Қарағандының әйгілі «Шахтёр» футбол клубы жекеменшікке өтті, деп хабарлайды Ertenmedia. Аукцион қорытындысы бойынша клубты қазақстандық миллиардер Тимур Турлов басқаратын Freedom Holding компаниясы сатып алды. Келісім президент Тоқаевтың спорт клубтарын мемлекеттің иығынан түсіріп, жекенің қолға өткізу туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асты. Жаңа иесі клубты басқарумен шектелмей, Қарағанды облысында толыққанды футбол экожүйесін құруды көздеп отыр. Жоспарланған инвестицияның жалпы көлемі 18,5 млрд теңге. Оның ішінде 12 млрд теңге «Шахтёр» футбол академиясын салуға жұмсалса, қалған 6,5 млрд теңге балалар-жасөспірімдер мен бұқаралық футболды дамытуға бағытталады. Аумағы 10 гектарға жуық футбол академиясы жас футболшыларды тәрбиелеудің негізгі орталығы болмақ. Онда толық өлшемді жабық футбол мәнежі, медициналық орталық,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Маңғыстау облысында құны 300 млн доллар болатын жаңа теңіз портының құрылысы басталмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Президент Тоқаев көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарлануда. Стратегиялық әріптес ретінде Қытайдың «Жоңйұн Интернешнл» компаниялар тобы таңдалған. Қазіргі кезде инвестор аймақта өз компаниясын ресми тіркеп, инвестициялық келісімге қол қоюға қажетті қағаз-құжатты әзірлеуде. «Жаңа теңіз портының іске қосылуы «Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа» бағытындағы халықаралық көлік дәлізінің негізін қалайды. Соның нәтижесінде жүк жеткізу мерзімі 7-15 күнге қысқарып, көлік шығындары 18–25…
Бішкекте өтетін саммит қарсаңында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жаңа бас хатшысы белгілі болды. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қызметті қырғыз дипломаты Таалатбек Масадықов атқарады, деп хабарлайды Ertenmedia. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың мәліметінше, Масадықов қазір бас хатшының орынбасары қызметінде. Сондықтан жаңа міндетке ауысуы қиындықсыз жүзеге асады. Ал қазіргі басшы Иманғали Тасмағамбетов 27 қарашада Бішкектегі саммитте өңірдегі қауіпсіздік жағдайы туралы баяндама жасап, жиын соңында ҰҚШҰ-ның бірінші дәрежелі құрмет белгісімен марапатталады. «Тасмағамбетов 1 қаңтардан бастап бас хатшы қызметінен кетеді. Ұйымға мүше елдер басшылықтың ауысуы бойынша ортақ келісімге келді», – деді Ушаков. Еске сала кетсек, бұған дейін ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер,…
Жетісу облысында Қазақстан–Қытай шекарасындағы созылмалы кептелісті жойып, өткізу қабілетін күрт арттыру мақсатында ауқымды жұмыс қолға алынды, деп хабарлайды Ertenmedia. Үкімет отырысында сөз сөйлеген аймақ басшысы Бейбіт Исабаев «Қорғас түйіні» трансшекаралық хабының жаңартылған даму тұжырымдамасын таныстырды. Оның айтуынша, өңірде инфрақұрылымды жаңарту, инвестиция тарту және жүк өңдеу мүмкіндігін арттыру қарқынды жүргізілуде. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығында жалпы құны 76 млрд теңге болатын 40 жоба іске қосылып, екі мыңнан астам жұмыс орны ашылған. 2027 жылдың соңына дейін тағы 65 жоба жүзеге асып, 1,1 трлн теңге инвестиция құйылмақ. Соның нәтижесінде қосымша 9 мың адамға жұмыс табылады»,…
Теңіз кен орнындағы мұнай өндірісінің күрт өсуі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының табысын айтарлықтай арттырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Компанияның жариялаған есебіне сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында «ҚазМұнайГаздың» Теңіздегі үлесі тәулігіне 178 мың баррельге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 пайызға ұлғайған. Chevron басқаратын ірі кеніште отандық холдингтің үлесі 20 пайыз. Есептік кезеңде ілеспе газ өндіру көлемі де шамамен 49 пайызға артып, «ҚазМұнайГазға» тиесілі көлем 3,5 млрд текше метрге жуықтаған. Биылғы мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, жалпы құны 47 млрд доллар тұратын Теңіз кенішін кеңейту жобасы сәтті іске қосылып, соның нәтижесінде холдингтің табысы жылдық есеппен 11 пайызға артты. Тоғыз айдағы жиынтық кіріс 7,1 трлн…
Алматыдағы Ұлттық кітапханада мемлекет қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Менің ағаларым» атты эсселер кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жинаққа автордың әр жылдары жазған эсселері енген. Мұхтар Құл-Мұхаммед бұл еңбегінде өзінің өмір жолында қамқорлығын көрген, тәлім-тәрбиесін алған тұлғалар туралы сыр шертеді. Автор эсселерде қазақтың қандай халық екенін ашып көрсетуді мақсат еткенін атап өтті. «Атамұра» баспасынан жарық көрген кітапта академиктер Манаш Қозыбаев, Салық Зиманов, Шаһмардан Есенов, Өмірбек Жолдасбеков, Зейнолла Қабдолов, Рымғали Нұрғалиев, Төрегелді Шарманов туралы тың деректер бар. Сонымен қатар профессорлар Темірбек Қожакеев, Камал Смайылов, халық қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев пен Қасым Қайсенов туралы да жылы естеліктер келтірілген. Бұдан бөлек, сәулетші Шот-Аман Уәлихан,…
Астанада ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов пен Қазақстандағы АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсон кездесті. Мұндай энергетика саласындағы кез келген диалогтың артында инвестиция, жұмыс орны, экспорт көлемі, салық түсімі сияқты нақты сандар тұратыны сөзсіз, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында ең алдымен энергетикадағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық маңызы сөз болған. Санжар Жаркешов АҚШ-тың жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қосып отырған үлесін атап, Қазақстан үшін тұрақты әріптестік маңызды екенін жеткізді. Себебі, біздің мұнай-газ жобаларының басым бөлігі шетелдік технологияға, ұзақ мерзімді қаржыға және халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігіне тәуелді. АҚШ-пен диалог осы үш бағытта да өзін көрсетіп жүр. Кездесуде Chevron және ExxonMobil компанияларымен жұмыс бөлек әңгімеге арқау болған.…
«Алматы – Бішкек» тасжолында ауыр жол апаты болып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Ertenmedia. Алматы облыстық полиция департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға 24 қараша күні түнгі уақытта, тасжолдың 65-шақырымында болған. Audi маркалы көлікті жүргізген 23 жастағы азамат рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан Audi мен Toyota көліктері қатты соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы сол жерде жан тапсырды. Тағы бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Оқиға кезінде жарақат алған бес жолаушы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. «Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу барысы…
Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында әріптестікті нығайту, инвестиция тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында келіссөз жүргізілді. Өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті туралы баяндады. Франциялық танымал компаниялар мен брендтерді Түркістанда жұмыс істеуге шақырды. – Сізді Түркістан облысында қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазақстан мен Франция – маңызды экономикалық серіктестер, ал біздің қарым-қатынасымыз 1992 жылдан бері белсенді дамып келеді. Дәл сол жылы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясы құрылған болатын. Елімізде француз капиталы бар 170-ке жуық компания табысты жұмыс істеуде. Ынтымақтастықтың жарқын мысалы – Түркістан облысындағы Мойынқұм…
Белгілі журналист Кәмшат Тасболат өзінің Фейсбуктағы парақшасында Мөлдір Мұқанованың фильміне көрермен тарту үшін халыққа жекіп, сөйлеп «Отан» сөзін қорлаған мотиватор Құралай ханымның желідегі жазбасына құзырлы орындар құқықтық баға беруін талап етті, деп жазады Ertenmedia.kz. – Достар, «Шай в большом городе» деген фильмге адам тарту үшін нешетүрлі манипуляцияның жасалып жатқанын көріп отырмыз. Бірақ анау Құралай ханымның «Қолынан түк келмейтін, бітірген дымы жоқ, сыншы диванбатырлар отанымды жемей, 3000 теңгеге зарламай, барып қолдаңдар Мөлдірді» деген сөзіне құқықтық баға беріле ме? Заң аясында шара қолданыла ма? «Отан» деген қастерлі ұғымды қорлап, әдетте боқтанғанда айтылатын сөздің орнына қолдану құқықтық, этикалық тұрғыдан дұрыс па? Қай орысты…










