Қызылорда облысында су тапшылығына байланысты күріш алқаптары қысқартылады, су үнемдеу технологиялары жаппай енгізіледі. Бұл туралы өңірге арнайы сапармен барған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмыс сапары аясында вице-премьермен бірге су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңір фермерлерімен кездесіп, су тапшылығының алдын алу, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру және суды үнемдеу мәселелерін талқылады. Қазір Сырдария өзенінің бассейнінде су көлемі азайып барады. Әсіресе Нарын–Сырдария каскадына келетін судың көлемі күрт төмендеген. Бұл жағдай келесі жылғы вегетация маусымында су тапшылығын күшейтуі мүмкін. «Су аз келген жағдайда ресурстарды қайта бөліп, лимиттерді өзгертуіміз керек болады. Сондықтан облыста…
Автор: Асылхан Бөрібай
Елімізде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыс жүйелі жүргізіліп отыр. Мұның нәтижесі қараша айындағы көрсеткіштерден байқалды. Өткен айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өскен жоқ, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтің жағдайы айрықша назарда Жақында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілгені белгілі. Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған. Өткен аптада ауыл әкімдерінің басын қосқан алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтің жағдайын жақсарту айрықша міндет екенін тағы да атап айтты. «Алдымызда…
Мемлекет басшысы Жолдауында: «Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтыруда. Азаматтардың өндіріске барғаны абзал. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек» деген еді. Президент тапсырмасына сай еліміздің экономикалық дамуын қамтамасыз етіп отырған негізгі күштің бірі – сапалы техникалық және кәсіптік білім алған жұмысшы кадрлар, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңызы жоғары мамандықтар 2025-2026 оқу жылында колледждерге 189 мың талапкер қабылданды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш (177 мың адам). Оның 145 мыңы мемлекеттік тапсырыс есебінен оқып жатыр. Бүгінде экономикаға аса қажетті геология, машина жасау,…
Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймағында «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің орамдағы полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын шығаратын зауыт іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Кәсіпорынның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, нысанды аралап көрді. Өңірде өндіріс саласын қарқынды дамыту жолында тынбай жұмыс істеп жатқан азаматтарға алғысын жеткізіп, экспорт көлемін ұлғайту жөнінде пікір алмасты. – Бүгін Түркістан облысының экономикалық дамуы үшін аса маңызды жобалардың бірі жүзеге асып отыр. Полиэтилен пакеттері мен бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстар өндіретін жаңа зауыт өз жұмысын бастады. Бұл өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, кәсіпкерлік ортаның жандануына серпін беретін қуанышты оқиға. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында…
Украиналық дрондар КТК-ға соққы жасаған соң, Қазақстан Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) мұнай құбыры арқылы экспорт көлемін арттырмақ, деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters дерегінше, желтоқсанда Ақтау порты арқылы БТЖ бағытымен 188 мың тонна мұнай экспортталады. Бұл қарашадағы көрсеткіштен 30 пайызға жоғары. Оның 170 мың тоннасы «Теңізшевройлға» тиесілі болса, қалған 18 мың тоннасы Қашаған кен орнынан жеткізіледі. Дегенмен, бағыттың мүмкіндігі Ақтау портының қуаты мен мұнай қоспасының сапасына қойылатын талаптарға байланысты шектеулі. Каспий құбыр консорциумы (КТК) Жаңаресей маңындағы терминалдың швартовка құрылғысы бүлінген сың, қысқа мерзімге тоқтаған. Қазір мұнай тиеу жалғасып жатыр, алайда үш айлақтың біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Үшінші айлақ жедел түрде жөнделуде. Украиналық дрондардың…
Сенат мұнай мен уран өндірісінің тәртібін түбегейлі өзгертетін заң жобасын екі оқылымда мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа құжат мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттырумен қатар, стратегиялық ресурс саналатын уран өндіруде мемлекет мүддесін қорғауды көздейді. Енгізілген өзгерістің ауқымды бөлігі қиын өндірілетін мұнай түріне арналған. Әсіресе тұтқырлығы жоғары, битумды және тақтатас құрамды кен орындарындағы мұнайды игеруге басымдық беріледі. Бұл мұнайды жер астынан алуға озық технология қажет екені белгілі. Қабылданған маңызды өзгерістің бірі енді компаниялар кен орындарының шекарасын өзгертпей-ақ ұңғыма тереңдігін 5000 метрге дейін ұзарта алады. Сонымен бірге заманауи технологияларды пайдаланып, инновация енгізген өндірушілерге салық және әкімшілік жеңілдіктер ұсынылады. Тағы…
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жұмыс жоспарына сәйкес облыстық басқарма басшыларының есептерін тыңдап, алдағы жоспарларды талқылады. Кездесу барысында мәслихат төрағасы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың есебін қарап, атқарылған жұмыстардың қорытындыларын бағамдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған Файзулла Мұстафинұлының сөзінше, Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің 20% құрайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері болып табылады. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 34 мың гектарға артқан. Мәселен, егіс құрылымына сәйкес дәнді дақылдар көлемі 10 мың гектарға артып, 342 мың гектарға, майлы дақылдар 2 мың гектарға артып, 73 мың гектарға, мақта…
Соңғы 10 күнде Астанада бір айлық нормадан артық қар жауды. Қысқы маусым басталғалы қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау және арнайы полигондарға шығару жұмысы елорданың барлық алты ауданында үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Күндіз ауа температурасының нөлден жоғары болып, қар еріп, түнде күрт суытуына байланысты жолдар мен тротуарларда көктайғақ орнайды. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Қыс басталғалы бері көктайғаққа қарсы 3000 тоннадан астам материал пайдаланылып, 176 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 14 164 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең. Барлық жұмыс тәулік бойы…
Адами капиталға салынған инвестиция экономикалық өсімнің негізгі қозғаушысы. Елімізде денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары еңбек нарығын дамытуға, өңірлердің әлеуетін күшейтуге және фармацевтикадағы импорттық тәуелділікті азайтуға бағытталып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Еңбек нарығындағы сұраныс Соңғы жылдары медицина мамандарына деген қажеттілік айқын сезілді. 2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 10 530 жас маман тәмамдайды. Оның 1333-і ауылдық ұйымдарға жіберіледі, бұл 2024 жылға қарағанда екі есе көп. Ауыл аймақтарын дәрігерлермен қамтамасыз ету үшін 8,5 млн теңге мөлшеріндегі көтермеақы енгізіліп, 254 маман қолдауға ие болды. Соның нәтижесінде дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 13%-ға төмендеді. Интернатура мен резидентураның жаңа бағыттары ашылып, 20-дан астам…
2025 жылғы ТОП-500 «единорогтар» тізіміне Қытайдан 150 компания кіргені хабарланды. «Единорог» деп әдетте нарықтық бағасы 1 млрд АҚШ долларынан асқан, әлі биржаға шықпаған жеке стартаптарды атайды. Мұндай компаниялар көбіне жаңа технологияға, цифрлық сервистерге, онлайн платформаларға сүйенеді. Бұдан Қытайдағы жеке бизнестің, әсіресе технологиялық сектордың қаншалықты қарқын алып жатқанын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Статистикаға қарағанда, бір жылдың ішінде жасанды интеллект саласындағы «единорогтар» саны 20-дан 36-ға дейін өскен. Соның ішінде қытайлық AI-стартаптардың өзі 2-ден 9-ға көбейгені айтылды. Бұдан жаһандық технологиялық бәсекенің бағытын аңғаруға болады. Жасанды интеллект қазір өнеркәсіптен бастап, қаржы, логистика, денсаулық сақтау сияқты барлық салаға еніп жатыр. Қай ел осы бағытта көбірек…










