Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысыМырзағали Айтжанов пен өзге де мамандар қызметінен босатылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданған. «Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер болды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізіліп, ерлер құрамасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Осылайша келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз: 1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды. 2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», — деп жазылды ресми хабарламада.

Толық оқу
Бақыт Сәрсекбаев бокс құрамасы

Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев Париж рингіндегі сүреңсіз жағдайдан соң қазақ боксының қазіргі жай-күйіне қатты сын айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Боксшы өзін федерация басшылығына ұсынып, қолдау білдірген қауымға алғыс айтып, бұл орынға таласпайтынын ашық жеткізді. «Маған сенім артып, қолдау білдіргендеріңізге рахмет. Бірақ жазғанымды біреудің орнына таласып жатыр деп түсінетін хейтерлерге де ризамын. Оларға бола пікірімді бүгіп қалмаспын. Қазақ боксы басшысыз қалмас. Айтжанов кетсе, орнына Сатжанов келеді. Алайда қазір бокс тізгінін кім ұстаса да, оңай болмайды. Мырзағали ағамыз бокстың жарығын өшіріп, есігін жауып кетті. Ендігі басшыға жаңа команда жасақтап, ескі сарқыншақтан арылу үшін күш-қайрат, жігер керек. Бұл міндет оңайға соқпасы анық»,…

Толық оқу

Қонаевта Қазақстанда атом электр станциясы салу турасында қоғамдық талқылау өтті. Тамыздың 14-інде Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған кездесуге сарапшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Алматы облысының тұрғындары қатысты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Атом электр станциясын салудағы басты қажеттілік – еліміздегі өзекті электр энергиясына тапшылық мәселесін шешу. Сарапшылар атом энергетикасын дамыту жоспары туралы егжей-тегжейлі баяндап, оның қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және экономикалық тиімділігіне баса назар аударды. Аймақ тұрғындары пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған қауіпсіздік, экономика, экология мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды. «Өркениеттің жетістіктерін тиімді пайдаланатын мемлекет қана дамып, алға жылжиды. Егер қуатты электр көзімен қамтамасыз етілмесе, ел дамудың жоғары деңгейіне жете алмайды. Экономиканы өркендету, өндірістер мен…

Толық оқу

Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Бұған дейін агенттік залалды өтеу ретінде Қ. Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекетке беру туралы хабарлаған болатын. Олардың ішінде Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын «Kaisar Tower» бизнес-орталығы бар, ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қарамағына берілген. Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы «Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат берілді. Елордада құны 5 млрд…

Толық оқу

Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты істе мемлекет пайдасына қандай мүлік тәркіленгені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекет пайдасына Қостанай облысындағы құны 5,6 триллион теңгеден асатын никель мен кобальттың ірі қорлары бар бірегей «Шевченковское» кен орны берілді», — деп жазылған хабарламада. Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Толық оқу

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға кеше 21:50 шамасында KC7326 рейсінде, Шымкенттен Астанаға ұшып келген кезінде болған. «Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл @flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ», — деп жазды ол. Журналист мұның жауапсыздық екенін, әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті екенін…

Толық оқу
Мұратхан Тоқмәди

Мұратхан Тоқмәдиге қатысты іс қайта қозғалды. Бұған дейін кәсіпкерді мерзімінен бұрын босату туралы шешім шыққан, алайда Ержан Тәтішевтің отбасы бұған қарсы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қонаев қалалық соты биыл 26 шілдеде Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Шешім бойынша ол 10 тамыз күні бостандыққа шығуы тиіс еді. Алайда зардап шеккен тарап марқұм банкир Ержан Тәтішевтің отбасы бұл туралы мүлде хабарсыз болғандарын алға тартып, шешімнің күшін жоюды талап етті. Отбасының адвокаты бұл мәселе қайта қаралып, Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасына жіберілгенін мәлімдеді. Қазір Мұратхан Тоқмәди колонияда жазасын өтеуді жалғастыруда. Ал Тоқмәдидің адвокаттары болса, Қонаев сотының шығарған шешімін «толық заңды» деп санайды.…

Толық оқу

CNBC Ұлттық Олимпиада комитеттерінен, спорт қауымдастықтарынан сыйақы мөлшері туралы ақпарат жинаған. Қазақстан алғашқы бестікке кіреді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ең алғашқы орында Гонконг тұр, алтын медаль алғандарға 768 мың доллар береді. Бұл шамамен 366 миллион теңгеден асады. Сингапур да бұдан қалыс қалмайды. 745 мың доллар береді. Ал Қазақстан бестікті аяқтайды, Олимпиада чемпиондарына 250 мың доллар береді. Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41-орында тұр.

Толық оқу

Дикий Арман Президент пен Қазақстан халқына үндеу жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz kursiv.media-ға сілтеп. Оның үндеуін бүгін адвокаты Елена Жигалёнок оқыды. Арман Жұмагелдиевтің айтуынша, оны «қылмыстық істі бұрмалау және пропагандалық сипаттағы фильмдер түсіру» арқылы «Қаңтардағы» тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы етіп шығармақ. «Ұялатын түгім жоқ, керісінше. Сын сағатта заң күзетінде болғанымды және өз елімді қорғағанымды мақтан тұтамын. Алланың қалауымен «Қаңтар» бойынша барлық жайт Президентке жетеді деп және менің дәлелдерімді тексеріп, Арман сатқын емес, батыр екеніне көз жеткізеді деп үміттенемін», — деп жазды Жұмагелдиев. Дикий Арман «шындықты бәрі білсін» деп ашық сотты сұраған. Арман Жұмагелдиев Алматыда 2022 жылғы 7 қаңтарда Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталды.…

Толық оқу

Агенттік ғылымды қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Жүргізілген талдау ғылыми жобаларды іріктеудің ашықтығына, оларды іске асырудың көзбояушылдығына, нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмауына, зерттеу қорытындыларының төмен сұранысына, сондай-ақ ғылыми тағылымдамалар үшін гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қойылатын талаптардың төмендеуіне байланысты елеулі тәуекелдерді көрсетті («500 ғалым» жобасы бойынша). Мұның бәрі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелді. Мысалы, жобаларды іріктеу бойынша конкурстық құжаттама нақты тұлғалар үшін қалыптастырылды, жобаларды ғылыми сараптау рәсімі ашық емес, бағалауды «қол режимінде» іріктелетін үлестес сарапшылар жүзеге асырды. Тізімде тұрған 13,5 мың сарапшының 10 мыңға жуығы (75%) сараптама жүргізбеген. Манипуляция арқылы бағалау нәтижелері «қажетті» жобаларға бейімделді. 11,5 млрд теңгеге…

Толық оқу