Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов бұрынғы жары Дана Әтешовамен арасындағы даулы оқиғаға қатысты өз ұстанымын білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Марат Әйтенов жанжал туындаған үйдің бастапқыда әкесінің меншігінде болғанын жеткізді. Ол үйді 2017 жылы әкесі сатып алып, кейін өзі балаларымен сонда көшіп барғанын мәлімдеді. «Үй мәселесін бейбіт жолмен шешуге тырыстым. Мұнда ешқандай заңсыздық болған жоқ. Дана Әтешова үйге өз еркімен кіріп алған соң, үйдің заңды иесі сотқа шағым түсірген. Сот барлық құжатты қарап, екі жыл бұрын шешім шығарды. Сол кезде сот Дананың жағдайын ескеріп, үйді босатуға бір жыл мерзім берген. Ол 2023 жылы үйді босатуға уәде берген болатын», –…
Автор: Асылхан Бөрібай
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек демалысына шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», — деп жазылған хабарламада. Әзірге Тоқаев қайда демалатыны, Мемлекет басшысының еңбек демалысы қалай жоспарланғаны белгісіз.
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 22 шілдеде қайтыс болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Дәрігерлер сегіз науқастың алтауының жағдайын өте ауыр деп отыр. «Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшыны аман алып қала алмады. 1993 жылы туған, денесінің 85 пайызы күйіп қалған, осы уақытқа дейін өте ауыр жағдайда болған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. Еске салайық, 20 шілдеде, таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Оқыста №1 пештен жалын…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданындағы олимпиадалық дайындық орталығында Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алған спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесу алдында өңір басшысы спортшылардың дайындығына арналған орталықты аралап, әсіресе «Атыс кешеніндегі» жаттығу базасының мүмкіндігін бағамдады. Бүгінде Алматы облысынан Олимпиадаға жол тартатын бес атлет – балуан Демеу Жадраев, стендтік атушылар Әсем Орынбай, Мария Дмитриенко, Эдуард Лещенко және оқ атудан сынға түсетін Никита Чирюкин дүбірлі дода алдындағы соңғы әзірліктерін пысықтауда. Қазақстан спорттық атыс федерациясының басшысы Берік Асылов онлайн байланыс арқылы құттықтау сөз сөйлеп, спортшылар мен бапкерлердің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. «Қазақстан құрамасында Олимпиадаға аттанатын 80 атлеттің 9-ы – дәл осы…
Белгілі журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында демократия нормалары туралы сұраққа жауап берген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әрбір мемлекеттің өзіндік даму жолы бар екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Әр елдің өзіне тән даму жолы болатыны заңдылық. Біз өзіміздің ұстанып отырған жолымыз, қалыптасқан салтымыз бар елміз. Біздің қоғамға тән өзіндік құндылықтар, салт-дәстүр, ұлттық менталитет. Демократия желеуімен, жалпы қоғамның наразылығын тудыратын, дінаралық, ұлтаралық араздықты қоздыратын әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Алайда бұл демократияның қағидаттарын орындаудан бас тартамыз дегенді білдірмейді. Біз оны ары қарай дамыта береміз» деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші. Егер сөз бостандығы желеуімен қоғамның ішіне іріткі салып, заң талаптарын бұзбай, әдеп деңгейінде…
Жоғары аудиторлық палата «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және оның өңірлік филиалдарының 2022-2023 жылдарға арналған жұмысынан заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Ertenмedia.kz Жоғары аудиторлық палата деректеріне сілтеп. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және оның өңірлік филиалдарының 2022-2023 жылдардағы тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды. 26 пайыз қаражат игерілмеген Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Рахимовтың айтуынша, салаға жүргізілген екінші аудит 3,8 триллион теңге қаражат пен активтерді қамтыды. 13 ұйымға тексеріс жүргізілді. «Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) 16,2 миллион адам кіреді. Бұл ретте 12 миллион адам жарналарын мемлекет төлейтін жеңілдікті санаттарға…
Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді,— деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. «Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді», — деп жазылған хабарламада. Сот санкциясымен орталықтың басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы әкімнің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. «Бүгін Орал қаласының әкімі қызметінен кеткенімді хабарлаймын. Мен үшін бұл қызметте екі жылдан астам оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс жасау үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді. Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны орын алып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс жасадық деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге екі жыл бойы сүйікті қаламызды одан әрі көркейтуге тырыстық.…
Ресейлік журналист Тина Канделаки қырғыз халқын да русофоб деп атады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бәрі жергілікті билік Бішкектегі Панфилов дивизиясының музейін бұзуынан басталған. Артынша Тина Канделаки жергілікті билік «Батыс әсерінен кеңес тарихын елден аластатып, оның орнына руссофобия пайда болғанын» айтты. Ресейлік журналистің мәлімдемесіне Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Дайырбек Орунбеков жауап берді. Оның сөзінше, біріншіден, музейді бұзу туралы шешім ғимараттың жағдайын мұқият талдағаннан кейін қабылданған. «Екіншіден, Қырғызстан — егемен мемлекет. Биліктің шешімдері халықтың мүдделеріне негізделген. Үшіншіден, Қырғызстан — орыс тілі мен мәдениеті өмірдің ажырамас бөлігі болып табылатын көпұлтты ел. Төртіншіден, Панфилов дивизиясын ұлықтау — бұл Мәскеуді қорғағаны үшін қаза тапқан әкелеріміз бен аталарымызға деген құрмет», — дейді Орунбеков. Дайырбек Орунбеков Тина Канделакидің мәлімдемесі абсурд екенін атап өтті. «Тина Канделаки мұндай мәлімдеме жасамас бұрын біздің еліміздің тарихын…
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова Кәрім Мәсімов ұйғыр емес екенін айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі дәрігердің сөзінше, мемлекетке опасыздық жасады деп сотталған ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовпен қызметтес болған. (Кәрім Мәсімовтің — еск.) анасымен де, әкесімен де жұмыс істедік. Әкесі Қажымқан Мәсімов деген кісі. Ол кісі дәрігерлер білімін жетілдіру институтында жүрген кезде маған ұсыныстар жасап, сол кезде бірге жұмыс істедік. Өте сыйлаймын, жатқан жері жайлы болсын. Мәсімов деген медициналық орталық ашқан кезде медицина мәселелері бойынша кеңесші болдым», — дейді ол ADAL Adam арнасына сұхбатында. Сонымен қатар, Арай Төлемісова құжаттардан Мәсімовтің руы найман екенін көргенін жеткізді. «Қажымқан…










