Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешім шығарған: «Азамат С.Нұрымоваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтығы жоқ адам ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) Б.Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарылған. Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін азамат…
Автор: Асылхан Бөрібай
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты сараптама қорытындысы шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ. Сарапшылармен анықталған дене жарақаттары, мысалы, странгуляциялық және мойынның абразиялары асылған жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті. Барлық белгілер суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән. Мастоидтық процестің және желке мен құлақ аймағындағы абразияға ұқсас іздер үйкеліс пен пайда болуы мүмкін. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын тексеруді жалғастыруда. Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз…
Талғарда жерлеу рәсімі кезінде тосын жағдай болған. Полиция мән-жайды түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бүгін сағат 15: 30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға болды. Азамат Н. прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елемей, өзін өте агрессивті ұстай бастады, суицид жасаймын деп қорқытты, сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н.-ның жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтінішімен оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады. Азамат Н. ұсталды. Қазір ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істейді»,…
Жуырда көз жұмған жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуді талап етіп отыр, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Оның бір ғана талабы бар – құқық қорғау органдары ұлы мен бауырының өліміне қатысты жағдайды адал тергесе болды», – деді KazTAG редакциясына қоғам қайраткері Дінмұхамед Қаматай. Қоғам белсенділерінің айтуынша, Нұрымов қазір жүк көлігінің төбесіне шығып, журналистермен кездесуді күтіп тұр. Оның айтуынша, оқиға орнында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Азат ауылында, көптеген күштік құрылым өкілдері, сондай-ақ марқұм жасөспірім мен оның ағасының туыстары, сонымен қатар басқа да азаматтар жиналған. Еске салайық, 9 желтоқсанда Алматы облысында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылған еді.…
Депутат, саясаткер Ермұрат Бапи орыс тілін қолдау жөніндегі халықаралық қор құруға неліктен Қазақстан бастамашы болғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ең бірінші сауал бұл қорға бөлінетін ақшаға кеп тірелді. «43 миллион теңге деген 100 мың долларға жетпейтін дүние. Бұл Қазақстанның жағдайында көп ақша емес. Әшейін ырым ретінде аюды алдап-сулаудың, алдарқатудың амалы ғой. Екіншіден, орыс тілін қолдау қоры деген Қазақстанда қолдау емес, ол — халықаралық ұйым. Орталығы Сочи қаласында болады. Евразиялық одаққа кіретін елдердің арасында құрылады. Қазақстан мұрындық болған себебі — Президент Тоқаевтың былтырғы Бішкектегі бастамасы. «Жындының бір аяғы сегіз, бір аяғы тоғыз» деген қазақта сөз бар ғой. Жындының кім екенін біліп…
Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек заңсыз берілген жерлер туралы айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың сөзінше, Алматының тауларына дейін жекеменшікке өтіп кеткен. «2018 жылдан бастап Бауыржан Байбектің, Бақытжан Сағынтаевтың, Болат Назарбаевтың, Дариға Назарбаеваның, Нұрсұлтан Назарбаевтың маңындағы барлық шенеуніктің заңсыз берілген жерлерін әшкереледім. Парламентке дейін тексерістерді аштым. Ол кезде өкілеттілік, депутаттық мандат жоқ. «Жер аманаты» республикалық комиссиясы да жоқ. Жер саласындағы сарапшы заңгер ретінде тексердім. Себебі бұл менің елім. Бұл елде менің балам өмір сүреді. Ол жемқор шенеуніктер ұқсап чемоданына ақшаны жинап-жинап тайып тұрмайды. Бұл мемлекетті көтереді. Сөйтіп тәуекелге бел буған адаммын», — деді ол Abay Live-қа берген сұхбатында. Бақытжан Базарбек…
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жолда намаз оқуға тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі намаз оқу үшін жолды жауып, басқа адамдарға зиян келтірудің жөнсіз әрекет екенін ескертті. “Намаз оқу үшін жолды жауып, басқа адамдарға зиян келтіруге болмайды. Сол себепті сіздерді намазға ертерек келуге, арнайы белгіленген орындарда отыруға, жолдарды жаппауға, көліктерді рұқсат етілген жерлерге қоюға және тәртіп пен талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз”, – делінген басқарма хабарламасында. 6 желтоқсанда Алматыдағы Орталық мешітке жұма намазына алғаш рет келген кейбір жамағат мешіттің ауласына сыймай қалған. Намаз басталмас бұрын мешіт қызметкерлері жамағатты мешіт ауласына орналастырған. Алайда жұма намазы басталғаннан кейін…
Олжас Бектенов баспана кезегінде тұрғын үйге шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкімет отырысында премьер-министр баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін өзектендіру мәселесіне назар аударды. «Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Бектеновтің сөзінше, құрылыс сапасына ерекше назар аудару керек. «Соңғы жылдары ереже талаптарының бұзылуына және құрылыс нысандарының уақтылы іске қосылмауына қатысты шағымдар саны көбейіп барады. Бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Жаңа Құрылыс кодексінің жобасында құрылыс сапасына бақылауды күшейту, саланы цифрландыру,…
Бұған дейін Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Дәуренбек Қожабаев ұсталды. Оған іздеу жарияланған болатын, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. Антикор Шымкенттегі орта мектептердің бірінің директорын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін пара алды деген күдікпен Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. БАҚ мәліметінше, ол — Антикор бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі. 2023 жылғы қарашада Мақсат Қожабаев алаяқтық жасағаны үшін сотталып, бес жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. «Дәуренбек Қожабаевқа тергеуден жасырынуына байланысты халықаралық іздеу жарияланды. 30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ол ұсталып,…
Соңғы жылдары Қазақстанда Омбудсменнің қолдауына жүгінген азаматтардың саны айтарлықтай өсті. 2023 жылы 2500-ге жуық жеке қабылдау жүргізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда бес есе көп. 2024 жылдың 11 айында қабылдаулар саны 2723-ке жетті, осы кезеңдегі өтініштердің жалпы саны 6209 болды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% артық. Азаматтар жүгінетін негізгі мәселелерге сотқа дейінгі тергеу органдарының әрекеттері/әрекетсіздігі, сот шешімдерімен келіспеушілік және сотталғандардың құқықтарының бұзылуы жатады. 2013 жылдан бастап Қазақстанда азаматтық қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді ынтымақтастықты көздейтін «Омбудсмен+» моделі бойынша жұмыс істейтін Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) жұмыс істейді. Бүгінгі күні ҰАТ 3,5 мыңнан астам мекемені қамтиды, оған 20 аймақтық…








