Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматы облысы тұрғын үй

Алматы облысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен тұрғын үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл өңірде шамамен 1700 тұрғын үй бірлігін сатып алу жоспарланған. Оның ішінде 200-і – несиелік, ал 1500-і әлеуметтік осал топтарға арналған жалдамалы тұрғын үйлер. Республикалық бюджет есебінен 369 үй сатып алу көзделген. Қазіргі уақытта оның 200-і сатып алынып, 187-сіне төлемдер жүргізілді. Әлі сатып алынбаған 169 үй Балқаш, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында, сондай-ақ Алатау және Қонаев қалаларында орналасқан. Мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен қосымша 1331 үй алу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 444 үй сатып алынып, олардың 366-сына төлем жасалды.…

Толық оқу
Біріңғай есепке алу жүйесі (ЕСУ)

Мәжіліс отырысында «Әкімшілік құқықбұзу туралы» заң жобасы талқыланып, белгісіз біреулердің Біріңғай есепке алу жүйесі (ЕСУ) мен құмар ойын бизнесіне түзету енгізіп жібергені анықталды. Бүкіл индустрияның қаржылық құрылымын өзгертуі мүмкін маңызды түзету былайша айтқанда «тығылып», салалық емес комитет арқылы өтіп жатқаны депутат Бақытжан Базарбекке ұнамады деп жазады Ertenmedia. «Жалпы, Президенттің және Үкіметтің бірнеше рет берілген тапсырмаларына қарамастан негізгі мақсаты жыл сайын тек комиссиялардан ғана 3,9 триллион теңге табыс табатын монополиялық құрылым құру көзделіп отыр. Жарайды, бастапқыда ЕСУ-ды мемлекеттік кәсіпорын ретінде құру жоспарланған еді. Бірақ сіздердің көпшілігіңіз өте маңызды жайтты білмейсіздер. Қазір ЕСУ іс жүзінде ширма ретінде ғана қалып отыр. Оның бүкіл…

Толық оқу

Qazaqstan Venture Group (Alem Ventures Fund қорлар қорының басқарушы компаниясы) алғашқы жабылу кезеңі аясында $115 млн тартты. Бұл кезеңде алғашқы инвесторлардың міндеттемелері рәсімделіп, қордың инвестициялық қызметі басталды. Капитал қалыптастыруға Qazaqstan Investment Corporation, Freedom Holding Corp., Astana Hub және бірқатар жеке инвесторлар қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Венчурлік қорлар қорын құру бастамасы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қолдауымен 2024 жылдың желтоқсанында іске қосылған болатын. Бұл бастама ұлттық венчурлік экожүйені дамытуға, жеке капитал тартуға және өңірді жаһандық инновациялық экономикаға интеграциялауға бағытталған. Осы жұмыстың аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында Qazaqstan Venture Group (QVG) басқарушы компаниясы құрылып, лицензияланды.…

Толық оқу
Ядролық физика институты

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ядролық физика институтына барды. Бұл атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметтің толық циклі бар елдегі жалғыз ғылыми ұйым. Мұнда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі, жаңа технология әзірленеді, өндіріс жұмыс істейді және атом саласына мамандар даярланады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қала басшысы заманауи зертханалардың және тәжірибелік қондырғылардың жұмысымен танысты. Олардың арасында ВВР-К зерттеу реакторы, радиохимия және изотоптар өндірісі жөніндегі ғылыми-техникалық орталық бар. Институтта онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған радиофармпрепараттар шығарылады. Бүгінде Қазақстандағы радиофармацевтикалық өнімнің шамамен 85%-ын осы институт өндіреді. Препараттар Алматы, Астана, Шымкент, Семей…

Толық оқу

Панфилов ауданында 26 елді мекен газдандыруға жатады. Бүгінгі күні Жаркент қаласы толық газдандырылған. Қалған 25 елді мекенді газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның 12-сінде бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталды. Тұрғындарының саны 1900-ден асатын Ават және Ақкент ауылдарына газ жеткізілді, ал осы аптаның соңына дейін Нәдек ауылына көгілдір отын беріледі. Сөйтіп жыл аяғына дейін аудандағы елді мекендердің тең жартысы газдандырылады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kzЖетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Өңір басшысының айтуынша, қалған 13 елді мекенде ауылға дейінгі газ құбырының құрылысы биыл аяқталып, келесі жылы ауылішілік газ тарату желілері…

Толық оқу
Алматы мен Астана

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Отбасы банк» пен Алматы әкімдігін тұрғын үй құрылысына қатысты заңсыздықтарға қатысы бар деп айыптап, даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ertenmedia. Депутаттың сөзінше, Алматы мен Астанадағы бейберекет құрылысқа құрылыс компанияларымен қатар осыны бақылауға тиіс мемлекеттік органдар да кінәлі. Ол оңтүстік өңірде болған жағдайдың Алматыда қайталануы мүмкін екенін ескертті. Бұған дейін Шымкентте ірі ипподром аумағы жекенің қолына өтіп, орнына элиталы тұрғын үйлер салынып кеткен еді. Алматыдағы тарихи ипподром да дәл солай құрылыс компанияларының қармағына түсіп, тұрғындар тағы бір демалыс орнынан айырылып қалуы мүмкін дейді депутат. «Шымкент ипподромынан айырылып қалдық. Ертең Алматы ипподромы да солай құрылыс компанияларына үлестіріліп кете…

Толық оқу
Зауыт кәсіпорын

Қазақстан экономикасы биыл сапалы әрі тұрақты өсім көрсетіп отыр. Үкімет отырысында жарияланған деректерге сәйкес, 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ел экономикасының жалпы өсімі 6,4% болды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл көрсеткіштің елде қалыптасқан экономикалық ахуалдың жақсарғанын және нақты сектор мен қызмет көрсету саласының серпінді дамығанын атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Нақты сектор қарқынын күшейтті, қызмет көрсету саласы да өсім көрсетті Министрдің айтуынша, нақты сектордағы өсім қарқыны 8,2%, ал қызмет көрсету өндірісі 5,3% болды. Салалар бойынша: Көлік қызметтері – 20,7%; Құрылыс – 15,1%; Тау-кен өнеркәсібі – 9,6%; Сауда – 9%; Өңдеу өнеркәсібі – 5,8%; Ауыл шаруашылығы…

Толық оқу
Байтук

Белгілі қоғам белсендісі Ғалым Байтук ел ішінде белең алған бір жаман құбылысқа қатысты, ойын ашып айтты. Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі кейбір авторлар өзін «білгіш» санап, қоғамда қолға алынған жұмыстарды жоққа шығаруға бейім тұратын жамен әдет қалыптастырған, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалым Байтук өз ойын Петропавл қаласында көше аттарын қазақшалау бастамасына қарсы тұрушылардан бастапты. – Жергілікті билік орындары көше атауын тарихи атау берсе, сол заматта әлдекімдер «Көше атын қазақшалауадан басқа жұмыс жоқ па? Онын орнына ойдым-ойдымы шыққан жолдарды жөндемей ме?» деп кері тартып тұрады. Ал жол жөнделсе, басқа бір әңгіменің шетін шығарады. Мемлекеттің жұмысы бір адамның қолында емес екенін олар түсінбейтін секілді,…

Толық оқу

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді. Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық Банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы еліміздің алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған, – деп атап…

Толық оқу
Тимати Блогер концерт

Белгілі блогер Аида Жексенова ресейлік рэпер Тиматидің концертіне бойкот жариялауға шақырған жазбасынан кейін экстремизммен күрес басқармасына шақырылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Блогердің сөзінше, полиция оны әлемжелідегі «соғысты қаржыландырмаңыздар» деген сөзі үшін тексеруге алған. Бұған Тимати мен өзге де орыс әншілерінің Қазақстандағы концертін ұйымдастырушы Алексей Пучковтың домалақ арызы себеп болған. Пучков қыркүйек айында Жексенованың Тимати концертіне бойкот жариялауға шақырған жазбасын көріп, полицияға шағым жолдаған екен. «Тиматидің концертіне билет алмаңыздар. Соғысты қаржыландырмаңыздар!» деген жазбасын Пучков Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша бағалауды талап еткен. Жексенованың айтуынша, пәлцейлер жазбаны алып тастауды тұспалдап жеткізген және басқа да осыған…

Толық оқу