«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясын Қытай азаматы басқарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылы 2 желтоқсанда ММГ Директорлар кеңесінің шешімімен кезектілік негізінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды. «Вэн Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте ҚХР-да дүниеге келген. Ол И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін («Геология және пайдалы қазбаларды барлау» бағыты бойынша техника және технология магистрі) бітірген», — деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі. Еңбек жолын 2005 жылы «CNDOC» компаниясының өндірістік-техникалық бөлім инженері болып бастаған. 2005-2024 жж. «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-да еңбек етіп, жетекші супервайзерден компания президентіне дейін көтерілді. 2024 жылдың мамырынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін ММГ бас директорының бірінші орынбасары…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған 358 миллион теңгеден аса қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өңірдің лауазымды тұлғаларына және «Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қатысты сметалық құнын арттыру, сондай-ақ, нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы қаладағы жылу желілері мен электр беру желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге бөлінген 1,1 миллиард теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Күдіктілер лауазымды адамдар ұрланған қаражатты жылыстату үшін «қолма-қол ақша жасаушылар» тобын тартты. Олар 7% мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін бөгде тұлғаларға ресімделген 24 күмәнді кәсіпорын арқылы тауарларды жеткізу және қызмет көрсету жөніндегі мәмілелер…
Талғар ауданы полициясы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл қызметке Айдар Омаров келді. «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Талғар ауданы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы лауазымына полиция подполковнигі Омаров Айдар Әбдікерімұлы тағайындалды», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәлсихатында премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Кейінгі бірнеше аптада валюта нарығында ауытқулар байқалып, ұлттық валюта бағамы әлсіреді. «Азаматтар мен бизнестің алаңдаушылығын ескере отырып, Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдап жатыр. Ұлттық валюта бағамының өзгеруі — тек сыртқы факторлардың ықпалынан туындаған құбылыс», — деді Байбазаров. Вице-премьер теңге бағамына әсер ететін үш негізгі факторды атады: соңғы айларда жаһандық доллар индексінің күшеюі; мұнайдың әлемдік бағасының біршама төмендеуі; Ресей рублінің әлсіреуі. «Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін…
Ұлыбритания билігі Ресейдің барлау агенттіктерінің тапсырысы бойынша тыңшылық жасады деп күдіктеніп отырған болгариялықтарға қатысты сот Лондонның орталық қылмыстық сотында жалғасып жатыр. Олардың Бергей Рысқалиевке қандай қатысы бары да айтылды. Бұл туралы BBC жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Басылым мәліметінше, прокурорлар бұл адамдар Германиядағы америкалық әскери базаны қадағалап, Ресей билігінің қарсыластарын, соның ішінде журналистерді бақылауды ұйымдастыруға тырысты деп санайды. «Сотқа 33 жастағы Катрин Иванова, 30 жастағы Ваня Габерова және 39 жастағы Тихомир Иванчев келді. Олар айыптауды жоққа шығарады. Күдіктілердің екеуі — 46 жастағы Орлин Русев пен 43 жастағы Бизер Жамбазов тыңшылық жасағанын мойындады», — деп жазылған басылым мәліметінде. Басылым дерегіне сүйенсек, бұл топ Ресейдің…
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балаларды қараусыз қалдыруға қатысты бастама көтерді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Закиеваның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт оқиғасы тіркелген. Көп жағдайда балалар үйде жалғыз қалған кезде қайғылы жағдайлар болған. «Осы деректерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Оған қоса қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекеттік көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет», — деп жазды балалар омбудсмені. Жуырда Қостанай облысында өрт шығып, бес бала мерт болды. «Наша газета» мәліметінше, қайғылы оқиға 11 қазанда Жітіқарада болған. Сағат 04.29-да жеке үйде өрт…
2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді. Ескерткіштің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты. Ескерткіштің ашылуын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев ашып, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде қайраткердің ел дамуына қосқан зор үлесін…
Ұлттық банк доллар бағамы бойынша тағы бір мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қарашаның қорытындысы бойынша теңге бағамы 5 пайызға әлсіреп, 1 АҚШ долларына шаққанда 512,52 теңгеге дейін барды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 278 миллионнан 262 миллион АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі — 5,5 миллиард АҚШ доллары. «Республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қарашада Ұлттық қордан 1 260 миллион АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі — жалпы сауда-саттық көлемінің 23 пайызы және күніне 60 миллион АҚШ долларынан аспайтын мөлшерге жетті. Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды.…
Танымал тележурналист Майя Бекбаева қазақстандықтарды тұңғыш президент күнімен құттықтаймын деп сынға қалды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның сөзінше, қазір әлемде диалогқа, қауіп-қатер мен зорлық-зомбылықсыз жолмен елдің мүдделерін қорғауға қабілетті саясаткерлер өте аз. «Уақыт өткен сайын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қосқан үлесі мен рөлін терең түсінеміз деп сенемін. Менің ойымша, қоғам ретінде жүріп өткен жолымызға қарап, қателерімізді мойындауымыз және түзетуіміз өте маңызды. Бірақ жарқын сәттерді құнсыздандырмауымыз керек. Тұңғыш президент күні құтты болсын!» — деді ол. Желі қолданушылары әлеуметтік желіде журналиске түрлі сын-пікір жазған. «Қазір мұндай мереке жоқ қой», «Жүрек соғысыңыз баяуламасын», «Жаңа ғана не оқыдым?!» — деді олар. Жүрек туралы әңгіме бекер емес.…
Кәсіпкер, Байқоңырдағы «Боран» ғарыш кемесінің иесі Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бір жылдары «Боран» ғарыш кемесін хан Кененің басына айырбастауға дайын екенін айтып, Кремльге шарт қойған бизнесменге іздеу жарияланды», — деп жазады Fragment. Бас прокуротураның мәлім еткеніндей Дәурен Мұсаның үстінен «алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәсіпкерді құрықтау туралы пәрмен берілген. Тергеу амалдарымен Алматы полициясы айналысуда. Құқық қорғау органдарының нысанасына іліккен Дәурен Мұса КСРО-ның аса ірі жобасы, АҚШ-тың Space Shuttle бағдарламасына жауап ретінде жасалған «Боран» ғарыш кемесін 89 мың рубльге сатып алып, іріп-шіруге шақ қалған шатллды қайта қалпына келтірген еді. Кейінгі жылдары Кремль жекенің қолына өткен «Боранға» қайта «құмартып»,…









