Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді,— деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді», — деп жазылған хабарламада.
Сот санкциясымен орталықтың басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.