Экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың дүние-мүлкін бөлу процесі басталды. Мұрагерлердің саны өте көп, бәрі қомақты үлестен дәмелі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bes.media дерегінше, Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін нотариус 2024 жылғы 3 қаңтарда мұрагерлік бойынша істі ашқан. «Назарбаевтың отбасы мүшелері, соның ішінде ұлы Нұрбол, жұбайы Динара және бірнеше баласы мұрагерлік құқығы туралы өтініш білдірді. Өтініштер бірлесіп сатып алынған мүліктің үлесіне де, заң бойынша мұраның міндетті үлесіне де қатысты», — деп жазылған мәліметте. Мұрагерлік құқығы туралы өтінішпен Нұрбол Болатұлы Назарбаев (1983 жылы 14 қарашада туған, мұра қалдырушының ұлы), Назарбаева Динара Кемелханова (1986 жылы 4 желтоқсанда туған, мұра қалдырушының жұбайы) жүгінген. Заң бойынша мұраның міндетті…
Автор: Асылхан Бөрібай
Өзбекстан-Қазақстан шекарасында контрабандашылар иелік еткен жерасты туннель белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Шекара қызметі және «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешенінің қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстаннан сапасы кепілденбеген дәрілік заттарды заңсыз әкелумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. «Қазақстан арқылы Үндістанға, яғни Дели-Ташкент-Алматы рейсі бойынша дәрі-дәрмек партиясы жеткізіліп, одан кейін туннель арқылы Қазақстанның Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Ташкент аймағына жеткізілгені аталып өтті”, — деп мәлімдеді Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ). Тоннел ұзындығы 310 метр. Тәртіп сақшылары қылмыстық топ мүшелерінен айғақ ретінде Үндістанда өндірілген Альбумин, Ремдесивир, Меропенем сияқты 107 атаудағы 17 048 есірткіні тәркіледі. Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып,…
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының апелляциялық алқасы бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, сондай-ақ, оның әйелі мен адвокатына қатысты іс пен үкімді қарайды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Істі қарау сағат 15.00-ге тағайындалған. Бұл туралы ақпарат сот кабинетінде пайда болды. Айта кетейік, ақпанда Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарды. Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. Өткен жазаны ескере отырып, бұрынғы шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан…
Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткері Амалбек Тшанов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып қызмет еткер кезі туралы айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мен ол кезде үлкен бірлестіктің бас директорымын, сонымен қатар, Жоғары кеңестің депутатымын, әлі жаспын. Оған дейін саясатқа араласу ойымда болған жоқ. Себебі мен үшін өндірісте жұмыс істеу бақыт болатын. Кейіннен маған сондай ұсыныс (Назарбаевтың кеңесшісі болу туралы) болды. Әрине, мен қуана қарсы алдым. Жаңадан президент сайланған, мен Жоғары кеңестің депутаты есебінде бәріне қатыстым. Оңтүстік Қазақстанның өкілі болып бардым. Бар пейілімізбен Нұрсұлтан Әбішұлының президент болуына аянбай қызмет еттік. Оның бәрін жұртқа түсіндірдік» — дейді Амалбек Тшанов Barys media-ға берген сұхбатында. Тшанов Назарбаев талантты…
Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға арнайы келуі екі елдің байланысын жаңа деңгейге көтергенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Астана әуежайында Си Цзиньпинді Президент Тоқаев ерекше ықыласпен қарсы алды. Кездесуде Тоқаев Қытайды Қазақстанның ең жақын әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Саясаттанушы Асхат Қасенғали Қазақстанның сыртқы саясатында Ресейдің бұрынғы орнын біртіндеп Қытай басып келе жатқанын айтады. Оның пікірінше, екі елдің байланысы жылдан-жылға артып, арадағы қарым-қатынас тың деңгейге көтеріліп жатыр. «Си Цзиньпиннің Астанаға сапары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты шараның бір бөлігі ғана. Оның артында маңызды келіссөздер мен мемлекетаралық жобалар тұр. Қытай мен Қазақстан шекаралас мемлекет болғандықтан, экономикалық, мәдени, қорғаныс және саяси бағыттағы…
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова бұған дейін басқа адамдардың атына рәсімделген компанияларын өзіне қайтаруды бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 71 жастағы кәсіпкер әйел жақында Sapa Logistics компаниясындағы құрылтайшылық үлесін қайта иеленді. Компаниялар тізіліміндегі ақпаратқа сай, қазір Sapa Logistics ЖШС-нің иелері ретінде Әлмира Нұрлыбековадан бөлек, оның туысы Қарлығаш Әділова мен 2018 жылдан бері директор қызметін атқарып жүрген Арман Досмағамбетов көрсетілген. Нұрлыбекова бұл компанияның негізін қалаушылардың бірі болғанымен, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты дау ушыққан тұста, өз үлесін Қарлығаш Әділоваға рәсімдеп жіберген еді. Sapa Logistics Бишімбаевтар отбасына тиесілі ірі кәсіпорындардың бірі. Компания қойма логистикасы қызметін көрсетеді. Ресми деректерге сәйкес, мекеме 2015 жылдан бері…
