9-11 августа состоится Первая онлайн-конференция для женщин «Девушка, женщина, старуха и другие мелочи жизни» «Девушка, женщина, старуха и другие мелочи жизни» — это первая онлайн-конференция о женской жизни, созданная женщинами Казахстана. Опытные специалисты разных сфер (психология, медицина, культурология, косметология) собираются вместе, чтобы рассказать о том, какие изменения (физиологические, эмоциональные, телесные) проживают женщины в разных возрастах и статусах. Основой конференции служат темы, о которых не принято говорить вслух. Они вызывают много разных эмоций: раздражение, недовольство, стыд, страх. Например, вопрос старения или материнского выгорания. Онлайн-конференция несет в себе образовательную, просветительскую функцию. Каждое выступление спикера — научно-обоснованная информация и практический опыт специалистов. В…
Автор: Асылхан Бөрібай
AmalBooks баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай «Қазақтарды қалай басқаруға болады» атты орыс тіліндегі кітап толықтай сатылымнан алынғанын айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл еңбек 1734 жылы Ресей империясының бас хатшысы әрі ғалым Иван Кириллов құрастырған тарихи құжаттарға негізделген. Кириллов патша үкіметіне қазақ жерін басқару туралы жобасын ұсынған еді. Кітапқа сол құжаттармен қатар, Қазақстанның Ресей бодандығына өткеннен кейінгі кезеңде отарлау қалай жүргенін айғақтайтын маңызды тарихи деректер де енген. Кітаптың жарық көруіне бизнесмен Кеңес Рақышев демеушілік жасағаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде, әсіресе Meta мен TikTok-та кітаптың атауы мен мұқабасына қатысты сын күшейді. TikTok желісінде жүздеген адам пікір білдірген. Бір топ қолданушы «кітап тарихты түсінуге…
30 000-нан аса қазақстандық пен елорда қонақтары Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» — La Bella Principessa көрмесін тамашалады. Италияның Қазақстандағы елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant, Италияның мәдениет институты мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің күш-жігерінің арқасында атақты итальян суретшісінің шедеврі Астанадағы ҚР Ұлттық музейіне қойылды. Көрменің алғашқы қонағы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Ақорданың баспасөз қызметі мәліметінше, маусымның басында Мемлекет басшысы Ұлттық музейге барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, Президентке La Bella Principessa картинасы көрсетілді. Көрменің ашылуы ҚР Ұлттық музейінің он жылдық мерейтойымен және иелерінің айтуынша, 528 жасқа толған картинаның туған күнімен тұспа-тұс келді. Астанада көрмені…
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов спортшылардың допинг қабылдауы туралы айтты. Оның сөзінше, қазір қамауда отырған Талғат Ермегияевтің кезінде допинг қабылдаған спортшылар жарысқа оңай шығып жүрген. Себебі Ермегияев халықаралық ауыр атлетика федерациясымен келісіп қоятын көрінеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Айта кетейік, Талғат Ермегияев 2011-2012 жылдары аралығында Туризм және спорт министрі болған. Өтешов ауыратлеттердің допинг қабылдайтыны рас екенін айтты. «Жалпы допинг деген дәрі жоқ. Аспирин ішсең де ол допинг болып саналады. Допинг — жалпы атауы. Бәрін салады. Допинг полициясы мен біздің министрлік келіседі. Бәрі ақшаға байланысты. Олар бізді тексеруге келеді. «Двойник» деген нәрсе болады. Менің «двойнигім» Айдос деген інім…
Желіде «Қазақтарды қалай басқару керек» деген кітаптың ашық саудаға шығарылуы қызу пікірталас туғызды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы әлеуметтік желіде блогер әрі медиа продюсер Нұрқожа Ерсайын мәлімдеп, наразылығын білдірді. Айтуынша, аталған кітап Алматыдағы туристер жиі аялдайтын жанармай құю бекетінің дүкенінде сатылып жатыр. «Алматының қақ ортасында «Как управлять казахами?» деген кітап емін-еркін сатылуда. Автор 1734 жылы қазақ қоғамы жоңғар шапқыншылығынан әлсіреп, Ресейдің қоластына өте бастаған кезде осы «нұсқаулықты» жазған Иван Кириллов. Мұнда қазақ пен қырғыз руларының арасына от жағып, оларды бөлшектеу арқылы отарлау туралы ашық жазылған. Кітап мұқабасының өзінде қазақ ханының орыс офицерлері алдында бас иіп тұрған суреті бейнеленген. Бұл – ұлтты…
Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасында бірінен соң бірі сүрініп жатқан боксшылардың дайындығын сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сәрсекбаев ұлттық құрама сапындағы спортшылардың физикалық дайындығы өте төмен екенін баса айтты. «Біздің жігіттердің физикасы сын көтермейді. Екінші раундтан бастап-ақ демдері жетпей, рингте әрең қозғалып жүр. Соққылары әлсіз, комбинация мүлдем көрінбейді. Үш минуттық бір раундта қанша соққы жасауға болатынын білеміз. Сонда физикалық дайындығына жауапты арнайы шақырылған маман қайда? Ғылыми топ қайда қарап отыр? Боксшыларымыз үш раундты толық өткізе алмай, аяғына әрең тұрса, бапкерлер не істеп жүр? Бәрің жиылып, құр босқа Олимпиадаға шұбырып барғансыңдар ма? Бір ғана сұрақ қояйыншы: әрбір боксшы лицензияны…
Астаналық блогерлер Ұлан Әбішев пен Алмас Алтай Қазақстанда шығарылған Attar брендінің дөңгелек жиынтығына ұтыс ойынын ұйымдастырды. Акция блогерлердің аудиториясы арасында үлкен қызығушылық туғызды. Дөңгелек өндірісі Сарандағы 106 мың шаршы метр аумақта жүргізіледі. Өнімдер Қазақстан аумағына да, экспортқа да шығарылады. Зауытта шикізат, резеңке қоспалар дайындаудан, дөңгелектерді жинаудан бастап вулканизация мен сапаны бақылауға дейінгі барлық технологиялық процесс бірыңғай схема бойынша жүзеге асырылды. Өндірістегі бірегей технологиялар мен жабдықтар автоматтандырудың жоғары деңгейімен, энергия тұрғысынан тиімділігімен және қоршаған ортаға өте төмен деңгейде әсер ететінімен ерекшеленеді. ҚХР, Германия, Италия, Португалия және Жапония секілді әлемдік өндірушілерден 800-ге жуық жабдық орнатылған. Бұл — Орталық Азиядағы алдыңғы қатардағы өндірістердің…
Көлік министрі Марат Қарабаев Катон-Қарағай мен Кендірлідегі шағын авиацияны дамыту қаншалықты орынды екені туралы сарапшылардың да, өзінің қоластындағылардың да, азаматтық авиация комитетіндегілер мен «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлерінің де ойын пысқырмаған. Бұған болжам бойынша, Кендірлі, Катон-Қарағай және Зайсандағы әуе қатынасын дамыту мәселелері жөніндегі кеңестегі ер адамдардың әңгімесі дәлел. Олардың біреуінің даусы Қарабаевқа ұқсайды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Kaztag-қа сілтеп. «Ашығын айтайын, маған да вице-министр, комитет, «Қазаэронавигация» шағын авиация жетеді дейді. Үлкен әуе кемелері Кендірлі мен Катон-Қарағайда керек емес дейді. Бірақ барып келдім ғой, менің ойым мүлде басқаша болып қайтты», — дейді аудиода Қарабаев. Бірақ Қарабаев миллиард теңгеге бола майдаланып кетпеген. «Егер әңгіме 6-7 миллиард теңге…
«Отбасы банк» АҚ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, моноқалалар тұрғындары үшін жеңілдігі бар ипотека жобасын әзірледі. Бағдарлама білікті кадрларды өңірде ұстап қалу және тарту үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында құрылған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Елімізде урбанизация қарқынды жүруде. Ауылдардан, қала берді, үлкен қалалардан да тұрғындардың жаппай көшіп жатқаны жасырын емес. Әсіресе, егер елдімекендерде қала құраушы кәсіпорындар болмаса, жергілікті халық үдере көшіп,жұмыс іздеп, қалаға ағылатын тенденция бар. Моноқалалардағы көптеген салада мамандардың жетіспеушілігі осындайдан шығып отыр. Облыстық әкімдік қарамағындағы Білім, денсаулық сақтау, ТЖ қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының деректері бойынша Риддер, Алтай ауданы, Зайсан және Шемонаиха аудандарында 409 маман жетіспейді. Расымен…
Қоғам қайраткері Арман Шораевқа қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы ақпаратты Tengrinews.kz-ке Нұра ауданы прокуратурасы растады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «2024 жылғы 24 шілдеде Нұра аудандық полиция басқармасы ҚК 109-1-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша А.Т. Шораевқа қатысты қылмыстық істі тараптар татуласуына байланысты тоқтатты», — деп жазылған Астана прокуратурасының ресми сауалға жауабында. Бұл әрекет «қылмыстық теріс қылықтарға» жататыны айтылды. Еске салайық, бұған дейін белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм арнасында хабарлады. Оның сөзінше, оқиға Астана қаласында болған. Артынша Арман Шораевтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше медиада тараған ақпаратқа жауап берді. Оның сөзінше, Козачков…
