Author: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Бірыңғай есепке алу жүйесі

Қазақстанда енгізілуі жоспарланып отырған Бірыңғай есепке алу жүйесі (ЕСУ) Ресейдің атышулы ЦУПИС жобасының көшірмесі болып шықты. Осы жүйенің астарында не жатыр, оны кімдер бақылайды және қоғамға қаупі қандай? Ertenmedia Exclusive.kz зерттеуіне сүйене отырып осы сұрақтарға жауап іздеп көрді. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жақында ЕСУ жүйесіне қатысты қоғам назарынан тыс қалған маңызды деректі жария етті. Оның айтуынша, Қазақстанда бұл жүйені енгізуді қолға алған шенеуніктердің артында NomaPay жеке компаниясымен жасалған құпия келісім бар. Келісімнің нәтижесінде қазақстандықтардың жеке деректері мен капитал сыртқа, нақты айтқанда, Ресейге кетуі мүмкін деген күдік бар. Жүйенің түпнұсқасы Ресейдегі ЦУПИС жобасы. Ресейде осы жүйе бастапқыда құмар ойындар нарығын бақылау үшін…

Read More
медиация

Алматыда «Заң мен Тәртіп: медиацияның қоғамдағы маңызы» тақырыбында конференция өтті. Бұл жиын бір күндік басқосу үшін ғана ұйымдастырылған шара емес, бірнеше айға созылған жұмыстың қорытынды кезеңі болды. Конференция Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырған әлеуметтік жоба аясында өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға қала прокуратурасы мен полиция өкілдері, медиаторлар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар ұйымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және қоғам белсенділері жиналды. Медиация тек заңгерлерге ғана керек құрал емес. Ол тұрмыстық дау, еңбек дауы, көрші арасындағы түсініспеушілік, кәсіпкерлік келіспеушілік сияқты күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайларға қатысты. Конференция барысында медиацияның қоғамдағы рөлі ашық талқыланды. Қазір көп…

Read More
Снос

Алматыда Таугүл-3 шағынауданында, Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталды. Қаланың қала құрылысын бақылау басқармасы осы процесс сот шешіміне сәйкес жүріп жатқанын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқарманың мәліметінше, нысанның иесі жеке тұлға болған және құрылысты тиісті рұқсат құжаттарынсыз бастаған. Қалада құрылыс салу үшін белгілі тәртіп бар. Жобалау құжаты, келісімдер, қауіпсіздік талаптары, инженерлік желілерге қатысты шарттар қаралады. Осы тізбек сақталмаса, ең соңында тұрғындарға да, көрші үйлерге де, инфрақұрылымға да тәуекел көбейеді. Сол себепті қала құрылысын бақылау басқармасы тарапынан әкімшілік шаралар қолданылған. Заң бұзушылықты жою туралы нұсқама да берілген. Яғни бірден сотқа сүйреп әкелді деу дұрыс болмайды,…

Read More
азаматқа

Абай облысында әлеуметтік желіде тараған бейнежазба жұрттың алаңдаушылығын туғызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Желіге шыққан кадрларда шетелдік азаматқа қатысты дөрекі әрі орынсыз әрекеттердің жасалғаны байқалады. Бұл көрініс қоғам тарапынан сынға ұшырап, қызу талқыланып жатыр. Оқиғаға қатысты Абай облысының Полиция департаменті шұғыл әрекет етіп, тиісті тексеріс басталғанын хабарлады. Қазір құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап, заңға сай шаралар қабылдауда. Бұл оқиға желіге жүктелген кез келген материалдың қоғам алдында үлкен жауапкершілігі бар екенін тағы бір мәрте еске салды. Әлеуметтік желіде жарияланған әрбір әрекеттің құқықтық салдары болатынын мамандар үнемі ескертіп келеді.

Read More
Транскаспий

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шәкәлиевтің айтуынша, Қазақстан шекарада бес ірі трансшекаралық хаб салып жатыр. Мақсат елді негізгі көлік-логистикалық орталыққа айналдыру және шикізаттан бөлек өнім экспортын 30 пайызға өсіру. Қазір барлық бағытта басқарушы компаниялар анықталған, инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперацияның халықаралық орталығы құрылуда, ол екі ел арасындағы сауданы 10 млрд долларға дейін жеткізуге тиіс. Шығыста Қорғас торабында «Қорғас» Халықаралық орталығы және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА дамып келеді, өткізу қуатын арттыру үшін SkyHansa халықаралық әуежайы мен жаңа логистикалық нысандар салынады. Каспий жағында Ақтау мен Құрық порттарында контейнерлік хаб және «Саржа» көпфункциялы…

Read More

Қазақстан Үкіметі 2026-2030 жылдарға арналған барлық түрдегі қалдықтарды басқару тұжырымдамасын әзірледі. Вице-министр Жомарт Әлиевтің айтуынша, құжаттың мақсаты жылдар бойы жиналған экологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық мәселелерді жүйелі түрде шешу. Қалдықтарды дұрыс басқару экологиялық қауіпсіздікке, халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Экономика өскен сайын, қала көбейген сайын, тұтыну мен құрылыс артқан сайын қалдық та көбейіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір коммуналдық секторда жылына шамамен 4,5 миллион тонна тұрмыстық қалдық шығады, соның тек 25-26 пайызы ғана өңделеді. Кей өңірде тұрмыстық қоқыстың 30-40 пайызы тамақ қалдығы болып отыр. Негізгі салмақ өндірістік кәсіпорындарға түседі, олар жыл сайын жүздеген миллион тонна тау жыныстары мен техногендік минералдық…

Read More
Кемел Тоқаевтың кітабы

Ош қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» («Атам жөнүндө баян») атты қырғыз тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған, елдік пен ерлік жолында қалам тербеген көрнекті жазушы, қайраткер тұлға Кемел Тоқаевқа арналған. Іс-шара Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің конференция залында өтті. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэры Женишбек Токторбаев, ОшМУ ректоры Қудайберди Кожобеков, Қырғызстан Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нурланбек Калыбеков және Қырғызстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева…

Read More
Олжас Бектенов

Қазақстан экономикасы 2026 жылдан бастап іргелі өзгерістерді бастан өткермек. Елдегі бюджет саясаты қайта қаралып, Ұлттық қордан жұмсалатын қаражат көлемі біршама азаяды, деп хабарлайды Ertenmedia. Bank of America (BofA) сарапшыларының талдауынша, алдағы жылдың басынан күшіне енетін жаңа Салық кодексі макроэкономикалық тұрақтылыққа жетудің негізгі тетігі. Әсіресе, шағын және орта бизнес үшін қосымша құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға дейін өсуі және өзге де салықтық шаралар бюджеттің кірісін көбейтіп, Ұлттық қор шығынын едәуір қысқартуға жол ашады. Қазір Ұлттық қордан жұмсалып отырған қаражат көлемі өте жоғары 2025 жылы ол 5,2 трлн теңгеге жеткен (жалпы ішкі өнімнің 3,2%-ы). Ал жаңа салықтық реформаның арқасында бұл шығын 2026…

Read More
Түркістан

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Үлгілі ауыл» жобасы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл жоба облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. – «Үлгілі ауыл» байқауы – ауылдардың дамуына нақты серпін беретін маңызды жоба. Байқауға қатысу – ауыл әкімдері үшін үлкен мүмкіндік. Себебі үздік деп танылған ауылға бір әлеуметтік нысан салынады. Сондықтан әрбір ауыл әкімдігі белсенді болып, тұрғындарды жұмылдыру арқылы өз ауылын дамытуға мүдделі болуы тиіс, – деді Ертай Кенжебекұлы. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – сәуір мен…

Read More
Түркіменстан

Қазақстан мен Түркіменстан алдағы уақытта сауда-саттықты екі есеге арттырып, ортақ көлік дәліздерін ірі транзиттік хабқа айналдыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедовтың жуырдағы келіссөзі осы бағытта өрбіді. Қазақстан соңғы жылдары Түркіменстан экономикасына белсенді түрде инвестиция құйып келеді. Ресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта көрші елге салынған қазақ инвестициясның көлемі 120 млн доллардан асқан. Бұған қоса, Қазақстан нарығында түркімен капиталының қатысуымен 140-қа жуық компания жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде екі елдің өзара сауда айналымы бес жылда төрт есеге өсіп, 500 млн доллардан асып отыр. Ендігі мақсат миллиард доллар межесіне жету. Бұл үшін қос мемлекет бір-бірінің ірі қалаларында арнайы…

Read More