Бүгін белгілі бір ЛГБТ-активист өз үндеуін жолдап, ЛГБТ-пропаганданы шектеу туралы заңды қабылдамауды талап етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Осыған орай, барлық ата-аналардың, жастардың, елге бей-жай қарамайтын азаматтардың және Қазақстан патриоттарының атынан Сізді ЛГБТ-қозғалысы өкілдерінің қысымы мен арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауға шақырамыз. Біз бүгін түрлі ЛГБТ-активистердің мемлекеттік институттарға ықпал етуге және қоғамға өздерінің теріс идеологиясын таңуға бағытталған ақпараттық шабуыл жүргізіп отырғанын көріп отырмыз. Балаларды қорғауға арналған орынды шектеулерді олар әдейі «қудалау» немесе «құқық бұзу» деп көрсетеді, өздерін «жәбірленуші» ретінде танытады. Бұл – жалған әрі арандату! Эмоциялық қысым көрсету, көпшілік алдында өз пайдасына ойнау, мән-мағынаны бұрмалау және балалардың санасына еркін жол ашуға ұмтылу…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда тұтынушылық кредит берудің талаптары қатаңдайды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа талабы бойынша, 2025 жылдың 24 қарашасынан бастап қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған бірқатар шектеулер күшіне енеді. Өзгерістердің ең бастысы соңғы бір жыл ішінде қарызын 90 күннен артық кешіктірген азаматтардың борыш жүктемесі коэффициенті (КДН) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетіледі. Мұндай шараның мақсаты қарызды қайтару қабілеті төмен азаматтардың қайтадан шамадан тыс кредит алып, дефолтқа ұшырау қаупін азайту. Сондай-ақ мынадай жағдайлар болған кезде азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредит алуға тыйым салынады: – банктегі несиесі бойынша төлем 30 күннен, микроқаржы ұйымдарынан алған қарызы бойынша 1 күннен асатын кешіктірілген берешегі болса; –…
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимімен жұмысын жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер екі ай ішінде салық органдарына арнайы хабарлама тапсыруға міндетті болады, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шынберген мәлімдеді. Жаңа Салық кодексінің талабына сәйкес, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға барлық кәсіпкерлердің құқығы бар, тек бұл тізімге арнайы тыйым салынған бизнес түрлері енбейді. Ерқанат Шынбергеннің айтуынша, жеңілдетілген салық жүйесінде жұмыс істеп жатқан немесе осы жүйеге көшуге ниетті кәсіпкерлер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі айдың ішінде 1 наурызға дейін салық органдарына хабарлама жіберуі тиіс. «Кәсіпкер хабарламаны уақытында…
Жетісайдағы қайғылы өрттен кейін Қазақстанда жаппай тексеріс басталады, деп жазады Ertenmedia. Үкіметтік комиссияны басқарып отырған вице-премьер Қанат Бозымбаев тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін жан-жақты тексеруді тапсырды. Бұған дейін Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапқан еді. Марқұмдардың тоғызы бала, үшеуі ересек. Өрт болған түні үйде екі отбасы болған. Қайтыс болған балалардың әкелері ағалы-інілі азаматтар. Үкіметте өткен жедел жиында Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Энергетика, Еңбек, Оқу-ағарту министрліктерінің басшылары мен Түркістан облысының әкімі оқиғадан кейінгі ахуал жайлы баяндама жасады. «Өрттен аман қалған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. 1986 жылы туған ер азамат…
Қазақстанда жалақы деңгейі экономиканың нақты өсімімен қабыспай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Сарапшылар жыл басынан бері елдің жалпы ішкі өнімі 6,4 пайызға артқанымен, халықтың шынайы табысы керісінше кемігенін атап өтті. Halyk Finance сарапшысы Алексей Афонскийдің дерегінше, 2025 жылдың тоғыз айында орташа айлық номиналды жалақы 433,3 мың теңгеге жеткенімен, инфляция әсерінен халықтың сатып алу мүмкіндігі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайызға төмендеген. Инфляция көрсеткіші 12,9 пайыз. Елдегі ең жоғары жалақы тау-кен саласында (930,5 мың теңге), қаржы секторында (900,6 мың теңге) және IT мен байланыс саласында (833,1 мың теңге) тіркелген. Әсіресе IT мамандарының жалақысы 1,3 млн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға өскен.…
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония басшысы Алар Карис Астанада өткен қазақ-эстон бизнес-форумына қатысты. Қос елдің басшылары кәсіпкерлерге әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Ақорданың мәліметіне сәйкес, Тоқаев форум аясында Қазақстан мен Эстония іскер топтарының өзара байланысы нығайтудың маңызан тоқталды. Екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыруға жол ашылатынын атап өтті. Президент өз сөзінде қос мемлекет үшін тиімді болуы мүмкін көлік және логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы ынтымақтастыққа екпін беріп, эстон бизнесінің Қазақстан нарығына кіруі үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Айта кетерлігі, форум аясында екі ел кәсіпкерлері жалпы сомасы 517 миллион…
Алматы полициясы брокерлік нарықтағы ең ірі ойыншылардың бірі «Фридом Финансқа» қатысты жалған ақпарат тарату ісін тергеуді әдейі кешеуілдетіп, істің мән-жайын анықтауға құлықсыздық танытып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia «Курсивке» сілтеме жасап. Істің түп төркіні биылғы сәуірге барып тіреледі. Сол кезде KazTAG ақпарат агенттігі ондаған материал жариялап, «Фридом Финансты» «салымшылардың ақшасын жоғалтуға себеп болды» деп айыптаған. Артынша брокерлік компания өкілдері бұл мәлімдемелерді «жоспарлы түрде жасалған жалған ақпарат пен PR-шабуыл» деп бағалады. Олардың пікірінше, KazTAG-тың түпкі мақсаты «Фридом Финансты» заңсыз жолмен «ымыраға» көндіру болған. «Фридом Финанс» компаниясының адвокаты Александр Камендровскийдің айтуынша, осы негізде Алматы қаласы полиция департаментінде агенттіктің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Істі…
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай осы саланың бірқатар мамандарына мемлекеттік марапаттар тапсырды. Атап айтқанда, осы күні механик, трактор жүргізушісі, малшы, шаруа қожалықтарының жұмысшылары сияқты 7 еңбек адамы құрметке ие болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиынға келген мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған Бейбіт Исабаев өз сөзінде аграрлық салаға көрсетіліп отырған қолдауларға, Президенттің қатысуымен өткен Агрофорумда айтылған мақсат-міндеттерге қысқаша тоқталды: – Бұл мереке өмірін ауыл шаруашылығымен тығыз байланыстырған еңбек адамдарының қажырлы қызметіне көрсетілген құрмет деп білеміз. Мемлекет басшысы Агрофорумда фермерлерді қолдау, су үнемдеу технологияларын енгізу, заңсыз алынған және игерілмей бос жатқан жерлерді қайтару, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, өнімді терең өңдеп,…
Ашхабад үш күн бойы Орталық Азияның цифрлық астанасы атанды. Қарашаның 12-14 аралығында Түрікменстанда Turkmentel 2025 халықаралық көрмесі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Орталық Азиядағы телекоммуникация, инновациялық технологиялар мен цифрлық басқарудың болашағын талқылайтын бұл маңызды алаңға биыл 15 елден 200-ден аса қатысушы жиналды. Іс-шара барысында IT-технологиялар, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және спутниктік жүйелер саласындағы озық шешімдер ұсынылды. Көрме мазмұны мен ұйымдастырылу деңгейі тұрғысынан тек тәжірибе алмасып қана қоймай, заманауи технологияларды көрсететін әрі жаңа әріптестік байланыстарға жол ашатын маңызды платформаға айналды. Түрікменстан цифрлық трансформация саласында аймақтағы ең қарқынды дамушы елдердің бірі. Қазір мұнда мемлекеттік бағдарламалар арқылы «ақылды технологиялар» кезең-кезеңімен енгізілуде, байланыс инфрақұрылымы жаңартылып, ұлттық…
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Лукойлдың» Қарашығанақ жобасындағы үлесін сатып алады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Ertenmedia. «БАҚ-та тарап жатқан мәлімет шындыққа жанаспайды. Дегенмен Қарашығанақ жобасындағы санкцияның әсерін серіктестерімен бірге мұқият әрі тұрақты түрде сараптап отырмыз», – деп нақтылады ҚМГ баспасөз қызметі. Бұған дейін, Reuters агенттігі «ҚазМұнайГаз» санкцияға ілінген «Лукойлдың» Қазақстандағы үлесін сатып алуы мүмкін екенін хабарлаған. Агенттік материалында нақты кен орындары аталған жоқ, алайда Қарашығанақ туралы жанама айтылды. Мұндағы «Лукойлға» тиесілі үлес 13,5 пайыздың шамасында. Еліміздің Энергі министрлігі де Қарашығанақ консорциумындағы жаңа серіктестіктер санкцияны есепке ала отырып мақұлданатынын ескерткен еді. Күні кеше Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов те Қазақстан «Лукойлдың» активін…










