Author: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Болат Назарбаевқа тиесілі болған

Алматы облысында Болат Назарбаевқа тиесілі болған әйгілі «Барыс» автобазарының бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қазіргі таңда 11 гектар жер учаскесі ресми түрде облыс әкімдігінің қарамағына өтті. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев журналистерге берген брифингінде мәлімдеді. Жалпы аумығы 36,5 гектарды құрайтын «Барыс» базарының қалған 25,5 гектар жері бойынша қазір сот процесі жүріп жатыр. Учаскілер бірнеше рет бір қолдан екінші қолға өтіп, қайта рәсімделген. Облыс прокуратурасы осы мәмілелердің заңдылығына күмән келтіріп, сотқа жүгінген. Әкімнің айтуынша, сот шешімі шыққаннан кейін жер толықтай мемлекетке қайтарылады. «Қазір 11 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал қалған бөлігі бойынша прокуратура сотқа арыз…

Read More

Қазақстандағы ең ірі сусын өндірушілердің бірі Galanz bottlers компаниясы Алматы облысында жаңа зауытты іске қосты, деп хабарлайды Ertenmedia. Forbes-пен пікірлескен «Maxi шай» брендімен танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов бұл кәсіпорынның ресми ашылу салтанаты желтоқсан айына жоспарланғанын айтты. Жаңа өндіріс орны Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылындағы Damu Logistics индустриялық-логистикалық кешенінде орналасқан. Зауыттың жалпы аумағы 55 мың шаршы метрді құрайды. Бизнесменнің сөзінше, кәсіпорын құрылыс жұмыстары толық аяқталмаса да, қазірдің өзінде іске кіріскен. Қазіргі кезде Еуропадан келген мамандар зауыттағы жаңа технологиялардың жұмыс сапасын бағалап, жабдықтардың соңғы тестілеуін өткізіп жатыр. Алагөзовтің айтуынша, зауыт құрылысы өте жылдам қарқынмен жүрген. Алғашқы құжаттық жұмыстары былтыр тамыз айында…

Read More

«Бәйтерек» холдингі жеке банктер секілді толық бақылаудан тыс, параллельді қаржы жүйесіне айналып кеткен жоқ па? Осы сауалға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Холдинг бүгінде бизнесті қолдаудың барлық қаржылық құралдарын несиелеу, лизинг, сақтандыру, субсидиялар мен кепілдіктерді өзіне шоғырландырған. Алайда, жеке банктерге қойылатын қатаң бақылау мен реттеудің астында емес. Сүлейменовтің өзі де жағдайдың алаңдатарлық екенін жоққа шығармады. «Шынында да, «Бәйтеректе» қаржы нарығының барлық мүмкіндіктері бар: несие береді, кепілдік ұсынады, субсидия бөледі. Бірақ, менің білуімше, бұл құрылым толыққанды банктік реттеуге жатпайды. «Қазақстанның Даму банкі», «Отбасы банк» секілді ұйымдарда бөлек заңдар мен қадағалау элементтері болғанымен, олардың деңгейі жеке банктерге…

Read More
доллар бағамы төмендеп

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы төмендеп, орташа бағамы 512,53 теңгені құрады, деп хабарлайды Ertenmedia. Бір күндік сауда қорытындысы бойынша, АҚШ валютасы 4,25 теңгеге арзандады. Ал Ұлттық банктің 28 қарашадағы ресми бағамы – 516,86 теңге. Қазіргі уақытта Алматы мен Астанадағы айырбастау орындарында доллар бағамы төмендегідей қалыптасқан: Алматыда долларды орташа сатып алу бағамы – 511,35 теңге, ал сату – 514,36 теңге. Астанада долларды сатып алу орташа есеппен – 510,38 теңге болса, сату бағамы – 517,38 теңге деңгейінде тұр. Айта кетсек, 28 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырған болатын. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, теңгенің нығаюы ішкі…

Read More
қазақстандық банктер

Қазақстандық банктер мемлекеттен алған қаржылық көмекті біртіндеп қайтарып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Бас банкир Тимур Сүлейменов Астанада өткен баспасөз мәслихатында соңғы екі жылда мемлекетке 700 миллиард теңгеден астам қаржы кері төленгенін мәлімдеді. Ұлттық банк басшысының айтуынша, бүгінгі күнге ірі қаржы институттарының басым бөлігі берешегін толық өтеп үлгерген. Нақтырақ айтқанда: Halyk Bank кейінгі екі жыл ішінде мемлекетке 250 млрд теңге қайтарды. Bank RBK 230 млрд теңге көлеміндегі көмекті толық қайтарды. Нұрбанк шағын банк ретінде 4,5 млрд теңге төлеген. Alatau City Bank былтыр 100 млрд, ал биыл қосымша 50 млрд теңге өтеді. Банк ЦентрКредит (БЦК) 60 млрд теңгелік қарызын толық жапқан. Сүлейменовтің…

Read More
Арыз-шағым

Президент Тоқаев Астанада өткен жиында әкімдермен кездесіп, жергілікті басқару жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, депутаттар мен белсенділер халықтың жиі сайлаудан қажығанын алға тартып, аудан әкімдерін сайлау тәртібін қайта қарауды ұсынып отыр. «Кейбір сарапшылар мен азаматтар сайлау науқандары нақты жұмыстың орындалуына кедергі келтіреді деген пікірде. Бұл уәжді ескеруіміз керек. Аудан әкімдерін сайлау жүйесінің артықшылығы мен кемшілігін мұқият зерделеген жөн. Үкімет пен Парламент осы мәселені жан-жақты талқылап, нақты бір шешімге келуі тиіс», – деді Тоқаев. Президент ауыл әкімдерінің құзыретіне қатысты да елеулі ескертпе жасады. Оның сөзінше, ауылдық деңгейдегі әкімдер тұрғындардың нақты мәселесін шешетін құзыретке ие емес. Олардың көпшілігінде…

Read More
НаркоСтоп

Алматыда «НаркоСтоп» жобасы аясында көптеген жұмыстар атықарылуда. Қалада нашақорлықпен күреске бағытталған кешенді жоспар бар, сол жоспар аясында төрт мамандандырылған орталық жұмыс істеуде. Ең көзге түсетіні еріктілердің саны. Игі іске 3 мыңнан астам ерікті тартылған. Мұнда мәселе тек бір реттік акцияда тұрған жоқ, күнделікті көшеде де, интернетте де жүргізілетін алдын алу жұмыстарын қамтиды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың басынан бері 180-нен астам іс шара өткен. Қала көшелерінде тыйым салынған заттарды жарнамалайтын трафарет пен граффити көп кездеседі, әсіресе аялдама маңы, жаяу жүргінші жолдары, ықшам аудандардың қабырғалары жиі таңбаланады. Сол жазулардың 18 мыңнан астамы боялып, өшірілген. Ақпараттық жұмыс та қатар жүріп жатыр. Алдын…

Read More

Бас банкир Тимур Сүлейменов кейінгі уақытта доллар сұранысы артқанымен, теңгенің керісінше не себепті нығайып жатқанын түсіндіріп берді, деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, қазір валюта нарығында бір-біріне қарама-қайшы екі фактор қатар әрекет етуде. Бірінші фактор доллар сұранысының күрт өсуі. Қазақстандық кәсіпкерлер алдағы қосымша құн салығының (ҚҚС) қымбаттауына дейін тауарларды жаппай сатып ала бастаған. Өйткені, қазір импорттаушылар ҚҚС-ты 12% төлесе, қаңтардан бастап ол 16%-ға өседі. Сондықтан бизнес өкілдері долларды белсенді түрде сатып алып жатыр. «Импортшылар желтоқсанда кір жуғыш машина, телефон немесе басқа тауарды әкелсе, қосымша құн салығын 12% төлейді. Ал қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға өседі. Сондықтан импорт қазір қарқынды жүріп жатыр.…

Read More
ТЖД тікұшағы

Алматы облысында «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқық қорғау органдары су айдындарын бақылауды күшейтіп жатыр. Жуырда полиция қызметкерлері Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының мамандарымен бірге Қапшағай су қоймасы бойымен және Іле өзенінің жоғарғы ағысы бағытында тікұшақпен профилактикалық рейд өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай формат жерден көру қиын болатын учаскелерді биіктен шолып, нақты бақылауға мүмкіндік береді. Су айдынының жалпы жағдайын, жағалаудағы қозғалысты, шағын қайықтар мен өзен арналарының бойындағы белсенділікті бір рейдтің ішінде бағалауға жол ашады. Рейдтің мақсаты браконьерлікті, балықты заңсыз аулауды және су айдынында жиі кездесетін экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтап, дер кезінде тоқтату. Тікұшақ арқылы бақылау кезінде мамандар заңсыз тор құруы мүмкін деген әлсіз…

Read More
Малофеев

Константин Малофеев өзінің Телеграм арнасында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстандағы орыс тілінің жағдайына алаңдап, керісінше Қырғызстанды мақтап, ойын жазыпты. Осыдан біршама уақыт бұрын Тоқаев Ресейге жасаған сапарында бірнеше облыста орыс мектептері салынатынын айтқан еді. Бірақ Малофеевке бұл азыдық ететін сыңайлы, деп жазады Ertenmedia.kz. Малофеев алдымен Солтүстік Кореяны мысалға келтіреді. Оның айтуынша, КХДР мектептерінде 4-сыныптан бастап орыс тілі міндетті пән ретінде енгізгенін айтып, сүйінші сұрапты. Солтүстік Кореядағы егде буын 1970-80 жылдары орыс тілін оқыған, кейін бұл дәстүр үзілген-ді. Енді олардың немерелері орыс тілімен қайта қауышыпты. Мұны Малофеев «соғыста Ресеймен бірге болған одақтас елдің сыйластығы» ретінде түсіндіріпті. Яғни, саяси жақындасу мен әскери ынтымақтастық тіл…

Read More