Оралда өткен өңіраралық форум шеңберіндегі көрмеде APEC PetroTechnic жоғары колледжі энергетика мен экология бағытындағы жаңа шешімдерді тірі күйінде көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Көрме барысында негізгі назар студент пен жас маманға. Теорияны ұзаққа созбай, нақты құрылғыны қосып, токтың қайдан келіп, қайда жұмсалатынын түсіндірді. Инженерлер ұсынған USFULL модулі күн панельдерінен және қалалық желіден қуат қабылдап, тұрмыстық техникаға үздіксіз энергия беруге бейімделген. AC желісіне теледидар, ыдыс жуғыш, шаңсорғышты жалғап, DC тізбегіне жылытқыш, кондиционер, мұздатқышты қосу жолдары көрсетілді. Көрермен үшін ең маңыздысы – сызбадағы белгі емес, розеткадан жанған жарық пен іске қосылған мотордың дыбысы. Ауыл шаруашылығына арналған күн энергиясымен жұмыс істейтін су айдау қондырғысы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда цифрлық активтер мен жеке деректердің айналымы заңмен реттеледі, деп хабарлайды Ertenmedia. 17 қараша күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Жаңа заң екі негізгі бағытты қамтиды. Бірінші бағыт заңнаманы жасанды интеллект туралы заңға сәйкестендіруді көздейді. Екінші бағыт цифрландыру саласындағы өзге мәселелерді реттеуге арналған. Құжаттың маңызды жаңалығы Қазақстан аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің (мысалы, криптовалюта) айналымын заңдастыру. Бұған дейін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы тек «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында ғана рұқсат етілген еді. Енді елімізде мұндай активтерді сату мен сатып алуға заң…
Тоқаев Ташкентте Орталық Азияны өркендетудің жаңа жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. 16 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өткен Орталық Азия елдері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты. Президент өз сөзінде аймақ елдерін маңызды әрі тың жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды. «Қазақстан өзара тиімді жобаларға, соның ішінде астықты, майлы дақылдарды, ет және сүт өнімдерін терең өңдейтін бірлескен кәсіпорындар құруға дайын. Мал шаруашылығын, органикалық өсімдік шаруашылығын дамытудың да мүмкіндігі зор», – деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, қазіргі әлемдік өзгеріс жағдайында Орталық Азия елдеріне Еуразияның басты транзиттік аймағына айналатын тарихи мүмкіндік туып отыр. Бірақ бұл мақсатқа жету үшін елдердің үйлесімді әрі ортақ әрекеті…
Қазіргі таңда Қазақстанда 2026 жылға арналған бюджет қалыптасып жатыр. Оның жобасында Қаржы министрлігі кірістер 22,8 трлн теңге, ал шығыстар 27,2 трлн теңге көлемінде болатынын болжайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстандағы бюджет қаражаттары үкіметтің басымдықтарына сәйкес әртүрлі сектор мен бағытқа бөлінеді. Қазақстандағы бюджет қаражаттарының негізгі бағыттары мыналар: Әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау; Білім беру; Экономикалық даму; Инфрақұрылым және көлік; Қауіпсіздік және қорғаныс; Ауыл шаруашылығы; Экология және қоршаған ортаны қорғау; Мәдениет және спорт; Мемлекеттік басқару; Мемлекеттік қарызды өтеу және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру. Бұл қаражаттарға зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер, медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және халыққа медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету…
Атырау облысында Президент Жолдауындағы стратегиялық бағыттарды түсіндіру үшін арнайы кездесу өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты. Облыс орталығында өткен шараға барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары және қоғамдық кеңес мүшелері жиналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынды облыс әкімі Серік Шәпкенов жүргізді. Ол сөз басында Мемлекет басшысының Жолдауы ел үшін бағыт-бағдар беретін құжат екенін атап өтіп, онда көрсетілген бастамалардың әр өңір үшін нақты міндетке айналғанын айтты. Әкім өз сөзінде Атырау облысында Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бағытында қандай жұмыстар жасалып жатқанын қысқаша баяндады. Экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымды жаңарту, кәсіпкерлікті қолдау сияқты…
Ақтаудағы әскери гарнизонда ерекше бір күн өтті. Әдетте сырт көзге жабық саналатын казармалар, оқу корпустары мен жаттығу алаңдары аналар үшін ашық есікке айналды. «Әскер аналар көзімен» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада сарбаздардың туыстары, аналар мен апалар, өз перзенттерінің қызмет жағдайын өз көздерімен көріп, көкейдегі сауалдарына жауап алды. Осы бір сенімді, жылылық пен жауапкершілікті ұштастырған басқосуға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Борамбаевтың өзі арнайы келді, деп жазады Ertenmedia.kz. Онымен бірге «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы, генерал-майор Бауыржан Артықов пен Ақтау гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Саян Акиров те сап түзеді. Жергілікті әскери бөлім, полиция мен тергеу басқармасының өкілдері…
Алматыдағы Оқушылар сарайында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы қалалық прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырған. Жәрмеңке Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткізілді. Жұмыс іздеп жүргендер мен жұмыс берушілер бір жерге жиналып, әңгімені делдалсыз жүргізетін мүмкіндікке ие болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жәрмеңкенің мақсаты нақты. Біріншіден, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Екіншіден, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру. Үшіншіден, жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасында тікелей байланыс орнату. Кейде адам жұмыс таба алмай жүр деп айтамыз, ал кейде кәсіпорын кадр таппай қиналады. Мұның бәрі ақпараттың бір жерге тоғыспауынан болады. Осындай жәрмеңке сол түйінді тарқатуға…
Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында үш қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылуы тіркелді. Дабыл түскен сәттен бастап төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына жоғары дайындық дәрежесімен жіберілді. Үйде өрт шыққаны туралы ақпарат түскен соң, алғашқы минуттарда-ақ өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері жұмылдырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар алдымен жағдайды бағалап, өрт сөндіру штабын құрды. Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бес буыны кірісті. Су беру өрт гидранты арқылы ұйымдастырылды. Яғни өртті жай ғана сыртынан бақылап қоймай, ғимарат ішіне кіріп сөндіру жұмыстары жүргізілді. Барлау кезінде құтқарушылар екінші қабаттан екі ересек адамды тауып, сыртқа шығарды. Олар түтін мен…
Астанада өткен Silk Way Star жобасының жартылай финалы аймақтағы ең әсерлі музыкалық оқиғалардың біріне айналды. Бұл 12 елдің талантты орындаушысын біріктірген және миллиондаған көрермен жинаған алғашқы ірі азиялық вокалдық мегажоба. Соңғы шығарылымда қатысушылар дуэт болып ән айтып, өздерінің кәсіби деңгейін жаңа қырынан көрсетіп шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жартылай финал нәтижесінде финалға жеті әнші жолдама алды. Олар ALEM (Қазақстан), Язмин Азиз (Малайзия), Автандил Абесламидзе (Грузия), Мишель Джозеф (Моңғолия), Чжан Хэ Сюань (Қытай), Саро Геворгян (Армения) және Мадинабону Әділова (Өзбекстан). Қазылар алқасы қатысушылардың деңгейі өте жоғары болғанын айтып, шешім қабылдау оңай болмағанын жеткізді. – Дуэт болуы қатысушылар үшін үлкен сынақ болды. Әрқайсысы…
Жасанды интеллект әлеміндегі ең беделді тұлғалардың бірі, әйгілі Google Research-тің бұрынғы директоры, әлемдегі №1 AI оқулығы «Artificial Intelligence: A Modern Approach» авторларының бірі Питер Норвиг Қазақстанның жоғары білім, ғылым және технология бағытындағы реформаларын жоғары бағалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол бұл пікірін Кай-Фу Лидің шақыруымен Қазақстан Президенті жанындағы ЖИ дамыту кеңесіне қатысқаннан кейін айтты. Питер Норвигтің айтуынша: * Қазақстан мұнайлы ел, бірақ экономикасын ИИ бағытына батыл бұрып отырған мемлекет. * Елдің демографиясы жас, жастар технологияға қатты қызығады. * Білімге ерекше көңіл бөлінген: қазір елде 30-ға жуық шетелдік университет филиалдары жұмыс істейді. * Қазақстан иммиграция шектеулерін дұрыс пайдаланып, шетелдік студенттерді көп тартып…










