Автор: Асылхан Бөрібай

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов “Болашақ” халықаралық стипендиясы кеңейтілетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазіргі “Болашақ” бағдарламасы аясында магистратура мен докторантура деңгейлерінде ғана білім алуға болады. «Жаңа заң жобасы бакалавриат деңгейінде де оқу мүмкіндігін беруді қарастырады. Бірақ бұл мүмкіндік тек халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда жеңіске жеткен дарынды балаларға арналған. Бұл өте қажет қадам. Өйткені, әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіске жеткен оқушыларға шетел университтеттері өз гранттарын беріп, біразі сонда қалып, осылайша біз оларды жай ғана «жоғалтып жатырмыз». Енді бұл балалар мемлекетт тарапынан үлкен қолдауға ие болып, ең үздік университеттерде Болашакпен білім алып, елімізге қайтып, Қазақстанның дамуы үшін жұмыс істейтін болады», — деді…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дарынды оқушыларды қолдау аясында ұсыныс білдірді, —  деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, Қазақстанның оқушылары әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда топ жарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жатыр. Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап Президенттің тапсырмасымен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына 5 миллион теңге шамасында үстемақы және конкурссыз университетке түсу үшін грант беріле бастады. «Бұл шынымен де үлкен қолдау болды. Алайда бұл шаралармен тек халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары қамтылған еді. Ал халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары назардан тыс қалды. Бүгінгі таңда біздің оқушылар робототехника және басқа да ғылыми жарыстардан әлем чемпионаттарында жоғары…

Толық оқу

Енді пошта жөнелтілімін PIN-код арқылы алуға болады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәжіліс пошта нарығын дамытуға бағытталған «Пошта туралы» заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Осылайша пошта жөнелтілімін жеткізу және тапсыру рәсімін оңайлату, құпиясөз (пин-код) енгізе отырып, құқықты растау арқылы сенім білдірілген өкілдерге не үшінші тұлғаларға беру қарастырылған. Поштаматтарды көппәтерлі тұрғын үйлерде орналастыру нормалары да нақтыланады. Ғимараттардың, құрылысжайлардың, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пошта операторларына поштаматтарды шарттық негізде орнату үшін алаңдар бере алады. Сонымен қатар, пошта жәшіктері арқылы қарапайым хаттарды жіберу көлемінің жыл сайынғы төмендеуін, олардың өзектілігінің жоғалуын, күтіп-ұстау шығындарын және пошта бөлімшелерінде хаттарды қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, бұл…

Толық оқу

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Корея Республикасы президенті Юн Сок Ель әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтарын сабыр сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз», — деп жазылған хабарламада. Қазақстан азаматтары төтенше жағдай кезінде жедел байланыс үшін мына нөмірлерге хабарласа алады: +8210-6572-9311. Айта кетейік, 3 желтоқсанда кешке Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель төтенше әскери жағдай жариялады. Бұл шешім оппозициялық Демократиялық партия Парламентте қысқартылған бюджет туралы заң жобасын қолдап, мемлекеттік аудитор мен бас прокурорға импичмент жариялау туралы өтініш бергеннен кейін қабылданды. Алайда Оңтүстік Кореяның Ұлттық Ассамблеясы елде әскери жағдай…

Толық оқу
пара алу

«Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден аса қаражат жымқырылған, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп, осы деректі тергеді. Тергеу барысында клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды. «Клубтың қызметкерінен 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген. 3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысын, К. және О.-ны қамауға алуға санкция берілді», — деп жазылған хабарламада. Бас прокуратура басқа мәліметтерді тергеу мүддесі үшін жария етпеді.

Толық оқу

Заңсыз активтер есебінен Шымкенттегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден аса қаражат бөлді. «Ғимарат 300 орынға есептелген. Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған. Жатақхана заманауи талаптарға сай болады», — деп жазылған Үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында. Бүгінде «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимарат 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған. Қазір орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын…

Толық оқу

Алматы әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көшелер мен аулаларды күтіп ұстау бойынша кешенді тәсіл әзірленіп, қолданылатын алғашқы қала болды. Сонымен, мердігерлік ұйымдармен үш жылдық шарттар жасалады. Енді компаниялар өз бизнесінің ұзақ мерзімді дамуын тыныш жоспарлай алады және мамандандырылған жабдықтар сатып алуға және паркін жаңартуға қаражат сала алады. Бұл ретте, жыл сайын бөлінетін сома үш жылдық келісімшарт аясында индекстеледі. Сонымен қатар, аудан әкімдері тендерге қатысуға ниет білдірушілер болмаған кезде конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде қиналмайды. Сонымен қатар, «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметі оңтайландырылды, оның қызметі магистральдық және қалалық маңызы бар көшелерді тазалауға шоғырланған. 2025 жылы «Алматы Тазалық» күшімен жұмыстарды орындау алаңының…

Толық оқу

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында күздің соңғы күні және тазалық апталығында Алматыда жалпы қалалық кеңістікті жинау бойынша экологиялық акциялар өтуде. Бостандық ауданында 250-ге жуық адам, оның ішінде Олимпиада жүлдегерлері, эстрада жұлдыздары, белсенді жастар Шагабутдинов-Сәтбаев қиылысындағы учаскені ретке келтірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бостандық ауданының әкімі Санжар Алиннің айтуынша, бүгінде ауданда аулаларды санитарлық тазалаумен айналысатын 5 мердігер ұйым жұмыс істейді. «Алматы Тазалық» МКК қызметкерлері жол инфрақұрылымын тазалап жатыр. – Бізде тазалау жұмыстарын бақылау үшін 670 аула бар, біз МИБ және ПИК төрағаларымен тұрақты байланыстамыз. Егер мердігерлік ұйымдар өз міндеттемелерін орындамаса, біз мессенджерлер арқылы сигнал аламыз…

Толық оқу

АҚШ-тың Ресейге салған соңғы санкциясының салдары Қазақстанға да әсер етіп, қор биржасы апай-топай болды. Биржада шетел валютасына деген сұраныс әлі күнге басылмай жатыр. Соған байланысты Ұлттық банк пен Үкімет мүшелері де баспасөз мәслихатына кезек-кезек шығып, мінберден түсе алай қалған жайы бар. Қолдан келмей жатқан шаруаны (құлдыраған теңгені ауыздықтау) былай ысырып қойып, бұл екі тарап бір-бірінің мінін теруге де көше бастады. Өйткені олар бұл мәселе шешілмесе, біреуінің отставкаға кетіп тыну қаупі барын жақсы біледі, — деп жазады ErtenMedia.kz. «Жығылғанға жұдырық» демекші, алыстан тағы бір жағымсыз хабардың құлағы қылтиды. Яғни, АҚШ әкімшілігі қаңтар айының соңына дейін Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуге ниетті.…

Толық оқу

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жыл қарсаңында ақша жинауға бола ма деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бұған дейін айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Жаңа жыл және басқа да іс-шараларға байланысты үнемі айтып отырамын. Бұған министрліктің бұйрығымен де тыйым салынады, сондықтан мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл — Жаңа жылдық шараларға да, шыршаларға да қатысты талап. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады», — деді Бейсембаев Үкіметтегі брифингте. Министр кез келген іс-шара тек көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін айтты.

Толық оқу