Жоғары аудиторлық палата «Самұрық-Қазына» қоры мен оған қарасты компанияларды тексеріп, 122 млрд теңгеден астам қаржының тиімсіз жұмсалғанын анықтады. Одан бөлек жүзден аса жүйелі кемшілік табылған, деп хабарлайды Ertenmedia. Былтыр қор компанияларының жалпы табысы 16,5 трлн теңгені құрап, таза пайдасы 2,4 трлн теңге болған. Оның 2,37 трлн теңгесі мемлекет бюджетіне аударылған. Алайда тексеру кезінде бірқатар маңызды жобалар толық орындалмай қалғаны анықталды. Мысалы, 2018–2021 жылдарға арналған трансформация бағдарламасы көздеген межесіне жете алмаған. «Бағдарлама аясында жоспарланған нәтиженің тек жартысы ғана орындалған. Күтілген қаржылық тиімділік 2 есе кем, небәрі 154,5 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге директорлар кеңесі жанындағы бес комитеттің үшеуі жұмыс істемейді. Ал…
Автор: Асылхан Бөрібай
Ақтауда көлік прокуроры Асылан Исанов пара алып жатқан жерінен ұсталып, екі жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Orda-ның мәліметінше, прокурор Исанов кәсіпкер Азамат Ордабаевпен бірге басқа қылмыстық іске қатысы бар Сәттіқұлова есімді азаматшадан 2,5 миллион теңге талап еткен. Ол әлгі әйелге «істі сотта шешіп, жазаңды жеңілдетіп беремін» деп уәде берген. Сәттіқұлованы прокурормен Ордабаев таныстырып, оны «сотта мықты байланысы бар беделді адам» деп сипаттаған. Прокурор Исанов мәселені шешуге 2,5 миллион теңге қажет екенін ашық айтқан. Сәттіқұлова шартқа келісіп, ақшаны жинауға уақыт сұрағанымен, бірден Антикорға тартып, прокурор мен оның серіктесін әшкерелеген. Арнайы операция барысында белгіленген күні Сәттіқұлова бір пәкет ақшаны Volkswagen Passat…
Байқоңырда «Союз МС-28» кемесін ұшыру кезінде №31 старт алаңында техникалық апат болды. Ұшу өзі штаттық режимде өтіп, зымыран орбитаға шығып, ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына сәтті түйісті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алайда әдеттегі тексеріс кезінде старт платформасының кей бөліктері зақымданғаны анықталды. Газ шығатын лотоктың ішінен ауыр металл конструкция табылған. Алғашында кей ақпарат көздері құлаған мачта туралы жазды, бірақ кейін бұл нұсқа расталмады. Болжам бойынша, зымыран қозғалтқышының газ ағыны старт платформаға жақын орналасқан қозғалатын кабинаға қызмет кересетін құрылғы зақымдаған болуы мүмкін. Құрылғы ұшыру алдында ракетаға жақын барып, жабдықты тексеруге қолданылады. Ал стартқа бірнеше минут қалғанда қауіпсіз орынға қайтып, бекітілуі тиіс. Алдын ала…
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясаттағы жаңа құжаттың мән-мағынасын түсіндіріп берді, деп жазады Ertenmedia. Қарашаның басында қабылданған, ішкі саясаттың қағидаты мен құндылықтарын бекітетін жарлық қоғам ішінде әрқилы пікір тудырған еді. «Есті саясат» деген тақырыппен жарық көрген мақаласында Қарин осы құжаттың қажеттілігі мен мақсатын тарқата түседі. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, бұған дейін ішкі саясатқа қатсты ұстанымдар әртүрлі құжатта шашырап, кейде бір-біріне қарама-қайшы келген. Енді алғаш рет мемлекеттің ішкі саясатының айқын әрі жүйелі тұжырымдамасы қабылданды. Онда саясаттың мақсат-міндеті, негізгі бағыты мен құндылықтары нақты көрсетілген. «Қоғам ішінде кейбір сарапшылар құжаттан жаңа идеология күтті. Бірақ құжаттың мақсаты басынан-ақ жаңа идеологияны қалыптастыру емес-тін. Қоғамдағы плюрализм жағдайында…
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерін міндетті түрде сақтандыруға тиіс, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Тулендиевтің айтты. Бұған дейін ұйымдарға enbek.kz порталы арқылы сақтандыру шартын жасау жөнінде хабарлама жолданған болатын. – Құрметті жұмыс берушілер! Қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару барысында жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан сақтандыру – еңбек заңнамасының талабы ғана емес, сіздердің әлеуметтік жауапкершіліктеріңіздің көрсеткіші. Бұл шараны уақтылы рәсімдеу қызметкерлеріңіздің денсаулығы мен еңбек құқықтарын қорғап қана қоймай, жұмыс берушінің де заң алдындағы жауапкершілігін төмендетеді,…
Алматыда жеделсаты, қазандық және газ жабдықтарына қатысты бақылау күшейтілді. Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы қаладағы тексеріс пен профилактикалық жұмыстың барысын хабарлады. Лифт тоқтаса да, қазандық сыр берсе де, газға қатысты тәртіп бұзылса да, ең алдымен қарапайым адамдардың тынысы тарылып қалады. Сондықтан бақылау сөз жүзінде емес, нақты тексеріспен өлшенеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл қалада 46 жеделсаты, 20 эскалатор, 4 траволатор және ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 29 көтергіш тексерілген. Алматыда жалпы 14 523 жеделсаты бар. Соның ішінде 25 жылдық мерзімнен асқаны 45 ғана деп көрсетілді. Бұл көрсеткіш қала үшін салыстырмалы түрде жаман емес, бірақ мәселе тек жасы келген лифтте…
Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен (МҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банктің (ДБ), Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК), Азия даму банкінің (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ), Ислам даму банкінің (ИДБ) өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесіне Премьер-министр басшылық етті. Кеңес құрамына сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ерболат Досаев, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев енді, деп жазады Ertenmedia.kz. Отырыс жұмысын аша отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық қаржы институттарының құрылымдық реформаларды жүзеге асырудағы және экономиканың сапалы өсуіне бағытталған озық тәжірибелерді енгізудегі стратегиялық рөлін атап…
Орталық коммуникацияар қызметі алаңында ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков БАҚ өкілдеріне 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы және халық пен әлеуметтік нысандарды қажетті отымен қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жылыту маусымы тұрақты өтуде. Биылғы жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергоблокты, 63 қазанды және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 9 энергоблокта, 56 қазанда және 37 турбинада жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Оған қоса, 17 мың км электр желілері мен 420 қосалқы станцияда жөндеу жүргізілді. Барлық іс-шаралар бекітілген кестелерге сәйкес орындалуда. Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері апта…
2025 жылғы 27 қарашада Астанада цифрлық қауіпсіздік және қаржылық алаяқтыққа қарсы жаңа әдістер туралы форум өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараны ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі (ҚМА) мен Zakon.kz Ғылым және жоғары білім министрлігі және Астана әкімдігімен бірлесіп, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырды. Форум мақсаты – цифрлық гигиена, қаржылық алаяқтықтан қорғанудың заманауи әдістері мен дропперлік схемаларды халыққа түсіндіру. «Бұл форум – мемлекеттік органдармен, әсіресе ҚМА-мен бірлесіп жасалатын жүйелі ағартушылық жұмыстың жалғасы. Біз бірнеше жылдан бері құқықтық сауаттылықты арттыру, алаяқтықпен күрес бойынша қоғамға нақты ұсыныстар беріп келеміз. ҚМА құқық қорғау органдарымен бірге осы ұсыныстарды тиімді пайдаланып отыр», – деді «ЮрИнфо компаниясы» ЖШС…
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан–Америка цитоматрицаны зерттеу орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа орталықтың негізгі мақсаты жасуша ішіндегі цитоматрицаның құрылымы мен күрделі процестерін терең зерттеп, биомедициналық ғылымның дамуына үлес қосу. Орталық ғалымдары қатерлі ісік жасушаларының биологиясын зерттеп, инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асырады. Сондай-ақ, биомедицина саласында біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға мүмкіндік ашылады. Салтанатты жиынға ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев, АҚШ-тағы Хьюстон университетінің профессоры, Peri-Nuc Labs LLP компаниясының бас директоры Таттым Шайкен, «ЭКОМЕД» клиникасының ғылыми директоры, профессор Салтанат Байқошқарова, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Жұрабекова, отандық ғылыми-зерттеу институттары мен жетекші клиникалардың мамандары қатысты.…










