank-тің және Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченко Youtube-тегі «Купол Юрты» арнасына берген сұхбатында 2013 жылы девальвацияны қалай еңсермек болғандарын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оның айтуынша, 2013 жылы премьер-Министр Серік Ахметов Mittal Steel металлургиялық компаниясын қолдау жоспарын әзірлеген. Сол жоспардың тармақтарының бірінде девальвация жасау туралы ұсыныс болған. Ұлттық банк президентті бұл қадамнан бас тартуға көндірген. Бірақ Марченко кеткеннен кейін девальвация бәрібір болған. Ұлттық банктің басшылары Қайрат Келімбетов пен Данияр Ақышев болған кезде, яғни 2014-2015 жылдары үш девальвация болған. Доллар бағамы 2,5 есе, 150 теңгеден 380 теңгеге дейін өсті. Қажетсіз девальвация ірі экспорттаушылардың қысымымен болған. Лобби жасағандар, девальвация барлық…
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Теректі ауданы, Долин ауылында фельдшерлік акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті. Долин ауылында жобалық – сметалық құны 211 млн. 76 мың теңгені құрайтын, жалпы ауданы 341,27 кв.м, күніне 25 адамды қабылдау мүмкіндігі бар жаңа фельдшерлік акушерлік пункт ашылғалы отыр. 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсететін медициналық нысан Долин ауылы тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Долин фельдшерлік акушерлік пункті құрал жабдықтармен жабдықталған: телекардиограф, компьтерлік спирометр, сандық термометр, небулайзер, негатоскоп, стетоскопты танометр, пульсоксометр, электронды термометр, автоклав, вакцина сақтау тоңазытқышы, компьютер жиындығы сынды заманауи медициналық құралдары бар. Нысанның құрылысын жүргізген мердігер компания — «КАЗ ОКК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Шараға…
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан сөз естіді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәжіліс депутаты Руслан Берденов тиісті министрлік қандай жұмыс істеп жатқанын сұрады. Берденов прокуратура деректерін келтірді. Оның айтуынша, тек Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көппәтерлі үйдің салымшылары 6 мыңнан асады. «Үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту әлі де жалғасып жатыр. Жалпы 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы жауапкершілікке тартылған. Құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 12 адам қамауда», — деді ол. Депутат үй мәселесін шеше алмай жүрген қарапайым халықты шетелден келетін құрылыс материалдары алаңдатып отырғанын да жеткізді. «Биыл Ресей, Өзбекстаннан келетін құрылыс материалдары 50 пайызға жеткен.…









