Автор: Асылхан Бөрібай

Астаналық стендапер Александр Меркуль қамауға алынды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол қоғамдық жерде жасалған бұзақылық әрекеті үшін 10 күнге қамауға алынды. Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін А.Меркульге қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі). «А.Меркуль Instagram әлеуметтік желісінде және YouTube арнасында қоғамдық орында сөйлеген сөзінің бейнежазбасын жариялап, сол арқылы айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, айыппұл қолдану туралы өтініш білдірді. Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайы құқық бұзушының айғақтарымен, бейнежазбамен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа да материалдарымен расталды», — деп жазылған хабарламада. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5-тен…

Толық оқу

Майқайыңда соңғы құтқарушының денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде соңғы құтқарушы — жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылды. Құтқарушының денесі жоғары көтеріліп, сараптама жүргізу үшін жедел-тергеу тобына берілді», — деді өңір әкімі. 4 қаңтар күні Майқайың кенішінің жанында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС құтқарушылары отырған автобус құлап кеткен болатын. «Осы қайғылы оқиғадан кейін 7 ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде, қаза болған жандардың туыстары сияқты, біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық. Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға…

Толық оқу
прокуротура

Сот Жетісу прокурорларының Талдықорғандағы «Ардагерлер саябағы» жерлерін мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Сот Талдықорған қаласы прокуратурасының «Ардагерлер саябағының» 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды. Прокурорлар саябақ аумағына жататын учаскенің 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған (Жер кодексінің 26-бабы бұзылған). Кейіннен жаңа жер иесі элиталық коттедж қалашық салуды көздеп, оның пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Толық оқу
Алматы әкімдігі тренинг

Алматыда Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің жағалауын абаттандыру ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. Абаттандыру селден қорғау бөгетінен Жандосов көшесіне дейінгі ұзындығы 7,7 км учаскені қамтиды. Жұмыстар аясында өзен арнасын тазалау, жаяу жүргіншілер аймағын жайластыру, сыртқы жарықтандыру желілерін орнату, суару жүйесін салу, 6 көпір өткелі, балалар ойын және спорт алаңдары, көше жиһаздарын орнату көзделген. Сондай-ақ, 3 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылады. Жобаның маңызды бөлігі-балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүру жолдары және өзен жағасында демалу мүмкіндігі бар жаңа қоғамдық кеңістік құру. Балаларға арналған құмсалғыштар мен…

Толық оқу
Алматы әкімдігінің баспасөз-қызметі

Шұғыла шағын аудан тұрғындарының өтініштері бойынша балалар және спорт алаңдары бар ұзындығы 350 м жаяу жүргіншілер аймағы жабдықталатын болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді деп жазады, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жұмыстар осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады. Жаңа демалыс аймағы Шұғыла шағын аудан тұрғындарын қамтамасыз етеді әрі демалуға және жайлы серуендеуге қолайлы жағдай жасайды. «Халыққа қатысатын бюджет» аясында Наурызбай ауданында жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылатын болады. Бұл қоғамдық кеңістіктерді, тротуарларды жайластыру, жарықтандыру желілерін қалпына келтіру, автоматтандырылған суару жүйесі, көгалдандыру жобалары. Сонымен қатар, осы жылдың қараша айына дейін 16…

Толық оқу

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апаттан кейін тағы үш адам қаза тапты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы компания өкілдері хабарлады. «Өкінішке қарай, бүгін ауруханада біздің әріптестеріміз — технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы, балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро және бас механик қызметінің шебері Жетпісбаев Төлеген Елеуұлы қайтыс болды. Әріптестеріміздің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз», — дейді компания өкілдері. Компания мәліметінше, қаза тапқандардың жақындарына ауыр кезеңнен өтуге қолдан келгеннің бәрі жасалады. Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді атқарады: Отбасын қолдау үшін 10 жылдық…

Толық оқу

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі мәртебесінен айырылды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, қазір еліміздегі Ғылым академиясы толық жаңарудан өтіп жатыр. «Қазір Ғылым академиясы қайта құрылып, Президент жанынан мемлекеттік қолдаумен жұмыс істейді. Осыған байланысты бұрынғы академиктердің көбі мәртебесінен айырылды. Академия құрамына ғылымда ерекше жетістіктерімен танылған ғалымдар ғана қабылданып жатыр», – деді ол онлайн-брифингте. Министр академияның жаңа құрамына енген белгілі ғалымдарды да атап өтті. «Қазір академия мүшелерінің қатарына қазақ нейрохирургиясының жетекші маманы Серік Ақшолақов, репродуктология саласының негізін қалаушы Вячеслав Локшин, Назарбаев университетінің профессоры, математик Дурвудхан Сұраған, Ядролық физика институтының директоры…

Толық оқу
құрылыс үйлер

​Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылында бес қабатты үй салынып жатыр, — деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Министр Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың бас мердігері – «Павлодар зауыты ТЕМІРМАШ» ЖШС. Жобаның негізгі дайындығы 60% құрайды.Пәтер ауданы: 1 бөлме – 44 ш.м. — 17 пәтер, жалпы ауданы 748 ш.м. 2 бөлме — 56 ш.м. — 19 пәтер, жалпы ауданы 1064 ш.м. 3 бөлме – 66,3 ш.м. — 14 пәтер, жалпы ауданы 929 ш.м. Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті.…

Толық оқу
Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысында экономика серпін беріп, жаңа жобалар іске асуда, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. «2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысында экономикалық өсім көрсеткіші айтарлықтай жақсы көрсеткішке жетті. Барлық негізгі салаларда оң динамика сақталды, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, жаңа мектептер салу және автомобиль жолдарын жөндеу жалғасуда, өңірдің инвестициялық әлеуеті артуда. Дегенмен, алда көптеген міндет тұр. Олардың ішіндегі ең бастысы – экономиканың өсу қарқынын сақтау және өңір халқының өмір сүру сапасын жақсарту, – деп атап өтті әкімдік отырысында Алматы облысының басшысы Марат Сұлтанғазиев. Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев өңірдің ағымдағы жағдайы мен даму жолына егжей-тегжейлі талдау жасады. Ол қысқа мерзімді экономикалық индикатордың 108,2%…

Толық оқу

Мәсімов пен Әбләзовқа жақтасқан АҚШ сенаторы 222 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы Fragment арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Нию-Йорктің федералды соты сенатор Роберт «Боб» Менендесті (демократ) жемқор деп таныды. Fragment мәліметінше, сенаторға 16 пункт бойынша айып тағылып, барлығы да дәлелденді. Соның ішінде Мысыр пен Қатар билігінің пайдасына пара алу, сот төрелігіне кедергі келтіру және бопсалау секілді ауыр айыптар бар. Менендес «шетел агенті» ретінде сотталған алғашқы Әмерика сенаторы болмақ. Пара есебіндегі құны 100 мың доллардан асатын алтын құймалар мен 480 мың доллар қолма-қол қаражатты қалтасына басқан «Менендес 222 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сенатордың мұртын майлағандар оның әйелінің де…

Толық оқу