Автор: Асылхан Бөрібай

«Отбасы банк» АҚ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, моноқалалар тұрғындары үшін жеңілдігі бар ипотека жобасын әзірледі. Бағдарлама білікті кадрларды өңірде ұстап қалу және тарту үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында құрылған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Елімізде урбанизация қарқынды жүруде. Ауылдардан, қала берді, үлкен қалалардан да тұрғындардың жаппай көшіп жатқаны жасырын емес. Әсіресе, егер елдімекендерде қала құраушы кәсіпорындар болмаса, жергілікті халық үдере көшіп,жұмыс іздеп, қалаға ағылатын тенденция бар. Моноқалалардағы көптеген салада мамандардың жетіспеушілігі осындайдан шығып отыр. Облыстық әкімдік қарамағындағы Білім, денсаулық сақтау, ТЖ қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының деректері бойынша Риддер, Алтай ауданы, Зайсан және Шемонаиха аудандарында 409 маман жетіспейді. Расымен…

Толық оқу

Қоғам қайраткері Арман Шораевқа қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы ақпаратты Tengrinews.kz-ке Нұра ауданы прокуратурасы растады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «2024 жылғы 24 шілдеде Нұра аудандық полиция басқармасы ҚК 109-1-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша А.Т. Шораевқа қатысты қылмыстық істі тараптар татуласуына байланысты тоқтатты», — деп жазылған Астана прокуратурасының ресми сауалға жауабында. Бұл әрекет «қылмыстық теріс қылықтарға» жататыны айтылды. Еске салайық, бұған дейін белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм арнасында хабарлады. Оның сөзінше, оқиға Астана қаласында болған. Артынша Арман Шораевтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше медиада тараған ақпаратқа жауап берді. Оның сөзінше, Козачков…

Толық оқу

Париж Олимпиадасына қатысты тағы бір дау шықты. Кеше триатлоннан әйелдер арасындағы бәсеке өтті. Олимпиадаға Қазақстан атынан спортшы Екатерина Шабалина қатысқан болатын. Дегенмен Шабалинаның жолы болмады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Өкінішке қарай, ол жарысты толық аяқтай алған жоқ. Жүзуден 55-орын алған ол велокезең кезінде жарысты жалғастырудан бас тартты», — деп хабарлады olympic.kz. Дереккөздер Шабалинаға қатысты бұл жайттың себебін оның улануымен байланыстырды. Ресейлік Telegram арналар Шабалинаның Олимпиададағы сәтсіздігін сынай күліп, «Қазақстан үшін боққа баттың» деп айыптап жатыр. Өйткені спортшы бұған дейін азаматтығын ауыстырған. Деректерде оның Париж Олимпиадасына қатысу үшін Қазақстан азаматтығын қабылдағаны айтылады. Биылғы жазғы Олимпиададан кейін теннисшілер — Рыбакина мен Путинцеваның әрекетіне…

Толық оқу
Боранбаев

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекетке құны 35 миллиард теңге болатын мұнай компаниясын қайтарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II компаниясы толығымен мемлекет балансына өтті. Бұл туралы акционерлер тізілімінің үзінді көшірмесінде айтылған. Құжат KASE-де 1 тамыз күні пайда болды. Құжатқа сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша «Phystech II» АҚ жалғыз акционері — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Компанияда барлығы 18,5 миллион акция бар, оның 13 749 100 акциясы қор биржасында тіркелген. Айта кетейік, акционерлік қоғам Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында мұнай өндіреді, оның құны 35,5 млрд теңгеге бағаланды. Боранбаев Phystech II-ді KazTurboRemont холдингі арқылы басқарды. Айта кетейік, былтыр…

Толық оқу
Нұртас Адамбай

Нұртас Адамбай өзіне қатысты дау қайдан шыққанын түсіндірді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның сөзінше, мәселенің бәрі әлеуметтік желідегі жазбадан басталған. «Астана Дін істері басқармасы мені Instagram-дағы парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін сотқа берді. Шынымды айтсам, елімізде Құран аудармасын келтіруге болмайтынын білмедім», — деді ол желіде. Айта кетейік, бұл іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. «Нұртас Адамбайға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр», — деп жазылған деректе. Сот кабинетінде жарияланған материалдарда осы баптың 1-бөлігінің 3-тармағы былай көрсетілген: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды…

Толық оқу
Ғани Бейсембаев

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзіне дейінгі басшының енгізген шешімдерін өзгертіп, білім саласын қайтадан таз қалпына түсірді.  Бұл туралы белгілі педагог, білім сарапшысы Аятжан Ахметжанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, Бейсембаев министрлікке келгелі білім саласындағы жүйесіздік қайта күшейе бастаған. «Аймағамбетовтің министр кезінде оқушыларды бір мектептен екіншісіне тоқсан арасындағы демалыс күндерінен басқа уақытта ауыстыруға тыйым салған болатын. Биыл Оқу-ағарту министрлігі осы шектеуді алып тастады. Неге? Өйткені кейбір жекеменшік мектептер әр айдың 15-іне мемлекетке оқушылардың тізімін өткізеді. Сол кезде қарапайым мектептен балаларды он күнге «жалдап әкеліп», тізімге қосып, қайтадан шығарып жібереді. Мұндай құйтырқы әрекетті ата-аналар да білмей қалады. Бұрын осындай жемқорлықты тоқтататын едік.…

Толық оқу

Танымал әзілкеш, режиссер Нұртас Адамбай сот алдында жауап бермек. Бұл туралы ақпарат Сот кеңсесінде пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. «Нұртас Адамбайға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр», — деп жазылған деректе. Сот кабинетінде жарияланған материалдарда осы баптың 1-бөлігінің 3-тармағы былай көрсетілген: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығару, басып шығару және (немесе) тарату. Бұл құқықбұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде (184 600 теңге), заңды тұлғаларға 200 АЕК мөлшерінде (738 400 теңге) айыппұл…

Толық оқу

Қарағанды облысында Қаржылық мониторинг агенттігі бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін тергеп жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған. «Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.  Бұл азамат ұсталып, оған қатысты сот «үй қамақа  алу» шарасын қолданды», — деп жазылған хабарламада. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Толық оқу

Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорнының басшысы жемқорлық фактісі бойынша сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотында «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық дерегі бойынша сотталды. «Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған», — деп жазылған хабарламада. Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа – 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Толық оқу
Азамат Сатыбалды «Қазақфильм»

Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» төрағасы қызметінен кететіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Актердің киностудиямен арадағы келісімшартты ұзартқысы келмейтіні туралы мәлімет БАҚ-та жарияланды. Сатыбалдының өзі қазір халықаралық киножобаға түсу мақсатымен Қытайда жүр. Алайда Мәдениет және ақпарат министрлігі әлгі ақпаратты жоққа шығарып, Сатыбалдының қызметтен кетпегенін мәлімдеді. Азамат Сатыбалды «Қазақфильмді» басқарғалы киностудия айналасындағы дау-дамай көбейген. Парламент депутаттары кино өндірісіне бөлінген миллиардтаған қаражаттың тиімсіз жұмсалуын сынға алған еді. 2016-2022 жылдар аралығында «Қазақфильмге» мемлекет бюджетінен 14,5 млрд теңге қаржы бөлінгенімен, шығынның тек 4,8 пайызы ғана ақталған. Жақында киностудиямен байланысты тағы бір жанжал бұрқ етті. «Алтын адам» анимациялық фильмінің қызметкерлері жеті ай бойы жалақы алмағандарын айтып,…

Толық оқу