Автор: Асылхан Бөрібай

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады. 28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Толық оқу

LRT станцияларының негізгі темірбетон конструкциялары 100%-ға тұрғызылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Елорда әкімдігі мәліметінше, LRT станцияларының негізгі құрылыстары аяқталды. «Жұмыстар аясында монолитті қаңқалар, көтергіш арқалықтар, платформалардың темірбетонды конструкциялары, ригельдер және басқа да элементтер салынды. Бұл үшін В45 маркалы 79 971 текше метр бетон мен 9,59 мың тонна арматура қолданылды», — деп жазылған хабарламада. LRT желісі көп деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 станциядан тұрады, олар екі түрге бөлінеді: жердегі (11 станция) және жер үсті (7 станция)

Толық оқу
Депутат Ерлан Саиров

Мәжілістегі Үкімет сағатында мұнай саласының қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Отырыста Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мұнайдан байып отырған олигархтарға шүйлікті. Депутаттың айтуынша, мұнайдың эрасы бітуге таяу. Алайда ол Жаңа Қазақстан келгеннен бері мұнайдың қызығын кім көріп отыр деген сұрақ әлі күнге дейін елді мазалайтынын жеткізді. «Бір ғана мысал келтірейін. «Қаражанбасмұнай» деген компания бар. Содан қазақстандық «Каспийшиппинг» деген компания тендерді жеңіп алған. Оның орнында бұрын «Евразия» деген Қазақстанның олигархтарына тиесілі компания болған. Енді сол  қазақстандық компанияны «Қаражанбасмұнай» өзінің жұмысына кіргізбей жүр. Бұл Қазақстанда бүгін, дәл қазір болып жатыр. Мына жердегі ҚазМұнайГаздың басшысына телефон шалып, сөйлесу мүмкін емес»,…

Толық оқу
Құлыбаев Бапи

Мәжілістегі Үкімет сағатында мұнай саласының қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Отырыста Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қазақ мұнайын сатудан кімдер пайда көріп отырғанын айтты. «Елдің иесі — билік, жердің иесі — қазақ» деген тәмсіл бар. Билік бүгін келеді, классикалық вариант бойынша ертең кетуі керек. Ал қазақ пен оның жері мәңгілік қалады. Бұрынғы билік жердің үстін сатып бітірді. Жер үстіндегі басқа байлықты айтпағанда ауылдағы қазақтың азын-аулақ малын бағатын жер қалмады. Енді міне жаңа биліктің заманында жекелеген ескі олигархтар жердің астын, қазба байлықты сатуды әлі де жалғастырып жатыр деген деректер бар», — деді депутат. Ермұрат Бапи IСIJ журналистердің…

Толық оқу

Қазақстандық спортшы, спорт саласының блогері Ақтан Зайнолда Ресей астанасы Мәскеуде өткен Күштік спорт түрлері бойынша Х Әлем чемпионатында пауэрлифтингтің стритлифтинг бағыты бойынша жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ол екі дүркін әлем чемпионы атанды. Күштік спорт түрлері бойынша Х Әлем чемпионатына әлемнің 40 мемлекетінен 3600-ден астам спортшы қатысса, соның ішінде Ақтан Зайнолда 75 келі салмақта өнер көрсеткен. Ал Қазақстан атынан өнер көрсеткен Qazaq Paluany құрама командасы жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді. Айта кетейік, биыл Күштік спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты оныншы рет ұйымдастырылып, өткізілді.

Толық оқу

Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Руслан Жақсылықов қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қорғаныс министрі мына бағытта баяндама жасады:  бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижелері, сондай-ақ әскери қызметтегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндады; армияның жауынгерлік әлеуетін кезең-кезеңімен көтеру және әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылғанын айтты; мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысын жеткізіп, әскердің қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен, атап айтқанда, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен, радиоэлектрондық күрес кешендерімен жарақтандырылып жатқанын хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік…

Толық оқу

Бірнеше өңірде радикал діни идеологияны ұстанатындар анықталды. Олар теракт ұйымдастырмақ болған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті. Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан. Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген. Сондай-ақ, Алматы қаласында…

Толық оқу
Депутат Еділ Жаңбыршин

Мәжілістегі Үкімет сағатында мұнай саласының қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Энергетика министрі  Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады. Алайда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин министрдің кейбір мәлімдемелеріне күмәнмен қарады. Депутаттың айтуынша, «Қашаған», «Теңіз», «Қарашығанақ» секілді үш ірі кен орнынан басқа мұнай-газ кен орындарында жыл сайынғы шикізат өндіру көлемі төмендеп жатыр. Мысалы, соңғы бес жылда, мұнай-газ өндіру 36 млн. тоннадан, 30 млн. тоннаға дейін азайып отыр. Ал Қызылорда облысында мұнай өндіру көрсеткішінің едәуір түскені байқалып, өндіру көлемі соңғы 10-15 жылда 5 есе азайған. «Мұнай өңдеу қуатын ұлғайту және мұнай өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында үш мұнай өңдеу зауытын жөндеуге және…

Толық оқу
Назарбаев Болат

Алматының орталығында атышулы Болат Назарбаевқа тиесілі болған ірі ғимарат сатылымға қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайтарылған активтерді басқаратын компания сатуға шығарған екі қабатты ғимараттың бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге. Бұл нысан Бостандық ауданында, Алматының әкімшілік, сауда және мәдени орталығы саналатын аумақта орналасқан. Жалпы ауданы 1700 шаршы метрді құрайтын ғимаратқа 0,4 гектар жер учаскесі тиесілі. Мұнда автотұрақ, гараж бар, айналасы көгалдандырылып, ағаштар отырғызылған. Құрылысы 1953 жылы аяқталған ғимарат 1997 жылы толық жөндеуден өткен. Бағалау сараптамасында ғимараттың тиімді орналасқаны, сауда мен коммерциялық мақсаттарға ыңғайлы екені айтылған. Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша, бұл ғимаратты 2019 жылы Болат Назарбаев иелік еткен «BN Invest Capital» ЖШС…

Толық оқу

Ақтөбенің әскери бөлімдерінің бірінде ұлы қаза тапқан әйел халықтан өзін-өзі өлтіруге жеткізді деген ақпаратты таратпауға шақырды. Ирина Боровецтің үндеуі жергілікті парақшалардың бірінде жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ұлым Ақтөбеде сәуірден бері қызмет етіп келеді. Кеше қайғылы оқиға болды. Ол борышын жақсы өтеп жүрді. Оны ешкім ренжіткен жоқ. Үнемі қоңырау шалып тұрды, бәрі жақсы болды. Енді тергеу болады, олар жағдайды анықтайды деп үміттенемін. Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деген нұсқаны таратпауын да қоса кеткім келеді. Ұлымды сот-медициналық тексерістен бұрын көрдім, көгерген жерлері, ұрып-соғу іздері жоқ», — деді сарбаздың анасы. Айта кетейік, 23 қарашада Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери сарбаз қаза тапты. Қазір…

Толық оқу