Қазақстанда 23 қарашадан бастап жаңа жол ережесі күшіне енеді деп хабарлайды Ertenmedia. Өзгеріс жүк көліктерінің жылдамдығына, автобустарға, маяктарды қолдануға және полицияның жұмысына да қатысты болмақ, Енді елді мекен ішінде жүк көлігінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспауы тиіс. Ереже жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Алайда арнайы белгілермен рұқсат етілген аумақтарда (сағатына 80–90 км) ереже басқаша болады. «Боран, тұман, жаңбыр немесе қар кезінде көлік колонналарының қозғалысына да қатаң талап қойылды. Мұндай жағдайда жүргізушілерге басып озуға, жолақ ауыстыруға және тоқтауға тыйым салынады. Егер колоннада 10-нан астам көлік болса, екі патрульдік полиция машинасы міндетті түрде ілесіп жүруі керек», – деп атап…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жыл соңына дейін Қазақстан аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 1,2 млрд доллардан асатын 40-тан астам жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды Ertenmedia. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының мәліметінше, инвесторлардың басты назары өңдеу өнеркәсібі, логистика, агроөнеркәсіп, жаңартылатын энергетика және медицина саласына ауған. Компания соңғы екі жылда Қазақстанға негізгі серіктес елдердің қызығушылығы күрт артқанын атап өтті. Мысалы, Қатардың тікелей инвестиция көлемі 2023 жылы небәрі 9 млн доллар болса, биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде бұл көрсеткіш 1,1 млрд долларға жеткен. Инвестицияның мұндай қарқынмен артуы Қатар инвесторларының қаржы секторы, логистика, энергетика және өнеркәсіп жобаларына басымдық беруімен байланысты. Қытайлық компаниялар да шикізат секторынан шығып, өңдеу өнеркәсібіне, ауыл…
2025 жылғы 21 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (ХИТУ) екі күндік инновациялар марафоны – «AI in Engineering Hackathon 2025» хакатоны басталды деп жазады Ertenmedia. Хакатонның салтанатты ашылу рәсімінде индустрияның және университеттің басты өкілдері сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап қана қоймай, нақты қолданбалы міндеттерді белгіледі және болашақ шешімдерден күтетін үміттерін білдірді. ХИТУ ректоры, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының Корреспондент-мүшесі Ақпанбетов Дархан Берікұлы өз кезегінде қатысушыларға сәттілік тілеп, тосын әрі тың шешімдер күтетінін атап өтті. ХИТУ ректоры мұндай іс-шаралар идеялар мен таланттарды біріктіріп, инновациялар үшін платформа жасайтынын айтты. Ол Президент Қ. Тоқаевтың: «Жасанды интеллект бұл трансформацияның қозғаушы күшіне айналады… Біздің басты мақсатымыз…
Ақтауда журналистерге арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған медиатренинг өтті. Жоба офисінің өкілдері бағдарламаны іске қосу үшін атқарылған дайындық жұмыстары мен елдегі инфрақұрылымды жаңарту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Модернизация алдымен инженерлік желілердің тозу деңгейі 65-70%-дан асқан өңірлерді қамтиды. Ал Маңғыстау облысында жылу желілерінің тозу көрсеткіші 69%-ға жеткен. Қазіргі таңда «Каспий жылу, су арнасы» МКК 101 шақырым жылу желісіне капиталды жөндеу жұмысын аяқтап жатыр. 2021-2025 жылдары бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 18,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында 172 км желіні жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде 2029…
Жамбыл облысында жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жаппай тарап, өңір мектептері қашықтан оқуға көше бастады, деп хабарлайды Ertenmedia. Әсіресе Тараздағы жағдай күрделі. Қала мектептерінің 74 пайызы онлайн форматқа ауысуға мәжбүр. Қазірдің өзінде облыс бойынша 82 мектеп, оның ішінде Тараз қаласының 51 мектебі қашықтан оқытуға өткен. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қаулысы бойынша, сыныптардағы науқас оқушылар саны 30 пайыздан асса, мектеп толығымен онлайн форматқа көшеді, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады. Эпидемиологтар ЖРВИ-мен бірге «гонконг тұмауының» да өршіп тұрғанын ескертіп отыр. Осыған байланысты өңірдің дәріханаларында дүрбелең басталды. Тұрғындар вирусқа қарсы препараттарды жаппай сатып алуға кіріскен. Дәрігерлер ауру белгілері байқалғанда өз бетінше емделмей, бірден мамандарға…
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңірде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жобалар іске асып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Осындай жобаның бірі Жетісай ауданы Асықата кентінде қолға алынған. Жалпы аумағы 1 гектар болатын шағын өндірістік паркте жалпы құны 210 млн теңгені құрайтын 5 өндіріс орны іске қосылады. Мұнда түйіршіктелген құрама жем, темір бұйымдары, құрғақ құрылыс қоспалары, кір сабын мен сусабын, әжетхана қағазы мен майлықтар шығарылады. Нәтижесінде 100-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. – Өндірістік паркте 5 инвестициялық жоба жүзеге асады. Ауданда ашылып жатқан индустриялық аймақ пен шағын өндірістік паркті тиімді пайдалану – экономиканың дамуына маңызды үлес қосады. Жаңа…
Сенат депутаты Нұрия Ниязова утиль алымға және түрлі сертификаттарға қатысты кейбір төлемді мемлекет емес, жекеменшік немесе квазимемлекеттік ұйымдар жинап отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сенатордың айтуынша, аталған төлемдер бюджет тапшылығы жағдайында мемлекет қазынасына емес, жеке ұйымдарға кетіп жатыр. «Автожолдармен жүру ақысын «ҚазАвтоЖол», тауардың шығу тегін растайтын сертификатты «Атамекен», утилизациялық алымды «Жасыл Даму» компаниясы жинауда. Мысалы, тек «ҚазАвтоЖолдың» өзі 2024 жылы жол ақысынан 52,9 млрд теңге жинаса, биылғы он айдың өзінде бұл көрсеткіш 79 млрд теңгеге жеткен. Осы қаражатты тікелей мемлекеттік бюджетке аудару мәселесі қарастырыла ма?» – деді депутат Сенат отырысында. Қаржы министрінің міндетін атқарушы Абзал Бейсенбекұлы аталған қаражаттар бюджет…
Құқық және экономика факультетінің студенттері Талдықорған қаласы прокуратурасының аға прокуроры Дана Сәрсенбаймен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуді әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев ашып, қонақтың Жетісу университетінің түлегі әрі танымал жас прокурор екенін атап өтті. – Дана Сәрсенбай жаңа буын прокурорларының жарқын өкілі. Ол қоғамда үлкен резонанс тудырған Шерзат Полаттың ісінде мемлекеттік айыптаушы болды. Өз ісінің кәсіби маманы ретінде көпке үлгі болып жүр. Бүгінгі кездесуде Дана Нұрланқызы заң және тәртіп тақырыбында дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөліседі, – деді проректор. Дәріс барысында Дана Сәрсенбай заң мен тәртіп идеологиясы, прокуратураның жұмыс қағидаттары, қоғамдық мүддені қорғау және сот процесінің әділдігін…
Қазақстанның сыртқы қарызы тарихи максимум деңгейіне жетіп, 172,8 миллиард долларға көтерілді. Бұл ма, бұл ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық банк дерегінше, соңғы бір жылда сыртқы қарыз көлемі 3,6%-ға өсіп, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 59,2%-ын құрады. Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, қарыздың күрт өсуіне негізінен мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жауапты. Бір жыл ішінде осы екі сектордың берешегі 8%-ға көбейсе, жеке секторда осы көрсеткіш 2%-ға ғана артқан. «Дегенмен, жалпы қарыз құрылымында жеке компаниялардың үлесі басым, олардың еншісінде 71% бар», – деп атап өтті сарапшылар. Сонымен қатар Қазақстандағы сыртқы қарыздың жартысынан астамы, яғни 53,6%-ы фирмааралық займдар. Бұлар негізінен шетелдік компаниялардың Қазақстандағы…
Жетісу облысы құрылғаннан бері Кербұлақ ауданының тынысы өзгеріп келеді. Экономикаға 128 миллиард теңгеден астам қаржы тартылған, оның басым бөлігі жеке салым. Бұдан ауданға сырттан сенім артылғанын байқаймыз. Биыл он айдың ішінде негізгі көрсеткіштердің бәрінде өсім бар екені айтылды. Әсіресе өнеркәсіп саласында қозғалыс байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауданда тоғыз өнеркәсіп нысаны жұмыс істейді. Соның ішінде «Алацем» зауытының үлесі айрықша. Тек биылдың өзінде 1 миллион 200 мың тоннадан астам цемент өндірілген. Зауыт аудан өндірісінің 87 пайызын беріп отыр. «Жоламан» қиыршық тас зауытында да өсім бар. Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 44 пайызға артқан. Биыл 269 мың тоннаға жеткен. «Техаренда» кәсіпорны мамыр айынан…










