«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігінің арнаулы тілшісі қазақтың танымал жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұржан Қуантайұлымен сұқбаттасты. Бұл қаламгер де белгілі меценат, ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимовтың демеушілігімен өтіп жатқан «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының үшінші кезеңіне өткен болатын. – Нұржан аға, «Қазіргі заманғы қазақ романы» бәйгесіне меценат Шухрат Ибрагимов мол қаламақы қойылып отыр. Айтыңызшы, қаламақы қаламгердің шығармашылығына қаншалықты күш-қуат береді? – Голливудтың көркем фильмдері неге үздіксіз дамып отырады, өйткені киноиндустрияға жақсы сценарий ұсына алатын сценарийші көп. Олар мол қаламақы алады, өзара бәсекесі өте күшті. Ал енді соларға қаламақы бермей, тегін жазып бер деп көрші,…
Author: Асылхан Бөрібай
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Корея Республикасына жұмыс сапарымен барып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар іскерлік кездесулер өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдымен Қазақстан мен Кореядағы елшілігінде кореялық бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде облыс әкімі Нариман Төреғалиев екі ел арасындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған мұндай алаңдардың маңызы зор екенін жеткізді. Әкім өз сөзінде Батыс Қазақстан облысының географиялық және экономикалық артықшылықтарына тоқталды. Ресейдің Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор облыстарымен шектесетін өңірдің транзиттік әлеуеті жоғары екенін, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. – Біз бүгін Батыс Қазақстан облысынан арнайы делегациямен Корея Республикасына келдік. Алдымен осындай кездесуді өткізуге…
Алматы облысындағы «Қазыбек бек» индустриялық аймағында Asia United Steel сталь өндіру желісінің құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдің жаңа өнеркәсіптік алыптарының бірі ретінде бағаланып отыр. Зауыт шамамен 600 жұмыс орнын ашуды көздеп отыр, үш кезеңде жүзеге асырылады, жылына 1,2 млн тонна болат өндіреді және еліміздің оңтүстігіндегі ең ірі металлургиялық кәсіпорындардың біріне айналмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Алпауыт нысанның алғашқы іргетасын қалау рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы келді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, шетелдік инвесторлар мен жобалық ұйымдардың басшылары қатысты. Өңір басшысы бұл қадам облыстың ғана емес, тұтас ел экономикасының әлеуетін арттыратынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында…
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысында көлік, энергетика, өнеркәсіп және инновация салаларындағы қолданыстағы әрі келешектегі инвестициялық жобалар жан-жақты талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын барысында ГТС-2 жүк терминалын дамыту, жылу электр станциясын салу, автобус паркін жаңғырту және зарядтау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту жайы талқыланды. Бұған қоса, газ толтыру станцияларын құруға қатысты жобалар да қаралды. Өнеркәсіптік бағытта жаңа буындағы темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт салу және автокөлік орындықтарын өндіру көлемін арттыруға арналған жобалар ұсынылды. Сайран маңында инновациялық қалалық СЭС пен жасанды интеллект музейін құру жөніндегі бастама таныстырылды. Бұл жоба энергетика, заманауи технология мен білім беру салаларын тоғыстырып, болашақта…
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Aerial Solutions/Drone Pilot Academy компаниясы стратегиялық меморандумға қол қойды. Бұл құжат ұшқышсыз авиация және геоақпараттандыру саласындағы жаңа ынтымақтастық бағытын ашып, ортақ жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Меморандумға қол қою екі тарап үшін маңызды кезең саналады. Университет пен өндірістік серіктес білім беру, ғылыми зерттеу және өндірістік тәжірибені біріктіре отырып, халықаралық стандарттарға негізделген және саланың нақты қажеттіліктеріне бағытталған бірлескен экожүйе қалыптастырады. Студенттер серіктес алаңында практикадан өтіп, заманауи дрон технологияларымен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Олар аэрофототүсірілім жүргізу, деректерді өңдеу әдістерін меңгереді және ұшқышсыз ұшатын аппараттарды экология, ауыл шаруашылығы, геоинформатика (GIS) секілді салаларда қолдану бойынша дағдыларды жетілдіреді.…
Үкімет ел экономикасын алға жылжыту мақсатында арнайы бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарлама арқылы халықтың әл-ауқаты жақсарып, тұрмыс тіршілігі түзелу керек. Үкіметтің алдағы қадамдары қандай болмақ? Нақты қандай шешім ұсынып отыр? Сарапшылар не дейді? Дінмұхаммед Ғали, экономист: – Қазіргі уақытта экономикаға қойылатын басты талап – сандық көрсеткіштерден сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу. Мысалы, 2011 жылы ЖІӨ көлемі – 27 трлн теңге болған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 131 трлн-ға жеткен. Яғни, ЖІӨ орта есеппен 5 есе артқан. Жалақыға келетін болсақ, 2011 жылы орта есеппен санағанда орташа жалақы мөлшері 91 мың теңге болған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 444 мыңға өскен. Яғни, көрсеткіш 3,2-3,7 есеге өскенін…
Қазақ қоғамында қала, аудан және көшелердің атауын өзгерту төңірегіндегі талқылау қайта-қайта күн тәртібіне шыға береді. Әдетте әңгіме шықса, бір орта «халықпен кеңесу керек» десе, енді бірі «мұндай шешімдерді мемлекет өзі қабылдауы тиіс» дейді. Тоғжан Қожалы осы тақырыпқа тоқталып, жауапкершілік аймағын нақтылап алудың маңызы зор екенін алға тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоғжан Қожалының ойынша елді мекендер мен аудандарға ат қою немесе қайта атау жергілікті жиын, кездейсоқ жиналған топтың шешімімен емес, нақты мемлекеттік институттардың құзырында болуы қажет. Яғни Мәжіліс, мәслихат сияқты өкілетті органдар талқылап, дауыс беріп, саяси шешім қабылдауы керек. – Астана тарихына қарасақ, Целиноград, Ақмола, Астана, Нұрсұлтан, қайтадан Астанаға айналған кезеңдердің…
Қонаев қаласында заңсыз айналымға түскен тауарлар ресми түрде жойылды. Қала әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мамандары сот орындаушылары тәркілеген өнімдерді қабылдап, арнайы комиссияның қатысуымен қоқыс полигонында жарамсыз етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл тауарлар «Іле ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» арқылы әкімдікке рәсімделіп жіберілген. Яғни, алдымен сот шешімі шығып, тауарлар тәркіленген, содан кейін ғана жою процедурасы іске асқан. Тізімге қарасақ, заңсыз өнімнің көлемі аз емес. Акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім саудаға шығарылмақ болған. Мұндай ішімдіктің сапасы да, шығу тегі де түсініксіз. Ең бастысы салық пен акциз төленбеген. Оған қоса, Қытайда өндірілген бір тоннадан астам биологиялық белсенді…
Түркістанда 300-ге жуық компания басшыларының қатысуымен «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Оған отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты. Маңызды шара барысында көрме ұйымдастырылып, келушілер мен инвесторлар назарына өңірдің қолөнер бұйымдары, туристік нысандары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі таныстырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл форумның мақсаты аймақтың инвестициялық және туристік әлеуетін ілгерілету, өңір экономикасын әртараптандыру бағытында инвестиция тарту, шетелдік жетекші компанияларымен іскерлік байланыстарды нығайту мен өндіріс орындарын көбейту. Форум аясында мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Түркістан – Қазақстанның жаңа инвестициялық циклінің драйвері» тақыбырында пленарлық отырыс…
Сайрам ауданының Ақсу ауылында ашылған 600 орындық №55 жалпы білім беретін мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Бүгінде біліммен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше мән беруде, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа форматтағы мектепте үйірме жұмыстары кең көлемде жандандырылып, балалардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Мектеп қабырғасында домбыра, футбол, волейбол, баскетбол, бокс, қолөнер, хореография секілді түрлі бағыттағы үйірмелер тегін жүргізіліп, оған бүгінде 300-ге жуық оқушы тұрақты түрде қатысуда. Арнайы жабдықталған музыкалық және шығармашылық кабинеттер, кең спорт залы және сыртқы спорт алаңдары оқушылардың қызығушылығын арттырып, әр баланың бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ерте анықтауға мүмкіндік беруде. Бастауыш…










