Қазақстан азаптауларға мүлдем төзбеушілік танытып отыр. Мұндай қылмыстар үшін жазалар қатайды, Ыстамбұл хаттамасына негізделген тергеу әдістемесі енгізілді, бейнежазбалары бар ашық жауап алу бөлмелері құрылды. Мұндай істерді тергеу тек прокуратураның құзыретіне берілді. Қазақстан жауапкершілік пен зардап шеккендерге қолдау көрсетудің жаңа шараларын енгізу арқылы зорлық-зомбылықпен белсенді күресуде. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, балаларды қорқытудан, педофилиядан және басқа да қылмыстардан қорғау күшейтілді, жетім балаларға арналған жаңа тәлімгерлік мекемелері құрылды. Полиция мұндай қылмыстарды тіркеудің декларативті сипатынан ашу сипатына көшті. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап татуласуды тек бір рет, сот арқылы жасауға болады. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеп-тексеру сапасын қамтамасыз ету…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда адам құқықтарының халықаралық стандарттарын ұлттық заңнамаға енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Еліміз осы саладағы 70-тен астам көпжақты шарттардың толыққанды қатысушысы әрі осы құндылықтардың берік қолдаушысы болды және болып қала береді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды және Әмбебап мерзімді шолуға қатысады. ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық аясында сөз бостандығын, ұлттық азшылықтардың құқықтарын және гендерлік теңдікті қорғау бойынша бастамалар қолға алынуда. Қазақстан Еуропа Кеңесінің мүшесі болмаса да, адам құқықтарын қорғау бағдарламаларында, мысалы, Венеция комиссиясының іс-шараларына қатысу арқылы белсенді түрде ынтымақтасады. Белсенді өзара іс-қимыл ТМД-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы аясында да жүзеге асырылуда. Республика БҰҰ-ның алты…
Қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан астаналық Qazaq coffee кофеханасы қоғам сынына шыдамай, жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жақында елорда тұрғыны аталған мекемеге барып, қызметкерлердің қазақ тілінде қызмет көрсете алмайтынын байқаған. Ол өз наразылығын кофехананың 2GIS қосымшасындағы парақшасына: «Қазақ тіліндегі мәзір жоқ» деп қалдырған еді. Клиенттің шағымына кофехана әкімшілігі мемлекеттік тілді меңгеруді қызметкерлерінен талап етпейтінін айтып, мәселені ушықтырып жіберген. «Менің қызметкерлерім қазақша білуге міндетті емес. Қазақстанда еш жерде қазақ тілі толық қолданылмайды. Құжаттар да жартылай орыс тілінде жүргізіледі», – деген кофехана басшылығы бұл жауабын орысша жазған. Мекеменің әрекеті әлемжеліде қызу талқыланып, қоғам наразылығын тудырды. Qazaq coffee парақшасында бұған дейін 5…
Кеше Талғарда тағы бір қайғылы оқиға болды. Жуырда ғана көз жұмған марқұм Шерзаттың ағасы да қаза тапты. Алматы облысының Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған Шерзат Болаттың ағасының көлігінің видеосына қатысты пікір білдірді, — деп ErtenMedia.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеода автор марқұмның көлігін көрсете отырып, «Нұрболат бауырым қайтыс болды осы жерде. Жедел топ көлікті орнынан заңсыз қозғалтып, бізге ештеңе көрсетпей, алып бара жатқан жерінен тоқтатып алдық», — дейді. Алматы облыстық Полиция департаменті мән-жайды түсіндірді. «Автокөлікті марқұмның мәйіті табылған жерден алыс емес жерде 30 жастағы азаматтың туыстары анықтады. Полиция қызметкерлері хабарламаны алғаннан кейін бірден оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары заңда белгіленген тәртіппен қажет…
Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісі Нұрғанаттың өліміне қатысты істің мән-жайын айтты. Ол әлеуметтік желіде видео жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мынау — біздің Азат ауылы, Шерзаттың жатқан жері. Осы бейіттің басына түнде бір кісілер автокөлік осында деп айтқаннан кейін келдік. Мына жерде автокөлік түнде тұрады. Есігі ашық. Көлік оталып тұрған болуы керек. Есімде анық жоқ. Бауырымды іздеп жүріп не болып жатқанын нақты түсіне алмадым. Осы жермен жалғыз із жүреді де, түседі. Мына жерде жар бар. Әрі қараса жол бар. Шамамен 7-8 метр жар. Осы жардан әрі қарай түседі. Мына жерден адам түсуі мүмкін емес. Осы бағыттан түсіп, 700 метр…
Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісінің өліміне қатысты пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Басылым мәліметінше, ол інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың «өзіне қол жұмсағанына» сенбейді. «Нұрымов ұлының бейіт басында жүр екен. Айтуынша, Нұрғанат осы маңнан табылған. Нұрымовтың сөзінше, ол бейіт басы жақтан Нұрғанаттың ізін аңдып келіп құзға жеткен. Содан төмен түскен жерден таптық деді. Қаржаубай Нұрымов «інісін суицид жасауға итермеледі» деп санайды. «Нұрғанат өлетіндей бала емес еді» деді ол. Нұрымов «інісінің өліміне байланысты әділ тергеу жүруі керек» деп санайды», — деп жазылған басылым дерегінде. Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаменті Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Бұл…
Шерзат Болат әулетінің мүддесін қорғап жүрген адвокат Саида Тәуекелова Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасына қатысты тың мәліметті жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Адвокаттың айтуынша, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша, яғни адамды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс қозғалған. Саида Тәуекелованың сөзінше, Нұрқанат Ғайыпбаев тергеу барысында психологиялық тұрғыда әлсіз күйде көрінбеген. Керісінше, барлық тергеу әрекеттеріне сабырмен қатысып, өзіне артылған жауапкершілікті толық сезінген. «Шерзат ісі аясында Нұрқанатпен күн сайын бірге жүрдік. Тергеу кезіндегі жауап алуларда да, оқиға орнына барғанда да өзін сенімді ұстады. Ауыр психологиялық күйін байқамадық. Сәрсенбі күні сотқа баруымыз керек еді. Біз “жала жабу” және БАҚ-та “жалған ақпарат тарату” дерегі…
Шерзат Болаттың ағасы суицид жасағанын туыстары жоққа шығарады, деп жазады Ertenmedia.kz. 9 желтоқсанда Талғардың шетінде Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, өлім себебі суицид. Денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмады деген ақпарат берген болатын. Басылым дерегінше, Ғайыпбаевтың отбасы суицид нұсқасын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Бұл туралы оның әпкесі айтып берген. Қазіргі уақытта туыстары пікір білдіруден бас тартып, кез келген түсірілімге тыйым салған. Олардың айтуынша, марқұмның денесі мәйітханада жатыр, ал полиция өлімнің мән-жайын тергеп жатыр. «Ол ешқандай да суицид жасаған жоқ. Асылып қалды деген сөз өтірік. Оны асып кетті. Қазір Қаржаубай моргта жағдайды анықтауда. Қалғанын адвокаттар айтады»,…
Талғарда марқұм Шерзат Болаттың ағасы қаза тапты. Журналистер қаралы үйге барған, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ulysmedia мәліметінше, қаралы отбасы бүгін Нұрқанат Ғайыпбаевты соңғы сапарға шығарып салуға дайындалып жатыр. «Қаралы үйге Еңбекші қазақ ауданының әкімі келген. Ол Қаржаубай Нұрымовтың отбасына көңіл айтып, “қандай көмек керек” деп сұраған. Марқұмның туған-туыстары ешқандай көмек қажеті жоқтығын айтқан», — деп жазылған басылым дерегінде. Әкімге “отбасының үй мәселесі қалай шешіліп жатыр?” деген сұрақ қойылған. «Әкім “көктемде құрылыс басталған кезде көмектесеміз, оған дейін Қаржаубайдың отбасының құжаттарын реттей беруге, эскиздік жобасы жағынан заңнамалық көмек көрсетуге дайынбыз, ұсынысты айттық” деген. Марқұмның туған-туыстары пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартқан. Еске салайық,…
Марқұм Шерзат Болаттың ағасы қайтыс болар алдында хат жазып кеткен, деп жазады Ertenmedia.kz. Хат мәтінін Алматы облыстық Полиция департаменті жариялады «Аға, не істесем де кешір. Бұл өмір. Мен бауырым өлгенін қаламадым. Барынша тырыстым сақтап қалуға. Аллаға керек болды. Оны да алып қойды. Аға, өмір түсін, біз үшін кек алуың керек. Сен сол үшін жаралғансың. Бірақ мен істеген істі қайталама. Сенде ұл-қыз бар. Соларды ойла. Мен сені қатты жақсы көремін, кешіріп қой. …Шерзаттың жанына жерлесең болды, басқа айтарым жоқ», — деп жазылған жазбада. Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаменті Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Полиция…










