Автор: Асылхан Бөрібай

Артықбаев Ақтөбе Қазстрой

Qazaq Stroy құрылыс компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубына инвестор болды, деп хабарлайды Ertenmedia Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап. Басылым дереккөзі мәміленің толық мақұлданғанын және клубтың Артықбаевтың қарамағына өтетінін мәлімдеген. Қазір «Ақтөбе» жанкүйерлері клубтың келешегін қызу талқылап жатыр. Команда құрамы жаңара ма, жаңа ойыншылар шақырыла ма, футбол академиясы ашыла ма, осы сауалдарға нақты жауап әзірге берілген жоқ. «Ұйымдастыру мәселесі мен инвестиция көлемі 2026 жылдың қаңтарында талқыланады», – дейді дереккөз. «Ақтөбені» жеке инвестордың басқаруына беру туралы мәселе қараша айының басында белгілі болған. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жыл соңына дейін клубтың жекеменшікке өтетінін хабарлағанымен, инвестордың аты-жөнін атаудан бас тартқан. Қазақстан футболында…

Толық оқу
санкция

Батыстың санкция қысымына байланысты Бейжіңнің мұнай өңдеу зауыттары шикізатты басқа елдерден іздеуге көшті. Ресей мұнайынан бас тартқан Yanchang Petroleum компаниясы қаңтардан бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінен тасымалды жолға қояды, деп жазады Ertenmedia. Reuters агенттігінің мәліметінше, Қытайдың солтүстігіндегі Шэньси провинциясында орналасқан ірі зауыт айына 348 мың бәррел мұнай өңдейді. Бұған дейін зауыт ай сайын Ресейден бір партия шикізат, негізінен ESPO және Sokol маркаларын тұрақты сатып алып келген. АҚШ пен Еуроодақтың Ресейдегі ірі мұнай-газ компанияларына салған санкциясы Yanchang Petroleum-ды шикізат жеткізушілерін ауыстыруға мәжбүр еткен. Осылайша, компания қаңтар айында 3 миллион бәррел мұнай сатып алады: оның 2 миллион бәррелі Абу-Дабиден келетін Murban…

Толық оқу
халық пен әкім

Талғар ауданының әкімдігі Қарабұлақ ауылында болған өрт жағдайы толық бақылауда екенін хабарлады. Ресми мәліметке қарағанда, 16 қараша күні ауылдағы үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі келіп, кейін қосымша резервтік бригадалар да тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Құтқарушылардың айтуынша, өрт 18:18-де толықтай ауыздықталған. Екінші қабаттан екі адам эвакуацияланып, олар дәрігерлердің қарауына тапсырылды. Қайта жарылыс қаупін болдырмау үшін ғимараттан 15 газ баллоны сыртқа шығарылды. Алғашқы минуттардан бастап оқиға орнында Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков болды. Ол құтқарушылардың, полицияның және өзге де қызметтердің жұмысын үйлестіріп, тұрғындардың қауіпсіздігіне баса назар аударды. Үйде барлығы 18 пәтер бар, шамамен 48…

Толық оқу

Алматы облысында жастардың қауіпсіздігі мен салауатты дамуын қамтамасыз ету мақсатында «SAQTAN» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Paryz еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігі іске қосқан, деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы мамыр айынан басталған жоба алты негізгі бағытты қамтиды: ақпараттық-түсіндіру семинарлары, заңсыз есірткі жарнамаларына қарсы акциялар, түнгі рейдтер, спорттық іс-шаралар, әлеуметтік бейнероликтер және ақпараттық насихат жұмысы. – Кез келген жағдайда ақпараттық жұмыс алдыңғы шепте тұруы тиіс. Сондықтан біздің жұмыс тобы мен еріктілер бұл бағытта барын салды. Жоба шеңберінде тиісті мағлұматты жастарға сіңіру үшін 15 семинар өткізіп, 1200 жасқа құнды ақпарат бердік, – деді облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі…

Толық оқу

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 123 кәсіпорын жұмыс істейді. 2025 жылдың басынан бері 74,2 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді. Жалпы, өңірде өндірілген өнімді қайта өңдеу көлемі 68%-ға жетті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kzЖетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 500,0 мың гектар болған. Бұл ретте қант қызылшасын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс құрылғаннан бері тәтті түбірдің егіс алқабы 2022 жылғы 4,2 мың гектардан биыл 12,2 мың гектарға дейін үш есеге жуық ұлғайған. Өткен жылы өңірде қант қызылшасынан рекордтық өнім алынып, жалпы түсім 630 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар 2023 жылы үш жыл…

Толық оқу
Ақшидег ауызсу мәселесі

Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ақши ауылында ауыз суға қатысты туындаған күрделі мәселені шешу үшін жедел шаралар қабылданып жатыр. Жағдай облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тікелей бақылауында, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Апаттың негізгі себебі 1976 жылдары салынған «Бозой» топтық су құбырының толық тозуы. Соңғы күндері магистраль бірнеше жерде жарылып, ауылға су беру жиі үзілген. Тексеру барысында құбырдың 2 шақырымнан астам бөлігі жарамсыз деп танылып, бұл учаскелерді қалпына келтіру уақытша тоқтатылды. Ауыз су беру тоқтаған кезеңде Іле ауданы әкімдігі арнайы су таситын көліктерді жұмылдырып, тұрғындарды тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Мәселеге қатысты бірқатар…

Толық оқу

Бүгін белгілі бір ЛГБТ-активист өз үндеуін жолдап, ЛГБТ-пропаганданы шектеу туралы заңды қабылдамауды талап етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Осыған орай, барлық ата-аналардың, жастардың, елге бей-жай қарамайтын азаматтардың және Қазақстан патриоттарының атынан Сізді ЛГБТ-қозғалысы өкілдерінің қысымы мен арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауға шақырамыз. Біз бүгін түрлі ЛГБТ-активистердің мемлекеттік институттарға ықпал етуге және қоғамға өздерінің теріс идеологиясын таңуға бағытталған ақпараттық шабуыл жүргізіп отырғанын көріп отырмыз. Балаларды қорғауға арналған орынды шектеулерді олар әдейі «қудалау» немесе «құқық бұзу» деп көрсетеді, өздерін «жәбірленуші» ретінде танытады. Бұл – жалған әрі арандату! Эмоциялық қысым көрсету, көпшілік алдында өз пайдасына ойнау, мән-мағынаны бұрмалау және балалардың санасына еркін жол ашуға ұмтылу…

Толық оқу
кредит Әбілқасымова

Қазақстанда тұтынушылық кредит берудің талаптары қатаңдайды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа талабы бойынша, 2025 жылдың 24 қарашасынан бастап қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған бірқатар шектеулер күшіне енеді. Өзгерістердің ең бастысы соңғы бір жыл ішінде қарызын 90 күннен артық кешіктірген азаматтардың борыш жүктемесі коэффициенті (КДН) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетіледі. Мұндай шараның мақсаты қарызды қайтару қабілеті төмен азаматтардың қайтадан шамадан тыс кредит алып, дефолтқа ұшырау қаупін азайту. Сондай-ақ мынадай жағдайлар болған кезде азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредит алуға тыйым салынады: – банктегі несиесі бойынша төлем 30 күннен, микроқаржы ұйымдарынан алған қарызы бойынша 1 күннен асатын кешіктірілген берешегі болса; –…

Толық оқу

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимімен жұмысын жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер екі ай ішінде салық органдарына арнайы хабарлама тапсыруға міндетті болады, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шынберген мәлімдеді. Жаңа Салық кодексінің талабына сәйкес, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға барлық кәсіпкерлердің құқығы бар, тек бұл тізімге арнайы тыйым салынған бизнес түрлері енбейді. Ерқанат Шынбергеннің айтуынша, жеңілдетілген салық жүйесінде жұмыс істеп жатқан немесе осы жүйеге көшуге ниетті кәсіпкерлер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі айдың ішінде 1 наурызға дейін салық органдарына хабарлама жіберуі тиіс. «Кәсіпкер хабарламаны уақытында…

Толық оқу
Бозымбаев

Жетісайдағы қайғылы өрттен кейін Қазақстанда жаппай тексеріс басталады, деп жазады Ertenmedia. Үкіметтік комиссияны басқарып отырған вице-премьер Қанат Бозымбаев тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін жан-жақты тексеруді тапсырды. Бұған дейін Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапқан еді. Марқұмдардың тоғызы бала, үшеуі ересек. Өрт болған түні үйде екі отбасы болған. Қайтыс болған балалардың әкелері ағалы-інілі азаматтар. Үкіметте өткен жедел жиында Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Энергетика, Еңбек, Оқу-ағарту министрліктерінің басшылары мен Түркістан облысының әкімі оқиғадан кейінгі ахуал жайлы баяндама жасады. «Өрттен аман қалған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. 1986 жылы туған ер азамат…

Толық оқу