Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

АҚШ-тың Ресейге салған соңғы санкциясының салдары Қазақстанға да әсер етіп, қор биржасы апай-топай болды. Биржада шетел валютасына деген сұраныс әлі күнге басылмай жатыр. Соған байланысты Ұлттық банк пен Үкімет мүшелері де баспасөз мәслихатына кезек-кезек шығып, мінберден түсе алай қалған жайы бар. Қолдан келмей жатқан шаруаны (құлдыраған теңгені ауыздықтау) былай ысырып қойып, бұл екі тарап бір-бірінің мінін теруге де көше бастады. Өйткені олар бұл мәселе шешілмесе, біреуінің отставкаға кетіп тыну қаупі барын жақсы біледі, — деп жазады ErtenMedia.kz. «Жығылғанға жұдырық» демекші, алыстан тағы бір жағымсыз хабардың құлағы қылтиды. Яғни, АҚШ әкімшілігі қаңтар айының соңына дейін Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуге ниетті.…

Толық оқу

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жыл қарсаңында ақша жинауға бола ма деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бұған дейін айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Жаңа жыл және басқа да іс-шараларға байланысты үнемі айтып отырамын. Бұған министрліктің бұйрығымен де тыйым салынады, сондықтан мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл — Жаңа жылдық шараларға да, шыршаларға да қатысты талап. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады», — деді Бейсембаев Үкіметтегі брифингте. Министр кез келген іс-шара тек көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін айтты.

Толық оқу

Жуырда елге көлік әкелу тәртібіне өзгеріс енгені туралы ақпарат тарады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ең бірінші мына екі нәрсені түсіндіргім келеді. Бұл ережелер бойынша елге көлік әкелу тәртібі 2015 жылдан бері қолданыста. Яғни ережеде ешқандай өзгеріс жоқ. Екіншіден, екі факт келтіре кетейін: 2023 жылы бір адам 793 көлік алған жағдайлар болды. 34 адам 100-ден аса көлік әкелген. Яғни, қарап отырсақ, олар кәсіпкерлікпен айналысады», — деді Шарлапаев Үкімет дәлізінде. Шенеуніктің айтуынша, әңгіме қандай да бір шектеулер қою туралы болып отырған жоқ, заңды кәсіпкерлік қызметке қатысты болып отыр. Министр азаматтар мұндай көп…

Толық оқу

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетаудағы ЖЭО-ны неге ресейлік компания салатынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әкімнің сөзінше, ЖЭО салынатын жер анықталған. «Жеткізушіні таңдау мәселесінде таңдау ресейлік компанияға түсті. Оны Үкімет 7 пайыз көлемінде субсидиялайды. 20 жылға 7 пайыз субсидия ұсынатын басқа компания жоқ. Сонымен қатар, бұл компанияның зор технологиялық тәжірибесі бар. Келісім жасалды. Жазда ЖЭО құрылысының белсенді кезеңі басталады», — деді Ахметжанов. Жуырда Ресей Қазақстанда жылу электр орталықтарын салатыны белгілі болды. Мәжіліс тиісті заң жобасын жұмысқа қабылдады. Келісім шеңберінде Көкшетау (болжалды қуаты 248 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларында көмір өндіру негізінде ЖЭС салу жоспарланып отыр.

Толық оқу

Қазақстаннан Катарға қой еті экспорты 75%-ға артты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Катар астанасы Доха қаласында қазақстандық экспорттаушылардың іскерлік миссиясы өтті Бұл шараны «QazTrade» АҚ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Катардағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл ретте бизнес-миссия аясында B2B кездесулері өтті, оған Қазақстан мен Катардан ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп, өнеркәсіп және IT-технологиялар сияқты негізгі секторлардан 30 компания қатысты. Іс-шараға қатысушылар әлеуетті серіктестермен жеке келіссөздер жүргізе алды, тауарлар мен қызметтерді өзара алмасу мүмкіндіктерін талқылады, сонымен қатар Катар дистрибьюторларымен және импорттаушыларымен байланыс орнатылды. Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан мен Катар арасындағы тауар айналымы 6,2 миллион АҚШ долларын құрады, бұл екіжақты…

Толық оқу

Антикор Ақтөбе облысында жол құрылысы барысында елеулі кемшіліктерді анықтады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жол жобаларын жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктер анықталды. Биыл бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген «Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалды. Жобада айналма жол қарастырылмағаны анықталды. Нәтижесінде мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған. Сонымен қатар, келісімшарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген. Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта…

Толық оқу

Алматы облысында соңғы 11 айда 23 мыңға жуық бала дүниеге келген, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Соның ішінде, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 1000 астам нәресте дүние есігін ашқан. Емдеу мекемесінің перзентханасының ерекшелігі — босану бөлмелерінің жеке жоспарлануы, олардың сапалы түрде барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі: ыңғайлы трансформер төсектері, кардиомонитор, баланың киімін ауыстырғанда жылытылатын үстелдері, операциялық шамдар, электронды таразылар және т.б. Сонымен қатар, перзентханада тек бір реттік жиынтықтар, катетерлер, инфузиялық жүйелер қолданылады. Перзентхана және гинекологиялық бөлімшелердің медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы бүгінде 100 пайызды құрап отыр. Жасалған қолайлы жағдайларды алдыға тартып, бірнеше күн бұрын алғашқы перзентін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасында босанған Айнұр есімді…

Толық оқу

Кеше Кегенде Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті ашылды. Іс-шарадан Мақпал Жүнісова көрінбеді. Әнші әлеуметтік желіде ашылу рәсіміне неге қатыспағанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім, кейін Мерей екеуміз барып, тағзым жасаймыз. Тегін концертті Зәкеңнің рухына бағыштаймын», — деп жазды Мақпал Жүнісова. Айта кетейік, күні кеше Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды. Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді. Ескерткіштің ашылу рәсімі дәл осы Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты. Заманбек…

Толық оқу

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясын Қытай азаматы басқарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылы 2 желтоқсанда ММГ Директорлар кеңесінің шешімімен кезектілік негізінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды. «Вэн Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте ҚХР-да дүниеге келген. Ол И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін («Геология және пайдалы қазбаларды барлау» бағыты бойынша техника және технология магистрі) бітірген», — деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі. Еңбек жолын 2005 жылы «CNDOC» компаниясының өндірістік-техникалық бөлім инженері болып бастаған. 2005-2024 жж. «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-да еңбек етіп, жетекші супервайзерден компания президентіне дейін көтерілді. 2024 жылдың мамырынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін ММГ бас директорының бірінші орынбасары…

Толық оқу
пара алу

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған 358 миллион теңгеден аса қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өңірдің лауазымды тұлғаларына және «Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қатысты сметалық құнын арттыру, сондай-ақ, нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы қаладағы жылу желілері мен электр беру желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге бөлінген 1,1 миллиард теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Күдіктілер лауазымды адамдар ұрланған қаражатты жылыстату үшін «қолма-қол ақша жасаушылар» тобын тартты. Олар 7% мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін бөгде тұлғаларға ресімделген 24 күмәнді кәсіпорын арқылы тауарларды жеткізу және қызмет көрсету жөніндегі мәмілелер…

Толық оқу