Кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекетке құны 35 миллиард теңге болатын мұнай компаниясын қайтарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II компаниясы толығымен мемлекет балансына өтті. Бұл туралы акционерлер тізілімінің үзінді көшірмесінде айтылған. Құжат KASE-де 1 тамыз күні пайда болды. Құжатқа сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша «Phystech II» АҚ жалғыз акционері — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Компанияда барлығы 18,5 миллион акция бар, оның 13 749 100 акциясы қор биржасында тіркелген. Айта кетейік, акционерлік қоғам Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында мұнай өндіреді, оның құны 35,5 млрд теңгеге бағаланды. Боранбаев Phystech II-ді KazTurboRemont холдингі арқылы басқарды. Айта кетейік, былтыр…
Автор: Асылхан Бөрібай
Нұртас Адамбай өзіне қатысты дау қайдан шыққанын түсіндірді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның сөзінше, мәселенің бәрі әлеуметтік желідегі жазбадан басталған. «Астана Дін істері басқармасы мені Instagram-дағы парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін сотқа берді. Шынымды айтсам, елімізде Құран аудармасын келтіруге болмайтынын білмедім», — деді ол желіде. Айта кетейік, бұл іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. «Нұртас Адамбайға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр», — деп жазылған деректе. Сот кабинетінде жарияланған материалдарда осы баптың 1-бөлігінің 3-тармағы былай көрсетілген: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды…
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзіне дейінгі басшының енгізген шешімдерін өзгертіп, білім саласын қайтадан таз қалпына түсірді. Бұл туралы белгілі педагог, білім сарапшысы Аятжан Ахметжанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, Бейсембаев министрлікке келгелі білім саласындағы жүйесіздік қайта күшейе бастаған. «Аймағамбетовтің министр кезінде оқушыларды бір мектептен екіншісіне тоқсан арасындағы демалыс күндерінен басқа уақытта ауыстыруға тыйым салған болатын. Биыл Оқу-ағарту министрлігі осы шектеуді алып тастады. Неге? Өйткені кейбір жекеменшік мектептер әр айдың 15-іне мемлекетке оқушылардың тізімін өткізеді. Сол кезде қарапайым мектептен балаларды он күнге «жалдап әкеліп», тізімге қосып, қайтадан шығарып жібереді. Мұндай құйтырқы әрекетті ата-аналар да білмей қалады. Бұрын осындай жемқорлықты тоқтататын едік.…
Танымал әзілкеш, режиссер Нұртас Адамбай сот алдында жауап бермек. Бұл туралы ақпарат Сот кеңсесінде пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. «Нұртас Адамбайға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр», — деп жазылған деректе. Сот кабинетінде жарияланған материалдарда осы баптың 1-бөлігінің 3-тармағы былай көрсетілген: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығару, басып шығару және (немесе) тарату. Бұл құқықбұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде (184 600 теңге), заңды тұлғаларға 200 АЕК мөлшерінде (738 400 теңге) айыппұл…
Қарағанды облысында Қаржылық мониторинг агенттігі бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін тергеп жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған. «Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген. Бұл азамат ұсталып, оған қатысты сот «үй қамақа алу» шарасын қолданды», — деп жазылған хабарламада. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорнының басшысы жемқорлық фактісі бойынша сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотында «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық дерегі бойынша сотталды. «Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған», — деп жазылған хабарламада. Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа – 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» төрағасы қызметінен кететіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Актердің киностудиямен арадағы келісімшартты ұзартқысы келмейтіні туралы мәлімет БАҚ-та жарияланды. Сатыбалдының өзі қазір халықаралық киножобаға түсу мақсатымен Қытайда жүр. Алайда Мәдениет және ақпарат министрлігі әлгі ақпаратты жоққа шығарып, Сатыбалдының қызметтен кетпегенін мәлімдеді. Азамат Сатыбалды «Қазақфильмді» басқарғалы киностудия айналасындағы дау-дамай көбейген. Парламент депутаттары кино өндірісіне бөлінген миллиардтаған қаражаттың тиімсіз жұмсалуын сынға алған еді. 2016-2022 жылдар аралығында «Қазақфильмге» мемлекет бюджетінен 14,5 млрд теңге қаржы бөлінгенімен, шығынның тек 4,8 пайызы ғана ақталған. Жақында киностудиямен байланысты тағы бір жанжал бұрқ етті. «Алтын адам» анимациялық фильмінің қызметкерлері жеті ай бойы жалақы алмағандарын айтып,…
Журналист Бақтияр Тайжан Олимпиада ойындарында бағы жанбай қалған Абиба Әбужақынованың үйі ипотекада екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оның сөзінше, Абиба — Өзбекстанның тумасы, сүті қазақ. Өзбекстан құрамасында бірінші болған. «Ала топылы ағайын жеме-жемге келгенде жауапты жарыстарға Әбибаны емес, оның көлеңкесінде жүрген өзбек қызын таңдайды. Ол үшін өзбек ағайындарды кіналауға болмас. «Қарына тартағанның қары сыпсып» деген бар. Реті келсе, біз де осындай таңдауда қазағымызға бұрып тұрамыз. Әбиба мен бірге тағы бір қазақ қызы Есмигүл Күюрова да тарихи Отанына оралды», — деді Бақтияр Тайжан. Өзбекстаннан елге келген танымал спортшылар, қазақ атын аспандатқан спортшылар аз емес. Дегенмен Абиба Әбужақынованың жөні бөлек. Бүгінде Әбиба…
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғышы Дариға мен кенжесі Әлия бітімге келуден бас тартты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен және кіші қыздары — Дариға мен Әлия арасындағы «қырғиқабақ» соғыс аяқталатын түрі жоқ. «Назарбаев олимптен тайғаннан кейін, әулет үлкендері Дариға мен Әлияны татуластырғысы келген. Себебі, Назарбаевтың отбасы ішіндегі кикілжің қазіргі «Жаңа Қазақстан» жағдайында оларға мүлде қажет емес. Алайда сіңлілердің бір-біріне деген өкпесі тым ауыр сияқты», — дейді, жағдаймен жақсы таныс DALA INSIDE дереккөзі. Олардың жанжалы Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанның есірткіге тәуелді болуынан басталған еді. Анасынан қашып кеткен Айсұлтанды Әлия өз қамқорлығына алады. Артынан Дариға баласын алып кетуге келгенде, Әлия оның «баланың психикасын бұзды» деп…
Желіде Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысушыларға қатысты түрлі пікірталас жүріп жатыр. Соның бірі — дін тақырыбы. Журналист Ербол Жанатұлы споршылардың сөз саптауына қарап, түйткілді мәселені көтерді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Елдос кеше «Олимпиада чемпионы болу тағдырыма жазылған екен» деді. Үндемедік. Себебі ол — чемпион. Ал біздің санамыз атақты мен билігі бар адамды сынай алмайды. Асланбек жеңіліп қалғанда «Аллаһтың қалауы солай болды» деді. Сынадық. Себебі біздің санамыз әлсіз бен жеңілгендерді таптап өтіп, үстіне жуынды құйып кетуге бейім. Танымал спортшыларды «қаба сақал, қырма мұрт» қауым құшағына басып алғаны ешкімді алаңдатпайды. Мемлекеттің, салық төлеушілердің қаржысымен бала кезден бапталып, биікке жеткен спортшы — халық өкілі, халық…
