Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров өзіне қатысты тарап жатқан айыптауларға жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне тағылған айыптың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. «Үш қыздың әкесімін! Менің жағдайым төсектес қыз керек болса, зорлықсыз-ақ келетіндей деңгейде. Мұндай жаланың қайдан шыққанын өзім де түсінбеймін. Қазір мән-жайды анықтап, жаланы кімнің және қандай мақсатпен ұйымдастырғанын нақтылайтын боламын», – деді Жанқош Тұраров. Еске салсақ, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде танымал боксшы Жанқош Тұраровқа «қыз зорлады» деген айып тағылып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Алматы полициясы бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын растады. «Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама…
Автор: Асылхан Бөрібай
Батыс елдерінде бекітілген неолибералдық құндылықтарды қабылдамайтын адамдар орыс тілін, тарихын және Ресей заңнамасын білетінін растамай-ақ уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш бере алады. Бұған қатысты Ресей президенті Владимир Путиннің тиісті жарлығы жарияланған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Ресей Федерациясының Үкіметі бұл елдің құндылықтарына қайшы келетін саясатты жүргізетін мемлекеттердің тізімін анықтайды. Көшуге ниет білдіргендер сыртқы саясат ведомствосынан бір реттік үш айлық виза ала алады. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында уақытша тұруға рұқсатты ресейліктердің жақын туыстары, ата-аналарымен бірге тұратын балалар, шетелдік инвесторлар мен олардың туыстары, әскери қызметке тұратындар, отандастарды қоныстандыру мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар, Ресей жоғары оқу орындарын бітірген үздік студенттер,…
Жаңа Kaspi Red+ өнімінде енді 4 айға бөліп төлеу мүмкіндігі, 500 000 теңгеге дейінгі сауда лимиті және қосымша бонустар бар. Kaspi Red+ қызметіне қосылып, тиімді сауда жасауды Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы бір-ақ минутта бастауға болады. Біз сүйікті клиенттеріміз үшін Zara, Bershka, Pull&Bear, Oysho, Stradivarius, Massimo Dutti, Mango, Marwin, LC Waikiki, MonAmie, Swarovski және басқа да танымал дүкендерде Kaspi Red+ арқылы жасалған сатып алуларға 10% бонус науқанын іске қостық. Науқан 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Сүйікті клиенттерімізге тиімді зат сатып алуды, ал серіктестерімізге сәтті сауда тілейміз. Kaspi Red+ ті қалай қосуға болатынын Kaspi.kz мобильді суперқосымшасында Гид қызметінен біле аласыз.
Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты әлеуметтік желілер мен БАҚ бетінде «қыз зорлады» деген ақпарат тарады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәселеге қатысты Алматы қалалық полиция департменті пікір білдіріп, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. «Әуезов ауданының полиция басқармасы осы факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері. Осы ақпараттың таралуына байланысты Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде арнайы мәлімдеме жасап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол бұл жайтты «әділетсіз жала» деп атады. «Мен – үш қыздың әкесімін. Менің жағдайымда зорлық туралы сөз қозғаудың өзі қисынсыз. Қандай…
Министр Марат Қарабаев келер жылдан бастап елімізде рөлі оң жақта орналасқан көліктер такси қызметін атқара алмайтынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Тиісті ведомство InDriver-мен меморандумға қол қойған. Құжатта оң рөлді көліктерді InDriver жүйесінде тіркеуден бас тарту қарастырылған. «Оң рөлді көліктерге такси қызметін атқаруға тыйым салынады. Осыған байланысты InDriver де, Яндекс компаниялары мұндай көліктерді өз қосымшаларында тіркемейді», — деді Марат Қарабаев. Ведомство басшысының сөзінше, келер жылдың 1 қаңтарына дейін Яндекс, InDriver компаниялары оң рөлді көліктердің иелерін анықтап, оларға такси қызметін атқаруға рұқсат бермейді. «Шектеу бұған дейін рөлі оң жақта болған кейін оны сол жаққа ауыстырған көліктерге де қатысты болады. Рөлі сол жаққа…
Ақмола облысындағы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы резиденциясында елордалық балаларға арналған жазғы сауықтыру лагері ашылады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Власть» басылымына сілтеп. Астаналық активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының мәліметінше, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісінің Ақмола облысы Ақкөл ауданы Малый Барап ауылындағы бұрынғы резиденциясы былтыр шілдеде республикалық меншіктен елорданың білім басқармасының балансына берілген. «Былтырғы қыркүйекте жазғы балалар лагерін ашу үшін ғимарат Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының балансына берілді», — деп жазылған мәліметте. Сондай-ақ, былтыр Астанадағы жылжымайтын мүлік кешені қала әкімдігінің «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ балансына берілді.
Илья Ильин досы Алмас Өтешовтің ауыр тағдыры жайында ашық айтып, оның ем қабылдап жатқанын жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин белгілі спортшы Алмас Өтешовтің соңғы кездері ішімдікке салынып, ауыр күй кешкенін растады. Оның айтуынша, Алмас ұзақ жылдар бойы ішімдікке тәуелді болып, сол әдеттің кесірінен өмірі күрт өзгерген. «Алмас досым әрі ізбасарым. 14 жыл бір залда жаттықтық, бір жоспармен жұмыс істедік. Ол менің жүйеммен дайындалып, әлем чемпионатының күмісін жеңіп алды. Бірақ өмірінде қиын кезең басталды. Соңғы он жылда ішімдіктің құрсауына түсіп, көп қиындық көрді. Қоғамға ішіндегі өкпесін, жанайқайын жеткізгісі келді, ашық әңгіме айтты. Қазір Астанада емделіп жатыр.…
Марқұм Салтанат Нүкенованы әлеуметтік желіде қорлаған блогер сот арқылы жазаға тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының биылғы 20 мамырдағы шешімі заңды күшіне енді. Іс материалдарына сүйенсек, былтыр желтоқсан айында Антон Бударов «budarov_anton» деген парақшасында: «Бишімбаевтың әйелі Салтанатты жәбірленуші деп есептемеймін. Ол – қарапайым абьюзер, жанжал тудырушы. Астрология курстарын сатып, алаяқтықпен айналысқан. Олар кәдімгі кокаинге тәуелді отбасы, өзі де кәдімгі маргинал», – деген сипаттағы жазба жариялаған. Сот бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және Салтанат Нүкенованың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретінін анықтады. Сот шешіміне сәйкес, А.Бударов Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы осы жазған ақпаратын жоққа шығарып, ресми түрде терістеуге…
Қоғамда танымал әнші Абай Бегейдің кәмелетке толмаған қызы тұрмысқа шыққаны қызу талқыға түсіп жатыр. Жақындары қыздың жасы енді 17-ге толатынын айтқан. Мәселеге ҚМДБ өкілдері пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жуырда әншінің 16 жастағы Сымбат есімді қызы «неке қиған күнімізден естелік» деп сурет жариялаған. Артынша оны өшірген. ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы «Абай Бегейдің кәмелетке толмаған қызының некесін имам қимаған. Неке қию рәсімі мешітте өтпеген. Жастар мешіт ауласында естелікке суретке түскен», — деді. Кәмелетке толмаған қыздың некесіне қатысты ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі де мәлімдеме жасады. «Неке қию рәсімі мешітте болмағаны анықталды. Мешіт имамдары кәмелет жасқа толмаған қыздың некесін қимаған. Мешітке…
Украина қазіргі уақытта кеңестік заманның мұраларынан толықтай арылуға ұмтылып жатыр, — деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл үрдіс қоғамның барлық салаларына, оның ішінде шоу-бизнеске де әсер етуде. Кеңес Одағының символдары мен тұлғалары Украинада қарама-қайшылық тудыруда, оның жарқын мысалы — Виктор Цойдың шығармашылығы. Жақында Одессада блогер Юлия Караваджак Цойдың әндерін орындаған көшедегі музыканттарға ескерту жасады. Оның пікірінше, соғыс жағдайында кеңестік әндерді, оның ішінде Цойдың әндерін орындау ерсі. Бұл оқиға Украинада кеңестік мәдениеттің рөлі туралы жаңа пікірталастарды тудырды. Цойдың шығармашылығы кеңестік дәуірде еркіндік пен наразылықтың символы болғанымен, бүгінгі Украина үшін ол сол дәуірдің бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр. Украина Ресеймен мәдени байланыстарды үзуді, кеңестік…










