Жамбыл облысында жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жаппай тарап, өңір мектептері қашықтан оқуға көше бастады, деп хабарлайды Ertenmedia. Әсіресе Тараздағы жағдай күрделі. Қала мектептерінің 74 пайызы онлайн форматқа ауысуға мәжбүр. Қазірдің өзінде облыс бойынша 82 мектеп, оның ішінде Тараз қаласының 51 мектебі қашықтан оқытуға өткен. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қаулысы бойынша, сыныптардағы науқас оқушылар саны 30 пайыздан асса, мектеп толығымен онлайн форматқа көшеді, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады. Эпидемиологтар ЖРВИ-мен бірге «гонконг тұмауының» да өршіп тұрғанын ескертіп отыр. Осыған байланысты өңірдің дәріханаларында дүрбелең басталды. Тұрғындар вирусқа қарсы препараттарды жаппай сатып алуға кіріскен. Дәрігерлер ауру белгілері байқалғанда өз бетінше емделмей, бірден мамандарға…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңірде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жобалар іске асып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Осындай жобаның бірі Жетісай ауданы Асықата кентінде қолға алынған. Жалпы аумағы 1 гектар болатын шағын өндірістік паркте жалпы құны 210 млн теңгені құрайтын 5 өндіріс орны іске қосылады. Мұнда түйіршіктелген құрама жем, темір бұйымдары, құрғақ құрылыс қоспалары, кір сабын мен сусабын, әжетхана қағазы мен майлықтар шығарылады. Нәтижесінде 100-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. – Өндірістік паркте 5 инвестициялық жоба жүзеге асады. Ауданда ашылып жатқан индустриялық аймақ пен шағын өндірістік паркті тиімді пайдалану – экономиканың дамуына маңызды үлес қосады. Жаңа…
Сенат депутаты Нұрия Ниязова утиль алымға және түрлі сертификаттарға қатысты кейбір төлемді мемлекет емес, жекеменшік немесе квазимемлекеттік ұйымдар жинап отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сенатордың айтуынша, аталған төлемдер бюджет тапшылығы жағдайында мемлекет қазынасына емес, жеке ұйымдарға кетіп жатыр. «Автожолдармен жүру ақысын «ҚазАвтоЖол», тауардың шығу тегін растайтын сертификатты «Атамекен», утилизациялық алымды «Жасыл Даму» компаниясы жинауда. Мысалы, тек «ҚазАвтоЖолдың» өзі 2024 жылы жол ақысынан 52,9 млрд теңге жинаса, биылғы он айдың өзінде бұл көрсеткіш 79 млрд теңгеге жеткен. Осы қаражатты тікелей мемлекеттік бюджетке аудару мәселесі қарастырыла ма?» – деді депутат Сенат отырысында. Қаржы министрінің міндетін атқарушы Абзал Бейсенбекұлы аталған қаражаттар бюджет…
Құқық және экономика факультетінің студенттері Талдықорған қаласы прокуратурасының аға прокуроры Дана Сәрсенбаймен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуді әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев ашып, қонақтың Жетісу университетінің түлегі әрі танымал жас прокурор екенін атап өтті. – Дана Сәрсенбай жаңа буын прокурорларының жарқын өкілі. Ол қоғамда үлкен резонанс тудырған Шерзат Полаттың ісінде мемлекеттік айыптаушы болды. Өз ісінің кәсіби маманы ретінде көпке үлгі болып жүр. Бүгінгі кездесуде Дана Нұрланқызы заң және тәртіп тақырыбында дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөліседі, – деді проректор. Дәріс барысында Дана Сәрсенбай заң мен тәртіп идеологиясы, прокуратураның жұмыс қағидаттары, қоғамдық мүддені қорғау және сот процесінің әділдігін…
Қазақстанның сыртқы қарызы тарихи максимум деңгейіне жетіп, 172,8 миллиард долларға көтерілді. Бұл ма, бұл ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық банк дерегінше, соңғы бір жылда сыртқы қарыз көлемі 3,6%-ға өсіп, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 59,2%-ын құрады. Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, қарыздың күрт өсуіне негізінен мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жауапты. Бір жыл ішінде осы екі сектордың берешегі 8%-ға көбейсе, жеке секторда осы көрсеткіш 2%-ға ғана артқан. «Дегенмен, жалпы қарыз құрылымында жеке компаниялардың үлесі басым, олардың еншісінде 71% бар», – деп атап өтті сарапшылар. Сонымен қатар Қазақстандағы сыртқы қарыздың жартысынан астамы, яғни 53,6%-ы фирмааралық займдар. Бұлар негізінен шетелдік компаниялардың Қазақстандағы…
Жетісу облысы құрылғаннан бері Кербұлақ ауданының тынысы өзгеріп келеді. Экономикаға 128 миллиард теңгеден астам қаржы тартылған, оның басым бөлігі жеке салым. Бұдан ауданға сырттан сенім артылғанын байқаймыз. Биыл он айдың ішінде негізгі көрсеткіштердің бәрінде өсім бар екені айтылды. Әсіресе өнеркәсіп саласында қозғалыс байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауданда тоғыз өнеркәсіп нысаны жұмыс істейді. Соның ішінде «Алацем» зауытының үлесі айрықша. Тек биылдың өзінде 1 миллион 200 мың тоннадан астам цемент өндірілген. Зауыт аудан өндірісінің 87 пайызын беріп отыр. «Жоламан» қиыршық тас зауытында да өсім бар. Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 44 пайызға артқан. Биыл 269 мың тоннаға жеткен. «Техаренда» кәсіпорны мамыр айынан…
«Жас Алаш» қазақ баспасөзінің тарихына терең сіңген атау. Жүз жылдан асқан газет ұлттың үнін жеткізген мінберге айналған. Осындай басылымда бас редактор ауысса, бұл жай ғана кадрлық өзгеріс емес. Жақында осы тізгінді тәжірибелі журналист Ерік Рахым қолға алғаны белгілі болды. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіріп, саланың әр сатысынан өткен білікті маман, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның еңбек жолына назар аударсақ, 2002 жылдан бері әртүрлі медиада жүріп, нақты тәжірибе жинағанын байқауға болады. «Түркістанда» тілші болды, кейін «Жас Алаштың» өзінде он жылдан аса жұмыс істеп, тілші, жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары сияқты қызметтерді атқарды. Әр қадамы кәсіби мектептен…
Алматы облысында полиция қызметкерлері Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қарудың бір бөлігін тауып, қылмыстық іс қозғады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы бірлескен жедел топ құрды. Алматы қаласы аумағында жедел ақпаратты тексеру жұмыстарын жүргізген. Сол тексеріс кезінде Үлкен Алматы каналының үстіндегі көпір астында орналасқан бос бөлмеден жасырын қойма табылды. Қоймадан 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық шыққан. Қару бірден тексеріліп, есептік база арқылы салыстырылғаннан кейін оның 2022 жылғы Алматыдағы Қаңтар оқиғалары кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қарулардың қатарында екені анықталды. Яғни бірнеше жыл өтсе де, ол мылтық заңсыз айналымда жүргені белгілі…
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мемлекет меншігіне қайтарылған «Рахман қайнары» шипажайын қайта қалпына келтіру жоспарын жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін әзір шетелде бой тасалап жүрген миллиардер Анатолий Балушкинге тиесілі «БИПЭК Авто Қазақстанның» меншігінде болған шипажай, ұзаққа созылған сот процесінен кейін биыл тамыз айында мемлекетке өтті. Қазір бұл нысан жұмыс істемейді. Аймақ басшысының айтуынша, жергілікті әкімдік «Рахман қайнарының» қағаз-құжаты мен дүние-мүлкіне толық ревизия жасап жатыр. «Рахман қайнары Шығыс Қазақстандағы ең көрікті жердің бірі. Біз осы нысанның иелігіне тек тамыздың соңында қол жеткіздік. Қазір қажетті дәкументті реттеп, толық түгендеу жұмысын аяқтадық. Шипажай аумағында 92 ғимарат бар, екі мыңнан астам түрлі мүлік…
Түркістанда жол мәселесі ұзақ жыл бойы айтылып келеді. Қалада 875 көше бар, жалпы ұзындығы 845 шақырым. Жергілікті әкімдік 2025 жылды нақты жоспармен бастағалы отыр. Жол сапасын көтеру үшін қосымша 138 шақырымнан асатын көше орташа жөндеуден өтпек, деп жазады Ertenmedia.kz. Егер осы жұмыстар жоспарға сай толық орындалса, қаладағы жақсы күйдегі жолдардың үлесі 66 пайыздан асуы мүмкін. Осылайша тұрғындар үшін жолда уақыт жоғалтпай, қауіпсіз қозғалу мүмкіндігі артады. Қазір Б.Майлин көшесі қайта жасалып жатыр. Ұзындығы шамамен екі шақырымға жуық. Жол бірнеше кезеңмен жөнделуде. 850 метр жерде негізі дайындалған, 700 метрдегі ескі асфальт алынып тасталды. Қазір 800 метр аумақта жаңа асфальт төселіп жатыр. Бұл…










