Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану дерегін анықтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматы қаласы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы заңсыз әрекетке барған. Ол қоғамдық тамақтану орнын ашуға мемлекеттік мекеме жанындағы жер телімін рұқсатсыз берген.
Әдеп жөніндегі кеңес бұл әрекетті мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық деп бағалады. Нәтижесінде инспекция басшысына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Алатау қаласының инфрақұрылымын бақылайтын ақылды жүйе дайындалып жатырШәлкөде жайлауындағы жұмбақ кешен: Археологтар ондаған жылға созылатын зерттеу бастадыЭЫДҰ Қазақстанның статистикалық жүйесіне жоғары баға берді📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







