Автор: Асылхан Бөрібай

Депутат Нұртай Сабильянов Үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға ұрсып тастады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутат жұмыспен қамту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың нәтижесін сұрады. «Мемлекет тарапынан азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, жұмыс орындарын ашу үшін көптеген бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Ол бұрыннан да жүзеге асырылып келе жатыр. Бірақ осы бағдарламалардың ешқандай да нәтижесі жоқ. Сіздердікі құр сөз. Сылдырлаған сөз. Талдау жасалмайды. Нарықта не болып жатқанын білмейсіздер. Ұлттық экономика министрлігі бар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бар, Қазақстан даму банкі бар. Олармен байланысыңыз жоқ. Тек бағдарламаларды жүзеге асырып, жобаларды қолданысқа енгізесіз де әрі қарай оның нәтижесін көрмейсіздер, қаражат…

Толық оқу

Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптар белгіленді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылғы 8 қазанда ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен азаматтық алу немесе Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білуге қойылатын талаптар бекітілді. Құжатқа сәйкес азаматтық алу немесе қалпына келтіру барысында мемлекеттік тілді білу деңгейі кем дегенде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша кемінде 9 балл, және Қазақстан тарихы бойынша кем дегенде 15 балл жинау қажет. Бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді.

Толық оқу

Түркияға емделуге кеткен Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ербаянның жағдайы қазір тұрақты, Аллаға шүкір. Дарігерлердің қарауында қажетті ем кабылдап жатыр. Күнделікті емдік дене шынықтыру жүріп жатыр. Ербаянның ата-анасы барша қазақ халқына және өзге жанашыр жандарға шексіз алғыс айтады. Қодауларыңызға үлкен рахмет», — деп жазылған Ербаянның желідегі парақшасында. Айта кетейік, бұған дейін заңгер, құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеу дұрыс жүргізілмей жатқанын мәлімдеді. Заңгер Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіге іздеу салды. Сонымен қатар, бұған дейін депутат Нартай Аралбайұлы Мәжіліс мінберінде дүйім ел назарын тігіп отырған Ұлттық ұлан жауынгері Ербаян Мұхтардың жағдайына тоқталды. «2023…

Толық оқу

Семейде қоқыс жәшігінен денесінің 80 пайызын күйік шалған сәби табылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оқиға 13 қазанда болған. «Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, іс Абай облысының прокуратурасының арнайы бақылауына алынды», – деп хабарлады облыстық прокуратура. Хабарламада сәби 12:00 шамасында табылып, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілгені айтылған. Алайда кейінірек Абай облыстық полиция басқармасы жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған бала қайтыс болғанын мәлімдеді. Баланың өліміне қатысты бірқатар сараптама тағайындалды. «Полиция күдіктіні және істің мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Абай облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Толық оқу

Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылды. Ол көпқабатты үйлердің бірінде өз-өзіне қол жұмсаған, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қайғылы хабарды ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі жеткізді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметшінің денесі өзі тұрып жатқан пәтерден табылған. «Ағымдағы жылдың 13 қазанында Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісімшарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.…

Толық оқу

Талғарға Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Қазіргі уақытта Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. «Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, 12 қазанға қараған түні Талғар трагедиясында қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлана бастады. Бұл дерекке Полиция департаменті жауап берді. 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды. Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында куәгерлерден…

Толық оқу
Активтерді қайтару қаржы

Ақтөбеде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары бюджет қаржысын букмекерлік кеңселерде ұтылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақтөбе облыстық прокуратурасының тексеруі барысында спорт мектептерінің басшылары әуесқой спорт командаларынан спорт залдары мен алаңдарды жалға беру үшін жиналған қаражатты бюджетке өткізудің орнына өз қажеттіліктеріне жұмсап келгені анықталды. Соңғы үш жылда облыста кәсіби спорт клубтарын дамытуға жұмсалатын шығындар екі есеге өскен. Осы уақыт ішінде республикалық және халықаралық жарыстарға дайындық пен қатысуға бюджеттен 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары осы қаржының 6 миллион теңгеге ставкалар жасаған. Сонымен қатар «Ақтөбе» футбол клубының әуе сапарларына билеттерді бірнеше делдал арқылы нарықтағы бағадан…

Толық оқу

Алматы қаласы Медеу ауданының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова екі айға қамауға алынды. Бұл туралы адвокат Мұрат Адам мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. «Оған қоса бірнеше эпизод бойынша айыпталып отыр. 2021 жылы Жолманова «ескі Қазақстанның» соңғы «жұлдыздарының» бірі болды. Бәрі Атырау облысының бұрынғы әкімі, сол кездегі Алматы әкімі және ҰҚК төрағасына қатысты істен шыққан», — деп жазылған басылым мәліметінде. Бұрынғы судья Светлана Жолманованың есімі сыбайлас жемқорлыққа қатысты істе 2021 жылдың сәуірінде де аталған болатын. Қазнетте оның үйінен үш миллион доллар, ал көлігінен тағы 600 мың доллар табылғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Кейінірек…

Толық оқу

Ақтөбеде өз пәтерінде дәрігер Мөлдір Томарованы пышақтап өлтіріп, кейін ұстау кезінде полицияны жарақаттаған ер адамға үкім шықты. Марқұмның ата-анасы да, сотталушы да сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Stan.kz-ке сілтеп. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында эндокринолог-дәрігер Мөлдір Томарованың өліміне қатысты іс жабық қаралды. Оның себебін қылмыстық істе “Зорлау” бабының болуымен түсіндірді. БАҚ өкілдерін сот залына тек үкім оқылғанда кіргізді. Дәрігерді өлтірген танысы 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған жәбірленуші тарапқа 20 миллион теңге моральдық шығын төлеуді міндеттеді. Сонымен қатар 1 миллион 230 мың теңге жаназасы мен садақасына жұмсалған материалдық шығын және адвокат төленген қаржыны толық…

Толық оқу
Qarmet металлургия

Qarmet өндірісін дамытуға $3,5 миллиардтан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Олардың ішінде $552 миллионға кокстық батареялар салу, $239 миллионға мырыштау және бояу желісін салу, $300 миллионға аглодомен өндірісін реконструкциялау, $150 миллионға ыстықтай илемдеу цехын жаңарту және тағы басқа жобалар бар. Көмір департаментіне $500 миллион, ал темір рудасы департаментіне $978 миллион инвестиция қарастырылған. «5-9-5» даму бағдарламасы тиімділігін делелдеді 2024 жылдың 9 айында болат өндіру 14%-ға артып, 2,6 миллион тоннаға жетті (2023 жылдың осы кезеңінде 2,3 миллион тонна болған), көмір өндіру 2%-ға өсіп, 4,7 миллион тоннаға жетті (өткен жылдың осы кезеңінде 4,6 миллион тонна болған), концентрат өндірісі 17%-ға өсіп, 2,3…

Толық оқу