Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Әлеуметтік желіде Астана әуежайындағы Путинге қатысты баннер қызу талқыланып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Курсив басылымына сілтеп. Басылым дерегінше, елорданың әуежайында Путиннің келуіне орай «Ресей Федерациясының президенті, жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз» деген баннер ілінген. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Путиннің сапарының ресми емес, мемлекеттік мәртебесі бар сапар екенін хабарлады, яғни бұл хаттама бойынша жүзеге асады. Журналист Сырым Итқұлов Telegram-да Путиннің Астанаға келуіне орай бүкіл қалада Ресейдің туы ілінгенін, ал әуежайда оның суреті мен «жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз!» деген жазу пайда болғанын айтты. СІМ мәліметінше, бұл тіркес сапар мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қолданылған.…

Толық оқу
Еділ Жаңбыршин

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдан нақты жауап беруді талап етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Отырыста 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілген өзгерістер талқыланды. Депутат Жаңбыршин Президент қойған міндеттерді еске салып, экономикадағы өсім мен бюджет қаражатын жұмсау мәселесін көтерді. Үкімет пен Мәжіліс арасындағы дивиденд тартысы Президент 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 450 миллиард АҚШ долларына жеткізуді, ал Ұлттық қордағы қаражатты 100 миллиард АҚШ долларына дейін өсіруді тапсырды. Бірақ сіздер қайта-қайта Ұлттық қорға қол салып, ақшаны жұмсап жатырсыздар. Махамбеттің сөзімен айтқанда, «Қорамсаққа қол салдың, қол…

Толық оқу

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты әбден састырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа бюджетке енгізілген түзетулерге қатысты сұрақ қойды. «Биыл Үкімет Парламенттің қатысуынсыз бюджетке тоғыз түзету енгізді. Парламенттің қатысуынсыз бюджетке түзету енгізу Президент Тоқаевтың қоғамдық бақылау концепциясына сәйкес келмейді. Депутат жоқ, өздеріңіз қожа, өздеріңіз би, рахат деген сияқты. Сол өзгерістер аясында бір бағдарламаға бірнеше рет өзгеріс енгізілген. Сол өзгерістерде биыл қандай шығындар қысқарды, олардың қаншасы инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты? Ең негізгісі: осы қысқарған бағдарламаларды ертең депутаттарға қайтадан алып келіп, бюджетке кіргіз деп өтініш…

Толық оқу
қаражат теңге

Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар қылмыстық жауапқа тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақмола облысының арнайы прокурорлары 300 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты соталды тергеуді аяқтады. «Бұл қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген», – деп жазылған хабарламада. Күдіктілердің әрекеті аса ірі көлемде жымқыру, талан-таражға салу, яғни Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Айта кетейік, көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Екі күдіктіге…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы Ресейде шығатын «Известия» газетіне жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы туралы Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы – берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі екенін айтты. «Екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы тығыз астасып жатқан тарихи және мәдени байланыстарға, сондай-ақ, қос халықтың болашағына қатысты ортақ жауапкершілікке негізделген. Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, біздің елдеріміз тату көршілік пен сан салалы ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бұл ынтымақтастыққа ортақ мүдде, өзара сыйластық, ең жоғары деңгейдегі сындарлы саяси диалог арқау болып отыр», — деді Президент. Путин туралы не деді? Тоқаев Путин туралы да сөз қозғады. «Ресей Президенті Владимир Владимирович…

Толық оқу
Доллар бағымы

Қазақстанда 26 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы белгіленді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 498,55 теңге болып, 0,13 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, доллардың 26 қарашадағы ресми бағамы – 498,51 теңге. kurs.kz мәліметі бойынша, қазір Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 500,51 теңге, сату бағамы – 502,91 теңге. Астанада доллар орташа есеппен 498,00 теңгеге сатып алынып, 502,98 теңгеге сатылып жатыр. 25 қарашада KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 498,51 теңге болып, 0,08 теңгеге төмендеген болатын.

Толық оқу

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда неліктен пойыздар кешігіп келетінін сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бүгін Үкіметте теміржол саласы мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды. Үкімет басшысы Бектеновтің айтуынша, азаматтардан пойыз кешігуіне байланысты өтініш көп түскен.  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жағдай ерекше бақылауда екенін, ал кешігу теміржолдарды жөндеуден туындағанын мәлімдеді, «Бұл жағдай жолдарды жөндеуге және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.

Толық оқу

Ертең Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келеді. Елорда Ресей басшысының сапарына қызу дайындалып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қалада Ресейдің тулары ілінген. Айта кетейік, Путин Қазақстанға Тоқаевтың шақыруымен келе жатыр. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады. 28 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Толық оқу
Алматы тролейбус

Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты, салдарынан зардап шеккендер бар, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz.  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен. «Жапа шеккен 80 жастағы бір науқас оң жақ қабырғаларының сынығы, білек сүйегі сынығы диагнозымен қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады», — деп жазылған хабарламада. Тексерістен соң бес науқасқа шұғыл ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Олар тұрғылықты жері бойынша бекітілген емханаға амбулаторлық бақылауға жіберілді. Бір науқас Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаға қатысты полиция да пікір білдірді. «Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта Гоголь көшесінің солтүстігінде…

Толық оқу
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваны насихаттайтын контенттердің көбейгеніне алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов та өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, депутаттың сөзінің астарында шындық бар екенін жеткізді. «Қаңтардан кейін елден кеткендер біртіндеп оралып, белсенді әрекетке көшкен секілді. Депутат Бапидің айтуынша, Назарбаевтар отбасы миллиондаған оқырманы бар блогерлер мен вайнерлерге «Назарбаев дәуірі керемет еді» деген мазмұнда видеолар түсіру үшін демеушілік жасап жатыр», – дейді Итқұлов. Журналистің айтуынша, Тикток әлеуметтік желісінде Дариға Назарбаеваның жастар ортасында жүрген видеосы кең таралған. «Бұл кадр 2022 жылғы іс-шарадан алынған, онда Назарбаева үшінші президент әрі Қазақстанның тұңғыш әйел басшысы болады деген…

Толық оқу