Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

«Ұлы дала жауһарлары» Париж төрінде көрсетіледі. Қазақстанның Ұлттық Музейі 6 қарашада Франция астанасында көпшілік назарына 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көшпелілер мәдениетіне тән сирек кездесетін жәдігерлерді ұсынады. Қазір Париждегі іс-шара қарсаңында ауқымды жарнама науқаны жүріп жатыр. Айта кетейік, көрме бес айға жалғасады. Іс-шара еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жалпы Гиме музейі Азия өнері жинағы бойынша еуропадағы ең ірісі саналады. Жыл сайын ондағы жәдігерлерді тамашалауға 300 мыңдай адам келеді.

Толық оқу

Бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аноним телеграм-арналарға қатысты ойын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Аида Балаева сот шешімімен келіспегендер үкімге қарсылық білдіре алатынын айтты. – Анонимді Telegram арнасы БАҚ-қа жатпайды. Бүгінде заңды сұрақ – неге кәсіби журналистер аноним телеграм-арналардың журналистерін қорғап жатыр? Жасыратыны жоқ, көбісі бұл анонимді Telegram арналарынан зардап шекті, себебі олар журналистика талаптарына, яғни ашықтық пен шынайылықты сақтамайды. Ал шағымды кәсіби журналист Гүлжан Ерғалиева түсірген. Мен оны кәсіби журналист ретінде білемін, бірақ, шынын айтсам, Әділбековті танымаймын, – деді министр. Бұған дейін «Дикая Орда» анонимді Telegram-арнасының авторы 4 жыл 6 айға сотталғанын жаздық.

Толық оқу

Алматы әкімі Ерболат Досаев Республика күні қарсаңында Түрксіб уданының Нұршашқан шағын ауданында ашылған жаңа заманауи отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға (ОДА) барды. Жаңа амбулатория пайда болғанға дейін шағын аудан тұрғындарына 1975 жылы салынған 52 шаршы метр ескірген ғимаратта қызмет көрсетілді. Ол заманауи стандарттарға сәйкес келмеді және ұзақ уақыт бойы ауыстыруды қажет етті. Қабылдау тек фельдшерлік-акушерлік бағытта жүргізілді. Кешенді медициналық көмек алу үшін пациенттер Жұлдыз-1 ш/а орналасқан №20 емхананың негізгі корпусына баруға мәжбүр болды. Жаңа дәрігерлік амбулатория № 20 қалалық емхананың филиалы болып табылады және ауысымына 100 келушіге есептелген. Медициналық мекеме алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ…

Толық оқу
ғимарат

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Бостандық ауданы Көктем-1 шағын ауданындағы жөндеуден өткен №138 мектепті көріп шықты. 1989 жылы салынған ғимараттың конструкциясының сенімділігін техникалық тексеру нәтижесінде қала әкімі мектепті сейсмикалық нығайту мен күрделі жөндеуден өткізу жөнінде тапсырма берді. Мердігерлік ұйымның жұмысы 2023 жылдың желтоқсанында басталып, биыл қазан айының соңында аяқталды. Реконструкция жобасында ғимараттың жүктемені көтеруші құрылымын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Жобада қасбет пен шатырды жөндеу, инженерлік жүйелерді ауыстыру және ғимараттың ішкі әрлеуі қарастырылған. Оқу орны биология, робототехника, информатика, химия пәндеріне арналған интерактивті тақталар мен планшеттермен жабдықталған кабинеттермен қамтылған. Сонымен қатар, заманауи стандарттарға сәйкес екі спорт және акт залы жабдықталған.…

Толық оқу

Қарағанды ​​облысында ішімдік ішкен депутат ер адамды қарумен қорқытқан, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 21 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылында белгісіз адам ішімдік ішкен күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. «Полиция қызметкерлері күдіктіні ұсталды. Оның 38 жастағы аудандық маслихаттың депутаты екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырылып соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды», — деп жазылған Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарламасында. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» бабтарымен қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатқаны белгілі болды. Ал қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жер қойнауын пайдалану туралы кодекске енгізілетін түзетулерде лоббистік нормалар бар екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Кеше Мәжілісте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске түзетулер таныстырылды. «Жер қойнауы туралы кодекс талқыланғанда, бір адамға 200 блокқа дейін ресімделетін лоббистік норма қабылданды. Бір блок шамамен 2 шақырым аумақты қамтиды. Сонда жер қойнауын пайдаланушы бір адам 200 блокқа дейін иелене алады деген сөз. Бұл — пайдалы қазбаларды барлау, өндіру. Кім бірінші жетсе, бар байлық сол адамдікі. Ол осы блоктарды пайдалана ма, жоқ па, бірақ барлық аумақ соның иелігінде болады. Заң жобасы бұған кедергі келтіреді деп ойлап едім,…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекеттік сыйлық 1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін; 2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін; 3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін; 4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

Толық оқу
Президент Тоқаев Республика күні қарсаңында

Президент Тоқаев Республика күні қарсаңында елдің дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша еңбегі үшін Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, танымал математик Асқар Жұмаділдаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Сонымен қатар білім саласындағы ерекше жетістіктері үшін Алматыдағы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова мен Оралдағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Траисова да осы атаққа ие болды. Өндіріс саласындағы айрықша табыстары үшін «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. «Отан» орденімен кардиохирургия саласының майталманы Сейтхан Жошыбаев және көрнекті ақын Нұрлан Оразалин марапатталды. Бибісараның биігі Мемлекет және қоғам…

Толық оқу
Нұрдәулет Қилыбай

Самарқанд қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің бірлескен өңіраралық форумында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Шарада Маңғыстау облысы мен Өзбекстанның экономикалық, сауда-саттық байланыстарын кеңейтуге қатысты бірқатар ұсыныс білдірді,деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде Маңғыстау мен Өзбекстанды байланыстыратын автожол салынып жатыр. Қазақстан аумағында «Тәжен» кеден бекетіне дейін жол төселуде. Ал күні кеше Қарақалпақстан орталығынан ел шекарасына дейін жаңа автожол пайдалануға берілді. Бұл алдағы уақытта Маңғыстау облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының артуына мүмкіндік береді. Сауда-экономикалық байланыс Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, Маңғыстау өңірінің көтерме базарларына азық-түлік өнімдерінің, көкөністердің, жемістердің басым бөлігі Өзбекстан Республикасының Бұхара, Самарқанд, Нөкіс, Сырдария егістіктерінен әкелінеді. «Тәжен» кеден бекеті арқылы күніне 250-300-ге…

Толық оқу

Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөлімінде борышын өтеп жүріп «таяқ жегенін» айтқан, кейін госпитальде көз жұмған сарбаз Досымжан Сәлімжан туыстарынан жиі ақша сұраған. Жақындарының айтуынша, олар жарты жыл ішінде сарбазға жиыны 300 мың теңгеге жуық ақша салған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. Досымжан Сәлімжанның анасы Ардақ Иманғалиеваның сөзінше, ұлы тамаққа деп көп ақша сұраған, кейде ол ақшаны әскери бөлімге А4 қағазын сатып алуға жұмсайтынын айтқан. 21 қазанда Алматы гарнизоны әскери сотында сарбаз ісі бойынша екінші сот отырысы өтті. Бұл істе батальон командирі Жанбота Шәкіровке «билігін асыра пайдаланды» деген айып тағылған. Лейтенант Шәкіров тағылған айыпқа келіспейді. Қатардағы жауынгер болған…

Толық оқу