Автор: Асылхан Бөрібай

Премьер-министр Олжас Бектенов Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай Үкіметтің бақылауында екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. «Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте, бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз.…

Толық оқу

Ішкі істер министрлігі өңірлердегі қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жыл басынан бері Шымкентте ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар осындай 10-нан аса топ ұсталды. «8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобын ұстады. Олардың бопсалауға, бұзақылыққа және қаруды заңсыз сақтауға қатысы болғаны туралы мәліметтер алынды», — деп жазылған хабарламада. 11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған. Осы…

Толық оқу

Шетелден 7 айлық бала табылып, Қазақстанға қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, 7 айлық Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан елге қайтарылған. Келген бойда бүлдіршін балалар ауруханасына қаралып, тексерілу үшін жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Медициналық шаралар аяқталған соң нәресте «Балалар үйі» КММ-не жіберіледі. Баланы алып келу процесіне әдіскер-қамқоршы және анестезиолог-реаниматолог қатысты. «Біз үшін әрбір баланың қандай жағдай болмасын, қажетті қолдау алуы маңызды. Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматына барынша қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысудамыз. Тиісті органдар мен мамандар кішкентай нәрестені елге қайтару үшін орасан зор жұмыс атқарды. Осы жақта оның өсіп-жетілуі үшін білікті мамандар қолдан…

Толық оқу
Талғар Шерзат Болат

Талғарда көз жұмған жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты үндеу жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол ешкімнің қанын төкпегенін, ешқашан қан төкпейтінін де жеткізді. «Шындықты айтып қойдым, Талғар ІІБ-дағы, әкімдіктегі, ауруханадағы былықты. Сол үшін өлтіретін болсаңыздар да бауырларым, ата-анам көрмесін. Мені жоқтап жыламасын. Олар пышақпен келді, мен қалам ұстап шықпайтын шығармын, болмаса қағаз алып?! Жалбарынып, жалынып олардан сұрадым, сол жерде «болды» деп еркекше қолдарын беріп кетті. Артынан келіп істеп отырған тірлігі. …Біз қан төксек, «қан төкті, бұлар қанішер» деп қараласаңыздар болады. Мен қан төкпеймін. Менің басымда болып жатқан жағдайды көрсеңіздер, сол кезде түсінесіздер. Қазір бейбіт заманда…

Толық оқу

Жергілікті Instagram парақшалардың бірінде Талғарда болған оқиғаға қатысты видео тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, марқұм Шерзаттың әкесінің қолында да пышақ болды деген болжам бар. Сондай-ақ, кадрларда Шерзаттың әкесін арашаламақ болған әрекеттері байқалады. Дегенмен желі қолданушылары бұл видео толық нұсқасы емес екенін жазды. Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда кінәлі деп танылған…

Толық оқу

Қылмыстық ортада Леха Семипалатинский деген атпен танымал 66 жастағы Айтқали Маймұшев жуырда қайтыс болды. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса әлеуметтік желідегі жазбасында оны неліктен «көзсіз ер» деп атағанын түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Facebook қолданушысы Азамат Тасқараұлы марқұмның жағымды қасиеттерін сипаттап жазба арнаған. Жазба авторының сөзінше, Леха Семипалатинский әдебиетпен әуестенген, Абайдың шығармаларын орыс тіліне аударған, жақындарына көмектесіп, үнемі сөзінде тұратын болған. Ал Қазыбек Иса бұл жазбаға «Алдынан жарылқасын! Нағыз рухы мықты, көзсіз ер екен-ау! Иманы саламат болсын!» деген пікір қалдырған. Press.kz арнасы депутаттан неліктен мұндай пікір білдіргенін сұраған. «Сол туралы мақалаға көңіл айттым. Кез келген қазақ қайтыс болса, көңіл айтасыз. Жазбаны мен…

Толық оқу

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылғы 28 қазан және 3 қараша аралығында жеті күнге созылады. «Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады. Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы; «Буллингтен қорған!»қауіпсіздік сабағы; Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі; «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы…

Толық оқу
Активтерді қайтару

Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару шаралары аясында бюджетке 177 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінгі күнге дейін арнайы мемлекеттік қорға қайтарылған ақшалай қаражаттың жалпы көлемі 177 млрд теңгеден асқан. Оның басым бөлігі 147 млрд теңге келісімдердің нәтижесінде, тағы 19 млрд теңге процестік келісімдер арқылы қайтарылды. Бұдан бөлек, мемлекет пайдасына сатылған активтерден 6 млрд теңгеден астам, сот шешімдері арқылы шамамен 5 млрд теңге қайтты. Ал жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаржы түскен. Мемлекетке қайтарылған активтердің ішінде екі сәнді вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үйлер, пәтер, жер телімі және екі қымбат автокөлік бар. Активтерді сәтті сатудың жарқын…

Толық оқу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Өртсөндірушілер жеткен кезде, өкінішке қарай, үйдің төбесі опырылып кеткен. Мен іссапарда жүрдім. Дегенмен департамент директоры іссапарға жіберілді, ол басынан аяғына дейін жүрді, жерлеу рәсіміне де қатысты. Тиісті қолдау шаралары көрсетілді», – деді министр. Министрдің сөзінше, бұл отбасындағы балалардың тегі әртүрлі болған, ал аналары екі рет тұрмыс құрған. «Бірінші некесінен үш бала, екінші некесінен екі бала. Ең кішісі бір жаста. Мамырда балалардың анасы көпбалалы ана деген атақ алып, Күміс алқа иесі атанған. Бірінші некеден ресми түрде ажырасқан. Жазда үш жүз мың теңгеден…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында жұмыспен қамту бағдарламаларын сынға алды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттың сөзінше, 2008 жылдан бері жұмыспен қамтудың 5 бағдарламасы қабылданды, яғни екі жыл сайын жаңа бағдарлама қабылданып отырған. «​Олар қандай нәтиже берді? ​Егер жұмыспен қамту шараларын негізгі құралдары мен әдістер арқылы талдайтын болсақ, онда олар осы жылдар бойы концептуалды түрде айтарлықтай өзгермегенін және негізінен уақытша сипатта болғанын байқаймыз. ​«Баяғы жартас – сол жартас». Біз әлі күнге дейін «тізесі шыққан» шараларды қолданамыз. Жаңа жүйелі шаралар аз. Сол баяғы уақытша жұмыс орындарын құру, оқыту және қайта оқыту, шағын несие беру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және т.б. Ал жергілікті…

Толық оқу