Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Air Astana басшысы Питер Фостерге айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жанбыршин Питер Фостер езу тартқан кезде орынсыз әрекет етті деп санайды. «Адаммен сөйлескен кезде, жақсы әңгіме болғанда, ешқандай мәселе болмаса, күлімдеп отырамын. Бірақ менің тарапымнан ғана емес, басқа да депутаттар тарапынан сын айтылып жатқанда, оған немқұрайлы көзқарас көрсетілсе, меніңше, дұрыс емес нәрсе. Ол қайда отырғанын білуі керек», — деді Жаңбыршин. Айта кетейік, 23 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында депутат Еділ Жаңбыршин  Air Astana басшысы Питер Фостерді «Шаңыраққа қараңыз. Біз абориген емеспіз!» деп сөзбен сойып салды. «Air Astana-ны, лоукостердің мәселесін дұрыстап, майшаммен қарау керек. Фостер…

Толық оқу

Семейде бас шыршаны безендіру кезінде оқыс жағдайға тап болып, құлап кеткен мұғалімнің қазіргі жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр Сәрсенбаеваның сөзінше, науқас есін жиған. Ол дәрігерлер мен туыстары қойған барлық сұраққа жауап беріп жатыр. «Науқастың жағдайы жақсарып келеді. Қайтадан қалыпқа келуі ағзасына байланысты. Біраз уақытты қажет етеді. Жағдайын әрі қарай бақылауда ұстаймыз», — деді Сәрсенбаева.  Айта кетейік, бұл оқиға осыдан бірнеше күн бұрын болды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және осы іс барысында мұғалімнің жарақат алуы — заңбұзушылықтың айқын көрінісі», — деді. Кейінірек қызметтік тексеріс жүргізіліп, кінәлілерге…

Толық оқу

Алматыда 20 жастағы спортшы қаза тапты. Мәліметке сүйенсек, марқұм — кикбоксер Әли Серік, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша таныстар арасында жанжал туындап, олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Әли Серік – танымал сингапурлық ONE Championship ұйымында өнер көрсеткен кәсіби кикбоксшы. Ол Titan Fight Club (Алматы) командасында болған. 2022 жылы 17 жасында Малайзияда өткен чемпионатта ересектер арасында муай-тайдан (А класы) әлемнің ең жас чемпионы атанды.

Толық оқу

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, басы жиі дауға қалатын Станислав Черчесов Instagram парақшасында қазақ тілінде жазба жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол желідегі жазбасында Абат Айымбетовті құттықтады. «Абат қуантты! Ойыншыларымыздың еуропалық чемпионаттардағы жетістіктерін ұдайы бақылап отырам. Кеше шабуылшы Абат Айымбет Түркиядағы чемпионатта «Адана Демирспор» үшін гол салды. Бұл оның үшінші матчтағы үшінші голы. Міне бүгін Абатқа қоңырау соғып, жетістігімен құттықтадым. Осы қарқынды төмендетпеуіне тілектестік білдірдім. Ол дарынды жігіт, болашағы алда. Жарайсың, бауырым!» — деді ол. Желі қолданушылары Черчесовтің бұл жазбасын да қызу талқыға салып жатыр. «Өтірік салып қояйын деді ғой , жұмыс жасаған кейіп танытқаны», «Көке, кететін түріңіз бар ма?»,…

Толық оқу

Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан «Жас Өркен» шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді. Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр, олардың жартысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар. Бұған дейін Үкімет Атырау…

Толық оқу

Қазақстан ірі көлемдегі активтерді қайтарды. Олардың ішінде қонақүй кешені, әкімшілік ғимараттар, бизнестегі үлес, қымбат әшекейлер мен көліктер бар, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның мәліметінше, компанияның балансына жалпы сомасы 89,9 миллиард теңгеге 70 актив берілген. Елдегі активтер жөнінде Бұл сомаға құны 2,8 миллиард теңге болатын зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, әртүрлі жылжымайтын мүлік нысандары мен активтер кіреді. Берілген активтерге жылжымайтын мүлік, әкімшілік ғимараттар, «Думан» қонақ үй кешені, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестері («Жаркент су», «Тұлпар»), өндірістік база, асхана, жанармай құю бекеті, жер учаскелері, аяқталмаған құрылыс және басқалары жатады. Айта кетейік, Forbes деректеріне сәйкес, 2023 жылғы мамырда…

Толық оқу
Черчесов Қазақстан құрамасы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қатысты мәселенің нүктесі қойылды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тиісті мәлімдемені Қазақстан футбол федерациясы жасады. «Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тарады. Кейінгі кезде оған…

Толық оқу

Ресейлік блогер Илья Варламовтың Астана туралы пікірі көпшілікке жақпай қалды. Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ата-анасы блогердің бұл сөзіне жауап қайтарған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Варламовтың айтуынша, Астана — өмір сүруге қолайсыз қала. «Астана — нашар қала. Онда өмір сүру қиын. Жайлы емес, серуендеуге де келмейді. Алғашқы кезден-ақ дұрыс жоспарланбаған. Толығырақ айтудың қажеті жоқ, бұған дейін бұл туралы жазғанмын. Астанаға тек жұмыс бабымен ғана барамын», — деді ол сұхбаттарының бірінде. Бұл сұхбатқа Димаштың ата-анасы да пікір білдірді. «Сенің пікірің керек еді бізге. Астана өте көркем, әсем қала. Ұнамаса — келме. «Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды», — деді олар.

Толық оқу

Кеше Үкімет отырысында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинге Air Astana басшысы Питер Фостердің езу жиғаны ұнамай қалды. Депутат Фостерге «біз абориген емеспіз» деп ашық пікір білдірді. Қоғамда депутат Жаңбыршиннің әрекетін сынағандар да табылып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Желіде депутатты кешегі сөзі үшін «популист» деп атағандар да табылған. «Air Astana-ны, лоукостердің мәселесін дұрыстап, майшаммен қарау керек. Фостер мырза, сіз шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз керек. …Күлетін ештеңе емес. Сіз күлмеңіз. Осы жерде отырып алып, бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге ештеңені түсінбейтін Африкадағы абориген емеспіз. Ойнамаңыз! Бұл — Парламент, осы жерде отырғандары бәрі — халық сайлаған, халықтың өкілдері», — деп ашынды…

Толық оқу
Талғар трагедиясы

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Талғар трагедиясы төңірегінде айтылған «ботоферма» жайлы ақпараттың расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін Кибершабуылдарды талдау орталығы (ЦАРКА) Қазақстанда әлеуметтік желіде боттардың белсенділігі күрт артқанын мәлім еткен еді. Олардың айтуынша, TikTok желісінде «дүрбелең туғызуға бағытталған арнайы боттардың» әрекеті байқалған. Министр үкіметтің көшпелі брифингі барысында осы жағдайға қатысты сұраққа жауап берді. Ол аталған мәселені TikTok компаниясының аймақтық директоры деңгейінде талқылағанын айтты. «ЦАРКА жариялаған ақпаратты TikTok компаниясының өкілдерімен талқыладық. Аймақтық директор желідегі белсенді аккаунттардың бір-бірімен байланысы жоқ екенін және олардың әрекетінде үйлестірілген бот-белгілері байқалмағанын жеткізді», – деді министр. Айта кетейік, 9 желтоқсанда Алматы облысы Талғар қаласының маңынан…

Толық оқу