Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қаржылық мониторинг агенттігі Ресей, Украина, Қазақстан азаматтарына халықаралық іздеу жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған; Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған; Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған; Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған. «Оларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңге», — деп жазылған ҚМА хабарламасында. Агенттік іздеудегі адамдардың орналасқан жері туралы қандай да…

Толық оқу

Түркістан облысында бір әулеттің 5 адамы ауыр жаза арқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. КТК телеарнасының мәліметінше, екі адамды атып өлтірді деген күдікке іліккендердің  екеуі 20 жыл, қалған үшеуіне 25 жыл жаза кесілді. – Қанды қылмыс былтыр тамыз айында Арыс қаласында болған. Жер үйдің ауласында демалып отырған жігіттерді бетін тұмшалаған екі жендет қарумен атып кеткен. Оқиға орнында бокстан бұрынғы облыс чемпионы, «Черный Алмас» лақап атымен танымал Алмас Жолдасов пен 23 жасар Жандаулет Қабылов көз жұмды. Жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Жараланғандардың бірі полиция қызметкері екен. Көп ұзамай 53 және 25 жастағы жалдамалы жендеттер ұсталды. Олар тіпті адам өлтіруге тапсырысты кім бергенін…

Толық оқу

Депутат Ермұрат Бапидің қазіргі жағдайы белгілі болды. Еуропадан оралған депутаттың видеосын Болат Әбілов жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бүгін Германиядан жақында оралған депутат Ермұрат Бапимен сөйлестім. Берлиндегі «Шарите» клиникасындағы тексерісте Ерекенің (Ермұрат Бапидің) ағзасынан улы зат «Новичоктың» іздері табылған жоқ. Оның уланғаны туралы қауесет асыра айтылған», — деді ол. Видеода Ермұрат Бапидің өзі де мұны жоққа шығарды. «Денсаулығым әзірге жақсы, Германияда диагноз қойылды. Енді емделуге бару керек. “Новичок” белгісі жоқ сияқты, өйткені сіздің жаныңызда отырмын ғой», — деді депутат. Айта кетейік, Ермұрат Бапи бұған дейін әлеуметтік желіде денсаулығы туралы жазған болатын. «Ауырып қалған жағдай бар… Диагноз белгісіз… Улану мен уландыруға қатысты…

Толық оқу

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді. Іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (53,1%) АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, соның ішінде 2030 жылға қарай электр тапшылығы мәселесі шешіледі деп сенеді. АЭС салу идеясының қарсыластары (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық танытады. Сонымен қатар әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасаған жоқ.…

Толық оқу

Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса желіде тараған ақпаратқа қатысты алғаш рет пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі түннен бері хабарласып, жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр?», — дейді Клара Иса. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде танымал қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап кетті. Мәселеге Алматы полициясы пікір білдірді. Полицияның мәліметінше, Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған. «Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарлама.

Толық оқу

Мұхтар Жәкішевпен тізе қосып жұмыс істеген «Қазатомпромның» бұрынғы вице-президенті Рүстем Тұрсынбаевтың айтуынша, Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу — бұл экономикалық тұрғыдан күмәнді жоба ғана емес, сонымен қатар, саяси қаупі басым авантюра, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тұрсынбаевтың пікірінше, Қазақстанда қазірдің өзінде электр энергиясының профициті бар, АЭС салуға қарсы ең басты аргумент — осы. «АЭС салу туралы әңгімелер шын мәнінде ешқандай негізі жоқ, бос ұран ғана. Қазақстанның болашағы мұндай мега-жобаларда емес, саяси жүйені түбегейлі өзгертуге, бизнес, билік және қоғам арасындағы жаңа, еркін қарым-қатынастарды дамытуға байланысты. Бағасы удай қымбат АЭС-тың орнына Қазақстан күн батареялары мен жел генераторлары сияқты баламалы энергия көздерін дамытуға назар…

Толық оқу

Антикор маңызды мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескерту жасады. «Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», деп үн қатты агенттік.

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Президентке Kaspi.kz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысына ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бүгінде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін Kaspi.kz технологияларының көмегімен дамытып жатыр. Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде тауарлар мен қызметтер үшін 12 триллион теңге көлемінде қолма-қол ақшасыз төлем жасалып, 150 мың жеке кәсіпкер тіркелген. Мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген онлайн-сервистердің көмегімен қазақстандықтар салықтарды мерзімінде төлеу мүмкіндігіне ие болды. 2024 жылдың 6 айында аталған қызметтер арқылы бюджетке 1,1 триллион теңгеден астам салықтар мен…

Толық оқу

Қазақстан ҰОК Бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұған дейін Dala Inside Париждегі Олимпиададан кейін үлкен кадрлық өзгерістер күтетінін болжаған еді. «Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Ж.Утешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», — деп жазылған хабарламада. Өтешова ҰОК-тағы қызметке биыл ақпанда келді.

Толық оқу

Биыл да министрлік ҰБТ мен грант тақырыбына қатысты даудан шет қалмады. Белгілі адвокат Халида Әжіғұлова гранттан қағылған түлектер Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарсы арыз жазып жатқанын айтты. Адвокат ErtenMedia.kz-ке осы мәселенің жай-жапсарын мәлімдеді. Халида Әжіғұлованың айтуынша, кеше бірінші талапкер тиісті министрлікке қарсы әкімшілік шағым түсірген. Адвокат «министрлік қатесін мойындамай, заңнаманы бұза отырып, ТЖ квотасын өз бетінше енгізуге құқылы болғандай кейіп танытуда» деп үндеу жасады. «Министрлік өз гранттарынан заңсыз айырылған талапкерлерді үнемі елемей қала алмайды. Су тасқынынан зардап шеккендер түлектерге көмектесу мақсатында жылдар бойы грантқа қол жеткізу үшін тынбай дайындалған басқа балалардың құқықтарын шектей алмаймыз. Басқа біреудің есебінен қайырымдылық жасауға…

Толық оқу