Автор: Асылхан Бөрібай

Қазақстанда банктер арасында мобильді аударымдарды реттейтін жаңа ортақ жүйе мен бірыңғай QR-код іске қосылады, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжіліс қабылдаған заңға сәйкес, банктер мен сақтандыру компаниялары енді қаржылық технологиялар саласына көбірек инвестиция сала алады. Сондай-ақ, жасанды интеллектіні пайдалану арқылы алаяқтық әрекеттің алдын алп, несие беру жүйесінің сапасын арттыру көзделген. Жаңа заң аясында Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы құрылып, бірыңғай QR-код пен банктер арасындағы мобильді төлемдер жүйесі енгізіледі. Сонымен қатар, Қаржы омбудсманының өкілеті кеңейіп, жеке тұлғалардың проблемалы несиесіне қатысты дауларды реттейтін болады. Заңда жеке тұлғалардың несиелік қарыздарын коллекторға сатуға салынған мораторий мерзімі 2027 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылғаны айтылды. Сақтандыру келісімшартын электронды түрде…

Толық оқу

Астанада әскери қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, армияның әлеуетін нығайту және әскери қызметтің беделін көтеру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов ведомство жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндады. Ол жауынгерлік дайындықты жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік стандарттары мен цифрлық шешімдерді енгізу төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Министрдің айтуынша, әскери қызметтің қауіпсіз жағдайын қалыптастыру және әскерге шақыру тәртібін ашық ету үшін Парламентпен, қоғаммен, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығымен тығыз байланыс қажет. Министр, әсіресе мерзімді қызметтегі сарбаздармен кешенді жұмысты күшейтуге…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты халыққа Жолдауында терең цифрлық жаңғыртудың маңызын атап өткен болатын. Осы бағытта Маңғыстау облысында қоғамдық қауіпсіздік, білім және медицина саласында цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Маңғыстау облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың шілдесінен бастап Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданында қоғамдық және жол қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша жасанды интеллектке негізделген «Сергек» жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде жүйе құрамында 148 фото-бейне тіркеу кешені және 402 қоғамдық орындарда орнатылған камера бар. Жасанды интеллект жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде анықтап, көлік нөмірін танып, деректерді құқық қорғау…

Толық оқу

Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров пен Мархабат Жайымбетов аудан әкімдерінің сайлауын уақытша тоқтата тұруды ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы депутаттар бүгінгі Мәжілістің отырысында сөз қозғады. Атап айтқанда, Ерлан Саиров депутаттық сауалында еліміз соңғы 5 жылда айтарлықтай ірі қадамдар жасап, бүгінде әрбір жексенбі сайын ауыл, аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатқанын айтты. Алайда мәселенің пысықтайтын тұстары да бар. – Әлі де сайланып жатқан ауыл әкімдерінің құзыретін, олардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін реттеу қажет екеніне көзіміз жетіп отыр. Заң аясында ауыл әкімдерінің құзыретін әлі де кеңейтуіміз қажет. Төртінші бюджетті қалыптастыру тетіктерін заңмен пысықтауымыз тиіс, – деді депутат. Ерлан Саировтың айтуынша, еліміз бүгінде аудан, қала…

Толық оқу
транзит Түркістан облысы

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына барып, жұмысшы топпен бірге арнайы кеңес өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасына жақын аумақтардағы қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстау, екі ел арасындағы өзара сенімге сызат түсіретін жағдайлардың алдын алу мәселелері сөз болды. Шекарадағы тыныштық тек шекарашының жұмысына ғана тірелмейді, кеден бекеттеріндегі тәртіп, кезек, тазалық, қызмет сапасы да сырт көзге елдің басқару деңгейін көрсетеді. Сондықтан кеңесте ашықтық пен тиімді басқару қағидалары нақты міндетке айналды. Үкіметтік селекторлық жиында көтерілген тағы бір түйін де назардан тыс қалған жоқ. Кеден бекеттерінің маңындағы жеке автотұрақтарда кездесетін келеңсіз көріністер, жүргізушілерге қысым жасауға ұқсайтын әрекеттер, делдалдардың…

Толық оқу
міндетін орындамайтын жауапсыз мердігерлерді

Алматы билігі тендірде жеңіске жетіп, артынан міндетін орындамайтын жауапсыз мердігерлерді тәубесіне түсірмек, деп жазады Ertenmedia. Кейінгі жылы мегаполистің табысы ұлғайып келеді. Былтыр қалалық бюджетке түскен қаржы көлемі 1,8 трлн теңгені құраған. Биылғы даму бюджетінің өзі 450 млрд теңгеден асып жығылған. Ақшаның дені маңызды инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалуда Құрылыс қарқыны да күшті. Емхана, балабақша, мектептер салынып, әлеуметтік нысандардың сейсмикасы күшейуде. Канализация, су құбырлары жөнделіп, көше мен жаяу жүргіншілер жолы жаңаруда. Қаланың шеткі аудандарына газ тартылып жатыр, жаңа саябақтың саны да артып келеді. Бірақ, бір нюанс бар… Осыны жүзеге асыруға жауапты мердігердің арасында міндетіне салғырт қарайтындар көп. Козачков телеграм арнасының мәліметінше Дархан Сатыбалды…

Толық оқу

Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тәртіп сақышылары жастарды психоактивті заттарды қолдануға тарту қаупін төмендету жолдары талқыланды. Мамандардың айтуынша, интернеттің ықпалы күшейіп, синтетикалық есірткіге қолжетімділік артқан сайын жасөспірімдерге бағытталған жасырын жарнама да көбейіп келеді. Әсіресе мессенджерлер арқылы таралатын ұсыныстар, жабық чаттар мен анонимді аккаунттар балаларды байқатпай тартып әкетуі мүмкін негізгі қауіп ретінде аталды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында өңірде профилактикалық жұмыстар кең көлемде жүріп жатыр. Жыл басынан бері мектептер мен колледждерде 360-тан астам дәріс пен кездесу ұйымдастырылған. Оған психологтар, ішкі істер органдарының инспекторлары, жастармен жұмыс істейтін мамандар қатысқан. Мамандар тек лекция оқып кетпей, оқушылармен ашық…

Толық оқу
Қаржы қауіпсіздік

Түркістан облысында «Қаржылық қауіпсіздік алауы» атты аймақтық эстафета мәресіне жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен өткен шараның мақсаты халықтың қаржылық сауатын арттыру, алаяқтық әрекеттер мен жеке деректер ұрлығына қарсы иммунитет қалыптастыру. Эстафетаға өңір жастары, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері белсенді қатысты. Аудандарда қаржылық қауіпсіздікке арналған түрлі акциялар, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жиында қаржылық сауаттылықтың маңызы, цифрлық дәуірде жеке ақпаратты қорғау мен онлайн алаяқтықтың алдын алу шаралары сөз болды. Агенттік өкілдері эстафетаның жастарды ақпараттандыруда және қаржылық қылмыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Шара аясында қаржы саласындағы заманауи трендтер, алаяқтықтың жаңа әдістері және олардан қорғану тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ…

Толық оқу
Бақытжан

Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі мемлекет қайраткері, академик Бақытжан Жұмағұловтың «Тайталас тағдыр» кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шараны Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Нұрлан Оразалин жүргізіп, кітаптың бүгінгі қоғам үшін өзектілігін атап өтті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын сенатор Нұртөре Жүсіп, ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауын вице-министр Талғат Ешенқұлов жеткізді. Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев ғалымдар қауымы атынан жылы лебіз білдірді. Жиынға көрнекті ғалымдар, жазушылар, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Бірғаным Әйтімова, Уәлихан Қалижан, Қансейіт Әбдезұлы сынды тұлғалар кітаптың маңызына тоқталды. Автордың айтуынша, еңбек ұзақ жылдар бойы жазылып, әлі жалғасып келеді. Онда білім-ғылым, мемлекеттік басқару саласындағы…

Толық оқу
Смайылов

Солтүстік Қазақстан облысында бюджет қаржысы мен мемлекеттік активтердің қалай жұмсалып жатқаны тексерілді. Жоғары аудиторлық палата жүргізген ревизия өңірдегі бірқатар кемшіліктерді анықтап берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Бір қарағанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жақсы. Соңғы бес жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 69 пайызға өсіп, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі төмендеген. Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп, 600 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Алайда аудиторлар бюджет қаржысы мен активтерді басқарудан жалпы сомасы 140 миллиард теңгенің кемшілігін тапты. Ең алдымен, демографиялық ахуал қиын. Облыста табиғи өсім көрсеткіші төмендеп барады. Халықтың басқа өңірлерге көшуі әлі жалғасуда. Білім беру саласында да түйткілдер жетерлік. Үш ауысымда оқитын және апатты…

Толық оқу