Жаңа Салық кодексіне сәйкес, енді компанияның салық қарызы кейбір жағдайларда құрылтайшының жеке мүлкі есебінен өтеледі, деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәліметінше, бұл талап заңды тұлғаларды тарату процесіндегі берешекті өтеудің жаңа тәртібіне байланысты қабылданған. МКК қандай жағдайда компанияның салық берешегі құрылтайшылардың жеке есебінен өтелетінін түсіндіріп берді: егер компания басшылары немесе құрылтайшылары оның әдейі банкрот болуына кінәлі деп танылса; компания мүлкін сатып алушыдан құнын қайтарып алу мүмкін болмаса, мүлікті сату туралы шешім қабылдаған тұлға жауап береді; банкрот болған ЖШС-ның құрылтай құжаттарын банкроттық басқарушыға бермесе; компанияны тарату туралы шешім қабылданғанымен, мүлкі қарызды өтеуге жетпесе және құрылтайшылар оны банкрот деп тану үшін…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, өңірде суармалы жерлерді кеңейту және су үнемдеу технологияларын енгізу басты басымдықтардың бірі болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – 9 мың шақырым ирригация желілерінің 60%-ы тозып, су шығыны 50%-ды құрап отыр. Әкімнің мәліметінше, алдағы жылдары суару желілерін жаңғыртуға Ислам даму банкі арқылы 255 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Нәтижесінде Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарында суару желілері жаңғыртылып, 111 мың гектар жер айналымға қосылады. Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірде білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында облыста Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылған. Бұл өңір үшін маңызды мәдени және білім беру қадамы. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша бес бағытта жүргізіледі: киноөндіріс, сценарий және актерлік шеберлік, ойын дизайны, 3D-анимация. Қазір академияда 60 студент білім алып жатыр, олардың арасында Африка және Еуропа елдерінен келгендер де бар. Сонымен қатар халықаралық деңгейде спортшылар дайындауға бағытталған «Атлетико Мадрид» футбол академиясы жұмысын бастаған. Бүгінде мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 113 оқушы білім алып…
Алматыда жеке сектордағы өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған мақсатты жұмыс тоқтаған жоқ. Қыс келгенде ең көп қауіп жеке үйлерде болады. Бір үйде пеш жағылады, екінші үйде газбен жылытады, үшіншісінде қатты отынға сүйенеді. Қарапайым қателік, уақытында тексерілмеген мұржа, дұрыс тартпай тұрған түтін жолы, жабдықтың тозуы сияқты нәрселер үлкен оқиғаға апарып соғуы мүмкін. Сол үшін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алдын алу шараларын тұрақты жүргізіп келеді. Осы жолы олар «QazaqGaz Aimaq» қызметкерлерімен бірге Ақбұлақ шағынауданында кезекті рейд өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Рейдтің мәні тұрғындарға жылыту құрылғысын дұрыс пайдалану ережесін түсіндіру және үйдің ішіндегі қауіпті ерте байқататын құрал орнату. Ақбұлақта бірнеше үйге газдың және улы…
Бүгін Сыр өңіріндегі ғана емес, ел өміріндегі айтулы күн. Өйткені экономиканың күретамыры саналатын отандық жол инфрақұрылымын жетілдіру тарихының жаңа парағы ашылды. Халық көптен күткен, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың арманына айналған «Қызылорда-Жезқазған» жолы пайдалануға берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, депутаттар және ардагерлер қатысты. Аймақ басшысы бұл жолдың өңір экономикасына, өндірістің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатының артуына тигізетін оң ықпалы мен ерекше маңызын атап өтті. – Бүгін өңіріміз үшін тарихи күн! «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының ашылу рәсімінде бас қостық. Халқымыз ұзақ жылдан бері…
Алматы қаласында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты жыл сайынғы республикалық науқанның алғашқы акциясы өтті. Акцияның мақсат зорлық көрген, қорыққан, қысылған адам қайда барады, кімнен көмек сұрайды, алғашқы сәтте не істеуі керекекенін жан-жақты түсіндіру. Себебі тұрмыста да, студент өмірінде де қауіпті жағдай орын алатыны жасырын емес, деп жазады Ertenmedia.kz. Акцияны Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Отбасын қолдау орталығы» КММ, Алматы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және қалалық полиция департаменті ұйымдастырды. Іс-шараға Нархоз университетінде өтіп, 100-ден астам адам жиналды. Басқосу форматы лекция түрінде ғана емес, ашық диалог ретінде ұйымдастырылған. Студенттер сұрақ…
Әлемдік мұнай нарығында танкер жалдау құны күрт өскен. Басты себеп санкция құрсауында қалған орыстардан мұнай сатып алушылардың біртіндеп бас тартуы. Олар басқа аймақтардан шикізат іздей бастаған. Соның салдарынан мұнайды алыс қашықтыққа теңізбен тасымалдауға сұраныс көбейіп, фрахт бағасы біршама өсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ең үлкен тасымалдаушы саналатын VLCC танкерлерінің Таяу Шығыс, Қытай бағыты бойынша тәуліктік ставкасы 137 мың долларға жақындаған. Бұл бір жыл бұрынғы бағадан 5 жарым есеге жуық жоғары. Ірі танкер қожайындары үшін тиімді кезең болғанымен, мұнай сатып алушылар үшін қосымша шығын болып тұр. АҚШ-тың «Роснефть» пен «Лукойл» салған санкциясы мұнайдың тасымал бағасына бірден әсер еткен. Көптеген трейдер мен мұнай…
Елімізде жаңа Салық кодексінің іске қосылуына санаулы уақыт қалды. Сарапшылар пікірінше, жаңа кодекс ұзақ мерзімде экономикаға пайдалы болғанымен, алғашқы жылы кейбір салаға ауыр тиеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Белгілі экономист, банкир Ғалым Құсайынов жаңа салық реформасының мән-жайын былай түсіндіреді: «Жалпы өз басым бизнестегі жеңілдіктерге қарсымын. Жеңілдік кәсіпкерлерді жаңа құндылық жасауға емес, салықтан жалтаруға үйретеді. Бұл өз кезегінде әділетсіз бәсеке тудырады. Бір-екі кәсіпкерге пайдалы көрінгенімен, ұзақ мерзімде бүкіл салаға орасан зиян келтіреді. Сондықтан жаңа Салық кодексіндегі жеңілдіктердің қысқаруы өте-мөте дұрыс қадам. Нарықта шынайы бәсекені күшейтіп, мемлекеттің қолдауына емес, өз күшіне сенетін орта және ірі компаниялардың дамуына жол ашады», – дейді сарапшы. Құсайынов…
Қазақстанда дәрігер мен жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткендерге жазаны қатайтатын заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды, деп хабарлайды Ertenmedia. Құжат Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге өзгерістер енгізуді көздейді. Заң жобасын таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов кейінгі жылдары дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасау дерегінің жиілеп кеткенін айтты. «Мас бұзақы жедел жәрдемнің жүргізушісін ұрғанда, ол көрші көшеде тынысы тарылып, жәрдем күтіп отырған сәбиге соққы жасағандай болады. Немесе инсульт алған, көмекке мұқтаж қарт адамды жазықсыз жазалайды. Бір бұзақының кесірінен тұтас бригада мен бір көлік істен шығады. Жедел жәрдемнің кешігуі инфаркт пен инсульт алған адамдар үшін өмір мен өлім арасындағы санаулы минуттарды шешеді», –…
Түркістанда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыстық «Білімді жастар – ел ертеңі» атты құқықтық тәрбиелік көшбасшылар форумы өтті. Достық үйінде өткен шараны облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен шара барысында заң саласы, тәртіп, азаматтық міндет пен мемлекет алдындағы жауапкершілік жөнінде маңызды бағыт-бағдар берілді. Форум аясында пленарлық сессия өтіп, еліміздің құқықтық жүйесі мен қоғамдық-саяси саласында еңбек етіп жүрген жетекші тұлғалар сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті. Пленарлық сессия барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жастардың қоғамдағы рөлі, ел болашағына қосар үлесі мен мемлекеттік саясаттағы…










