Мемкеңесшісі Ерлан Қарин президент Тоқаевқа парламент реформасына қатысты ұсыныстарды баяндады, деп хабарлайды Ertenmedia. Желтоқсанның 2-сінде парламенттік реформа бойынша құрылған жұмыс тобының екінші отырысы өтеді. Бірақ бұл жолғы талқылау жабық режимде, БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз ұйымдастырылмақ. Ақорданың мәліметінше, бір ай бұрын e-Otinish және Egov порталында іске қосылған «Парламенттік реформа» арнайы бөліміне көпшіліктен және қоғамдық белсенділерден 300-ге жуық ұсыныс түскен. Бұған қоса, AMANAT, «Ауыл», «Ақ жол», Respublica, Қазақстан Халық партиясы және ЖСДП сынды алты саяси партия өз нұсқасын жолдап үлгерген. Олар негізінен бір палаталы парламентке өту және парламенттік партиялардың өкілеттігін кеңейту мәселелеріне тоқталған. Алайда нақты ұсыныстардың мазмұны ашық айтылған жоқ. Жұмыс тобының сарапшылары…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қорғанмин Дәурен Қосанов әскердегі сарбаз өлімі және солдат аналарының наразылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тілшілер министрден әскер қатарындағы ай сайын тіркеліп жатқан сарбаз өлімі мен ашынған аналардың қарсылығына қандай шара қолданылатынын сұраған екен. Қосанов әлгі сауалға таңғалып, әзір армияда мұндай жағдайдың жоққа тән екенін айтыпты. «Не дейсіз? Сарбаз өлімі? Мұндай жағдай қазір сиреді ғой, оны қайдан алдыңыздар?» – депті таңданысын жасыра алмаған Қорғаныс министрі. Оның сөзінше, түнеукүні митингіге шығып, наразылық танытқан аналар шын мәнінде өткен (2020-2023 жылғы) оқиғаларды көтерген. Қосановтың айтуынша олардың мәселесімен айналысу қорғаныс саласына емес, Ішкі істер министрлігі мен Бас әскери прокуратураның құзырына жататын көрінеді. «Аналардың…
Жетісудың шекаралық Панфилов ауданында әлеуметтік сала инфрақұрылымдарын нығайту жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәселен, денсаулық сақтау саласында соңғы екі жылда 18 нысан салынып, 3-уі жөндеуден өтті. Сол сияқты қиырдағы аймаққа жұмыс істеуге келген 17 дәрігер маманға жалпы сомасы 135 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленген. Осындай шаралардың арқасында жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуға және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік туып отыр. Бұл жайында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде белгілі болды. Атап айтқанда, кейінгі екі жылда Шежін, Надек, Қырыққұдық, Алтыүй, Алмалы, Тұрпан, Ақжазық ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Аққұдық, Диханқайрат, Сарытөбе, Садыр, Сұптай, Қорғас ауылдарында фельдшерлік акушерлік…
Астанада «Kaztraffic-2025» көрмесі аясында «Жолдар және инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады. Конференция биылғы жылы саланың ең үлкен кәсіби оқиғаларының бірі ретінде жол саласының жетекші ғалымдары мен инженерлерін, мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдерін біріктірген маңызды кәсіби алаңға айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Конференцияны ҚР Көлік министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) ұйымдастырды. Министрлік тапсырмасына сәйкес, «ҚазжолҒЗИ» автожол саласына жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерді енгізу бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Институт әлемдік тәжірибені зерттеп, негізгі инновацияларды талдап, оларды отандық жағдайға бейімдеудің мүмкіндіктерін бағалайды. Параллельді түрде еліміздегі жол саласының ғалымдары өздерінің әзірлемелерін жүргізіп келеді. – Бүгін біз автожол саласының дамуына арналған…
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қытайдың техникалық университеттерімен жасыл энергетика, цифрлық технология және жасанды интеллект салаларында ортақ жобаларды жүзеге асырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Келісімге ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев пен Қытайдың өнеркәсіп және ақпараттандыру вице-министрі Чжан Юньминнің кездесуі барысында қол жеткізілді. Келіссөздерде тараптар ҚазҰУ мен Қытай ЖОО-ларының ғылыми-инновациялық әлеуетін біріктіру, студенттер мен ғалымдардың академиялық ұтқырлығын кеңейту мәселелерін талқылады. Жансейіт Түймебаев өз сөзінде бұл сапардың маңызы зор екенін атап өтіп, ҚазҰУ-дың Қытай университеттерімен жүргізіп отырған ынтымақтастығының нәтижесін баяндады. «Сіздің бұл сапарыңыз ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындайды. ҚазҰУ Қытай университеттерін маңызды серіктес санайды. Бізде Қазақстандағы ең ірі Конфуций орталығы мен Қытайтану кафедрасы жұмыс істейді. Студенттер қытай…
Қазір студентке ең қажетті пән – цифрлық қауіпсіздік болып тұр. Сол себепті Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 12-27 қараша аралығында Алматы қаласындағы барлық негізгі жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар өткізіп жатыр. Бұл – жай лекция емес, жастардың ең осал тұсын жаппақ болған қадам. Телефоны қолында, интернеті шексіз, бірақ қауіптен қорғау білген жоқ. Сабақтар интерактивті форматта өтеді. Әр студент нақты мысалдарды көріп, сұрақ қойып, жауап алып жатыр. Цифрлық алаяқтықтың қалай жұмыс істейтіні, мобильді құрылғыларға шабуыл жасайтын тәсілдер, онлайн-сервистерге кірерде неге сақ болу керектігі түсіндірілуде. Ең бастысы кибергигиена. Жастарға смартфонды қорғаудың тәсілдері, фишингтік сілтемелерді ажырату жолдары, жеке деректерді сақтаудың қарапайым ережелері…
Алматы облысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен тұрғын үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл өңірде шамамен 1700 тұрғын үй бірлігін сатып алу жоспарланған. Оның ішінде 200-і – несиелік, ал 1500-і әлеуметтік осал топтарға арналған жалдамалы тұрғын үйлер. Республикалық бюджет есебінен 369 үй сатып алу көзделген. Қазіргі уақытта оның 200-і сатып алынып, 187-сіне төлемдер жүргізілді. Әлі сатып алынбаған 169 үй Балқаш, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында, сондай-ақ Алатау және Қонаев қалаларында орналасқан. Мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен қосымша 1331 үй алу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 444 үй сатып алынып, олардың 366-сына төлем жасалды.…
Мәжіліс отырысында «Әкімшілік құқықбұзу туралы» заң жобасы талқыланып, белгісіз біреулердің Біріңғай есепке алу жүйесі (ЕСУ) мен құмар ойын бизнесіне түзету енгізіп жібергені анықталды. Бүкіл индустрияның қаржылық құрылымын өзгертуі мүмкін маңызды түзету былайша айтқанда «тығылып», салалық емес комитет арқылы өтіп жатқаны депутат Бақытжан Базарбекке ұнамады деп жазады Ertenmedia. «Жалпы, Президенттің және Үкіметтің бірнеше рет берілген тапсырмаларына қарамастан негізгі мақсаты жыл сайын тек комиссиялардан ғана 3,9 триллион теңге табыс табатын монополиялық құрылым құру көзделіп отыр. Жарайды, бастапқыда ЕСУ-ды мемлекеттік кәсіпорын ретінде құру жоспарланған еді. Бірақ сіздердің көпшілігіңіз өте маңызды жайтты білмейсіздер. Қазір ЕСУ іс жүзінде ширма ретінде ғана қалып отыр. Оның бүкіл…
Qazaqstan Venture Group (Alem Ventures Fund қорлар қорының басқарушы компаниясы) алғашқы жабылу кезеңі аясында $115 млн тартты. Бұл кезеңде алғашқы инвесторлардың міндеттемелері рәсімделіп, қордың инвестициялық қызметі басталды. Капитал қалыптастыруға Qazaqstan Investment Corporation, Freedom Holding Corp., Astana Hub және бірқатар жеке инвесторлар қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Венчурлік қорлар қорын құру бастамасы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қолдауымен 2024 жылдың желтоқсанында іске қосылған болатын. Бұл бастама ұлттық венчурлік экожүйені дамытуға, жеке капитал тартуға және өңірді жаһандық инновациялық экономикаға интеграциялауға бағытталған. Осы жұмыстың аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында Qazaqstan Venture Group (QVG) басқарушы компаниясы құрылып, лицензияланды.…
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ядролық физика институтына барды. Бұл атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметтің толық циклі бар елдегі жалғыз ғылыми ұйым. Мұнда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі, жаңа технология әзірленеді, өндіріс жұмыс істейді және атом саласына мамандар даярланады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қала басшысы заманауи зертханалардың және тәжірибелік қондырғылардың жұмысымен танысты. Олардың арасында ВВР-К зерттеу реакторы, радиохимия және изотоптар өндірісі жөніндегі ғылыми-техникалық орталық бар. Институтта онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған радиофармпрепараттар шығарылады. Бүгінде Қазақстандағы радиофармацевтикалық өнімнің шамамен 85%-ын осы институт өндіреді. Препараттар Алматы, Астана, Шымкент, Семей…










