Адвокат Жанна Оразбахова Қуандық Бишімбаев мерзімінен бұрын шығып кетуі мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты түскен істі қарауға кіріскен. Осылайша, Салтанаттың ағасы Айтым Амангелді экс-министрден өтемақы өндіріп алмақ. «Мәселе ақшада емес. Бастысы қылмыскерді мерзімінен бұрын шығып кету мүмкіндігінен айыру. Өтемақы сомасы көп болған сайын оның бостандыққа шығып кету мүмкіндігі де аз болады», — дейді адвокат. Айта кетейік, 27 тамызда Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы талап еткені белгілі болды. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. 13 мамырда Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстандықтар мопедтерін тіркеуге міндеттеледі. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда мақұлданды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Қолданыстағы норма бойынша ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 километрден асатын мопедтер тіркеуге жатады. Ал қаралып отырған заңға сәйкес барлық мопед тіркеуге жатады (қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын); Мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал «А» және «В» санаттарының болуы да мопедті басқару құқығын растайды деген норма…
Home Credit Bank-тің «ВТБ Қазақстанмен» қарым-қатынасты тоқтатуы Қазақстан банк секторы үшін күтпеген және маңызды оқиға болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Fragment арнасына сілтеп. Арна мәліметінше, халықаралық санкциялар жағдайында, әсіресе Ресейге қарсы қатаң шаралар қолданылып жатқан кезеңде, бұл қадамды банк өз қауіпсіздігі үшін жасаған. «Негізінен, мұндай шешім Home Credit Bank-тің Қазақстандағы нарықтағы позициясын қорғауға және болашақтағы санкциялық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған. Мәселе мынада, ВТБ санкцияларға тап болған ең ірі ресейлік қаржы институттарының бірі. АҚШ пен басқа да батыс мемлекеттері бұл банкті бірқатар шектеулермен қамтыған, ал оның «еншілес» ұйымдары да санкциялардың ауыр салдарын сезіне бастады. «ВТБ Қазақстан» да осы санкциялардың қысымына ілініп,…
«Ауыл әкімі түн жарымында терезеден үйге кіріп, зорламақ болды». Осылай деп әділдік іздеген Жетісу облысының тұрғыны әкіммен соттасып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әсем Бөкенова «сол күнді есіме алсам қорқыныштан әлі күнге дейін қол-аяғым дірілдейді» дейді. Күйеуі үйде болмаған. «Алматы» телеарнасына сұхбат берген әйелдің айтуынша, балаларының жанында қаперсіз ұйықтап жатқанда түн ортасында ауыл әкімі терезеден ішке кірген. Шырт ұйқыдан шошып оянған ол жарықты жағып үлгергенін айтты. Ал арам ойы іске аспаған әкім түк болмағандай, есіктен сыртқа шығып кеткен. «Халықтың алдына шыққаным маған да оңай болып тұрған жоқ. Төрт бала асырап отырмын. Үйде әпкемнің 17 жастағы қызы бар. Егер мен болмасам қызға тиісер…
Қазақстан АҚШ-қа 49 жылға жалға жер береді. Жер Алматыдағы Американың консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін берілетіні айтылған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазақстан Республикасының Үкіметі Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ-тың консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», – делінген Қазақстан Үкіметінің қаулысында. Келісім жобасына сәйкес Алматы қаласындағы Жамақаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдара Көсе көшесінің арасында орналасқан жер учаскесі жалға беріледі. Жалдау мерзімі шарт жасалған күннен бастап 49 жыл деп есептелінген. Бұл ретте жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін. Учаске ауданы – 70 593 шаршы метр. «Жалға алу ақысы (жалпы ұзақтығына…
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, заңсыз берілген жерлердің мәселесін көтерді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Тоқаев биылғы Жолдауында да заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару қажет екенін мәлімдеді. Депутаттың сөзінше, әкімдіктер тарапынан заңсыз әрі конкурссыз берілген 2 мыңға жуық шешімдердің жұмысын «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен қайтаруды тапсырған. «Соңғы уақыттарда республикалық жер комиссиясы мен оның инспекторларына жан-жақты заңсыз қысым көрсетілуде. Бұл комиссияның жүйелі жұмыс жасауына үлкен кедергілер келтіріп отыр. Мысалы, Үкіметтің вице-премьері Нұрлан Байбазаровтың кәсіпкерлерден түскен арыз өтінішінен кейін негізсіз хаттамалық шешім шығарды. Дәлел ретінде, хаттамалық шешімде – жұмыс тобын құрып, оның аясында заңсыз, яғни конкурссыз берілген жерлердің құжаттамаларына…
Алматы облысы Есік қаласында жаңа мектеп ашылды. Оқу орнының құрылысын Болат Өтемұратов қорының қолдауымен «Верный капитал» компаниялары тобына енетін ForteBank қаржыландырды. Жобаның құны 8,1 млрд теңгені құрады. Мектептің құрылысы аяқталғаннан кейін Алматы облысы әкімдігінің балансына өтеусіз берілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған жаңа оқу орнында бірден 900 оқушы оқиды. Жаңа мектеп ең жоғары сапа критерийлеріне сәйкес салынып қана қоймай, сонымен қатар үстелдер мен орындықтардан бастап компьютерлерге дейін толық жабдықталған. Есік қаласындағы заманауи мектептің құрылысы 2023 жылдың көктемінде Алматы облысының әкімдігі кәсіпкерлер мен меценаттарға өтініш білдіргеннен кейін басталды. Аймақтағы оқу орындарының тапшылығынан көптеген мектептерде үш ауысымдық оқу процесі жұмыс істеді…
Алматы соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір үкім шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол кәсіпкерді бопсалап, заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 12 жылға сотталды. Оның көмекшісі әрі жүргізушісі Мәди Батыршаев та кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейінгі сот отырыстарында Батыршаев өзіне тағылған айыпты мойындамай, судьядан әділ шешім күтетінін жеткізген болатын. Айта кетсек, Гүлмира Сатыбалдыға былтыр да екі рет сот үкімі шыққан. 2023 жылдың маусымында Қызылорда соты оны бөтен мүлікті заңсыз иемденіп, талан-таражға салғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырған еді. Одан бұрын Астана соты Сатыбалдыны «Адам ұрлау» және «Өзінше билік ету» баптары бойынша…
Конституция күніне орай Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Sun City» тұрғын үй кешенінде 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Баспана 10 жылдан астам уақыт үй кезегінде тұрған отбасыларға берілді. Пәтерлер Конституция күні қарсаңында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана сатып алу бағдарламасы шеңберінде табысталды. Бұл пәтерлер «KazSMU» ЖШС жүзеге асырған 360 пәтерлі кешеннен сатып алынды. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы қатысып, тұрғындарды құттықтады. Ол: «Тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттағы басымдық. Тұрғын үй мәселесіне қатысты жағдайды түбегейлі өзгерту керек. Бұл сұрақ әрдайым…
2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады. Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.









