Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Депутат Еділ Жаңбыршин

Мәжілістегі Үкімет сағатында мұнай саласының қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Энергетика министрі  Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады. Алайда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин министрдің кейбір мәлімдемелеріне күмәнмен қарады. Депутаттың айтуынша, «Қашаған», «Теңіз», «Қарашығанақ» секілді үш ірі кен орнынан басқа мұнай-газ кен орындарында жыл сайынғы шикізат өндіру көлемі төмендеп жатыр. Мысалы, соңғы бес жылда, мұнай-газ өндіру 36 млн. тоннадан, 30 млн. тоннаға дейін азайып отыр. Ал Қызылорда облысында мұнай өндіру көрсеткішінің едәуір түскені байқалып, өндіру көлемі соңғы 10-15 жылда 5 есе азайған. «Мұнай өңдеу қуатын ұлғайту және мұнай өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында үш мұнай өңдеу зауытын жөндеуге және…

Толық оқу
Назарбаев Болат

Алматының орталығында атышулы Болат Назарбаевқа тиесілі болған ірі ғимарат сатылымға қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайтарылған активтерді басқаратын компания сатуға шығарған екі қабатты ғимараттың бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге. Бұл нысан Бостандық ауданында, Алматының әкімшілік, сауда және мәдени орталығы саналатын аумақта орналасқан. Жалпы ауданы 1700 шаршы метрді құрайтын ғимаратқа 0,4 гектар жер учаскесі тиесілі. Мұнда автотұрақ, гараж бар, айналасы көгалдандырылып, ағаштар отырғызылған. Құрылысы 1953 жылы аяқталған ғимарат 1997 жылы толық жөндеуден өткен. Бағалау сараптамасында ғимараттың тиімді орналасқаны, сауда мен коммерциялық мақсаттарға ыңғайлы екені айтылған. Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша, бұл ғимаратты 2019 жылы Болат Назарбаев иелік еткен «BN Invest Capital» ЖШС…

Толық оқу

Ақтөбенің әскери бөлімдерінің бірінде ұлы қаза тапқан әйел халықтан өзін-өзі өлтіруге жеткізді деген ақпаратты таратпауға шақырды. Ирина Боровецтің үндеуі жергілікті парақшалардың бірінде жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ұлым Ақтөбеде сәуірден бері қызмет етіп келеді. Кеше қайғылы оқиға болды. Ол борышын жақсы өтеп жүрді. Оны ешкім ренжіткен жоқ. Үнемі қоңырау шалып тұрды, бәрі жақсы болды. Енді тергеу болады, олар жағдайды анықтайды деп үміттенемін. Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деген нұсқаны таратпауын да қоса кеткім келеді. Ұлымды сот-медициналық тексерістен бұрын көрдім, көгерген жерлері, ұрып-соғу іздері жоқ», — деді сарбаздың анасы. Айта кетейік, 23 қарашада Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери сарбаз қаза тапты. Қазір…

Толық оқу

24-30 қарашасы аралығында Алматы мәдениет пен кино өнерінің орталығына айналады. Жылдың ең маңызды мәдени шараларының бірі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз шымылдығы қазақстандық «Бізге дәрігер керек» фильмінің көрсетілімімен ашылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Бұл отбасыға арналған туынды адамгершілік, кәсіби шеберлік және өмірде орын алатын күтпеген оқиғалар жайлы сыр шертеді. Ол көрермендерді терең сезім, әсерлі әзіл және өмірлік философияға толы ерекше әлемге жетелейді. Картина сюжеті Алматыдағы ауруханалардың бірінде өрбиді. Онда білікті дәрігер Николай Анатольевич Грачевтің 70 жылдық мерейтойы тойланбақ. Туған күн салтанатты түрде басталғанымен, оқиға күтпеген арнаға түсіп, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастарды ашады. Көрермендер үшін «Бізге дәрігер керек» фильмі тек…

Толық оқу

Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі жаңа кейіпке енді. Биыл қыркүйек айында Панфилов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыс кейбір жерлерде тротуар плиталарының жарылып, орындықтардың, суару жүйесінің және басқа да көріктендіру элементтерінің жарамсыз болуына байланысты қолға алынған, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алмалы ауданына жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Ерболат Досаев бұл көшенің қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орны екенін атады. Сол себепті жөндеу барысында эстетикалық және практикалық тұрғыдан әрбір бөлшекке ерекше назар аударылған. Бүгінгі таңда аудан әкімдігі 2000 шаршы метр тротуар плиталарын ауыстырып, 130 орындық орнатты, 2 балалар…

Толық оқу

Бүгін Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. ҚМА өкілдері мен Кеңес мүшелерінің бұл кездесуі жұртшылықпен және өңірлермен өзара іс-қимылға, сондай-ақ осы саладағы қаржылық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтауға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға маңызды қадам болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Отырыс барысында Агенттік қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарығында делдалдарды жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кеңес мүшелеріне электрондық шот-фактуралардың деректері негізінде ӘМАТ-қа рұқсат етілген сауда үстемесінің асып кету фактілерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін Талдамалық жүйенің мүмкіндіктері таныстырылды. Ағымдағы жылы Агенттік әкімдіктер жанындағы өңірлік комиссиялардың атына 650-ден астам материал жіберді, олар бойынша 350 адам әкімшілік жауапкершілікке…

Толық оқу

Telegram арналарының бірінде Сәтбаев қаласының тұрғындары ресейлік «Орешник» баллистикалық зымыраны ұшырылғанын көргені туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Мәліметке сүйенсек, оқиға 21 қарашада болғаны айтылады. Дегенмен бұл — жалған ақпарат. Қазақстан тұрғындары ресейлік «Союз-2.1а» зымыранын көрген болуы мүмкін. 21 қарашада Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран бортында «Прогресс МС-29» жүк кемесі бар. Бұл туралы Ресейдің «РИА Новости» ақпараттық агенттігі хабарлады. «Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-29» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыраны ұшырылды. Ол кемені төмен жер орбитасына шығарды. Халықаралық ғарыш станциясына екі күнде жетеді, ХҒС ресейлік сегментінің «Іздеу» модуліне 23 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 17:36 қонады деп жоспарланған»,…

Толық оқу

Телефоныңыздың әңгімелеріңізді «тыңдап» отырғанын білгіңіз келе ме? NordVPN мамандары қарапайым 4 қадамнан тұратын тест ұсынып, оны үй жағдайында тексеруге болатынын айтты. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл идея компанияның зерттеуінен кейін пайда болған. Зерттеушілер бірнеше күн бойы ешқашан іздемеген тақырыптарды дауыстап талқылағаннан кейін, телефонда сол тақырыптарға байланысты жарнамалардың пайда бола бастағанын байқаған. «Мұндай құбылыстарды қалыпты деп санаймыз, бірақ шындығында құрылғыларымыз жеке мәліметтер мен қызығушылықтарымызға шамадан тыс қол жеткізіп жатыр,» – дейді NordVPN техникалық директоры Мариус Бриедис. Телефонның тыңдалуын анықтау үшін 4 қадам Тақырып таңдаңыз Бұрын ешқашан сөйлеспеген және телефоныңызда немесе басқа құрылғыларыңызда іздемеген ерекше бір тақырып ойлаңыз.…

Толық оқу
Қарыз қаражат

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің дәлізінде мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистер сұрағына жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Вице-премьер өз сөзінде Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және халықаралық рейтинг агенттіктері жыл сайын Қазақстанның экономика даму деңгейі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін бағалайтынын айтып, солардан фактілер келтірді. – Халықаралық кредиттік рейтингтерде болған соңғы өзгерістер еліміздің фискалдық, қаржылық тұрақтылығын айғақтайды. Бізде Ұлттық қор түріндегі қомақты валюталық резервтер және алтын-валюта резервтері бар. Олардың көлемі қазірдің өзінде 100 млрд доллардан асты және бұл инвестицияны белсенді тартуға мүмкіндік беретін қаржылық қауіпсіздік жастығы болып табылады. Біз Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын қабылдадық. Онда мемлекеттік қарыз, тұтастай алғанда, елдің жалпы ішкі өнімінің 32%-нан аспауы керектігі жөнінде шектеулер…

Толық оқу

Жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған балаларды сату бойынша 6 қылмыстық іс тіркелген, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді. Биыл адам саудасына байланысты 197 дерек тіркелген. 70-ке тарта адам сотталды. «Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 116-бабы («Адамның ағзасы мен тiнін алуға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою») бойынша 22 іс, адамды қанау мақсатында ұрлау 1 іс, қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру 4 іс, адам саудасы 17 іс, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту 15 іс, кәмелетке толмағандарды сату 6 іс, жезөкшелікпен айналысуға тарту 13 іс, жезөкшелікпен айналысуға арналған…

Толық оқу