Мәскеу Қазақстан іздеу салған «Азия Автоның» экс-басшыларын беруден бас тартты, деп хабарлайды Ertenmedia. Еске салсақ, «Азия Авто» компаниясының бұрынғы топ-менеджерлері Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаев аса ірі көлемде алаяқтық жасап, салық төлеуден жалтарды деген айыппен сотталған еді. Биылғы сәуір айында Балушкин 9 жылға, ал Сағымбаев 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Үкім сырттай оқылды. Бас прокурор Берік Асылов Мәскеуде бой тасалап жүрген тандемді елге қайтару туралы хат жіберген-тұғын. Алайда Ресейдің Әділет министрлігі әлгі өтінішті қараудан бас тартыпты. Бас прокуратураның мәліметінше, Ресей тарапы шешімді 2002 жылғы Минск конвенциясын негізге ала отырып қабылдаған-мыс. Аталған конвенция бойынша орыстардың өз азаматтарына қатысты шетелдік…
Автор: Асылхан Бөрібай
Теңіз жобасындағы ірі келісім Қытайдың қолына өтті. Қытайлық компаниялар «ҚазМұнайГаздың» еншілес мекемесі KMG Petrochem-мен ауқымды келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қытайдың үш бірдей компаниясы China Petroleum Pipeline Engineering (CPP), CPPE Kazakhstan және Citic Construction Қазақстандағы ең ірі мұнай кеніші саналатын Теңіздегі ілеспе газды өңдеу жобасына қатысады. CPP компаниясы бірнеше ірі халықаралық бәсекелесті артқа тастап, келісімшартқа ие болған. Мәміле бойынша Қытай компаниялары Теңіз газын бөлу кешенінен (ГСК) өндірілген сұйытылған этан мен пропанды Атырау маңындағы газ өңдейтін зауыттарға жеткізетін екі құбырдың құрылысын жүргізеді. Теңіз кенішінде ілеспе газ өндірісі биыл айтарлықтай артқан. Бұған дейін «Теңізшевройл» компаниясы кен орнында жүргізілген ауқымды модернизацияны аяқтап,…
Қазақстанның Даму банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстанның 17 серпінді жобасының 14-ін қаржыландыруға қатысуды жоспарлап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.. Банктің қатысу үлесі бастамаларға қатысты 2,6 трлн теңгеге жетуі мүмкін. Бұлар ел ішіндегі жалпы сомасы 6,9 трлн теңгеге жоғары технологиялық қайта өңдеу үлесін арттыратын болашақ металлургиялық және агроөнеркәсіптік кластерлер. Банк Павлодар облысында металлургиялық кластердің бірінші кезегін іске асыруды мақұлдады. Енді Екібастұзда «Mineral Product International» ЖШС қуаттылығы жылына 80 000 тонна ферроқорытпа зауытын салмақ. Оның іске қосылуы Қазақстанның ішкі қайта өңдеу және экспорттық әлеуетін арттырады. 527 тұрақты және 1000-нан астам уақытша жұмыс орны ашылады. Сараптаманың үшінші кезеңі Қарағанды облысында №8-9 (жылына 2,45…
Қарағандыда полиция пунктінен қыздың мәйіті табылған резонансты істегі учаскелік инспектор ауруханадан шықты, деп хабарлайды Ertenmedia. Оқиға 1 қазанға қараған түні Қарағанды қаласының Михайлов ауданындағы учаскелік полиция пунктінде тіркелген еді. Сол түні бөлімге келген учаскелік инспектор әріптесі Дәурен Досовты ес-түссіз күйде, ал көрші бөлмеде жас қыздың жалаңаш мәйітін тауып алған. Дәрігерлердің мәліметінше, Досовтың жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан. Алайда ол бірден қызметінен қуылыпты. Қарағанды полициясы инспектордың жұмыстан босатылуына «жағымсыз себептер» түрткі болғанын мәлімдеді. Тергеу барысында марқұм болған қыздың инспектормен жақын қарым-қатынаста болғаны анықталған. Сол түні Досов оны өзімен бірге жұмыс орнына шақырған. Қыздың бөлімшеге өз еркімен келгені, оған күш қолданылмағаны белгілі болған.…
Тимур Құлыбаевтың банкі табысын еселеп, рекорд жаңартты, деп хабарлайды Ertenmedia. Halyk Bank-тің биылғы тоғыз айдағы таза пайдасы 809,9 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 26,8%-ға өскен. Банктің бұл көрсеткішке жетуіне несие беру көлемінің ұлғаюы, клиенттерден алынатын комиссиялық кірістің артуы және сақтандыру қызметінен түсетін табыстың өсуі себеп болған. Дегенмен, банк өкілдерінің айтуынша, кірістің өсуіне кейбір факторлар кері әсер еткен. Биыл мемлекет банк саласының жекелеген операцияларына «аса жоғары пайда салығын» енгізген, сондай-ақ Ұлттық банк резервтеуге қажетті ақшаның көлемін ұлғайтқан. Осы факторларды есептемегенде, таза пайданың нақты өсімі шамамен 20%-ды құрайды. Сақтандыру бизнесінен түскен табыс та екі есе өсіп, 51 миллиард теңгеге жеткен. Қазіргі…
Қазақтарды алда ауыр сынақ күтіп тұр. Жаңарған салық саясаты, қымбат несие және сарқыла бастаған бюджет халықтың тұрмыс сапасын төмендетіп, онсыз да жұқарған жүйкеге салмақ салмақшы деп жазады Ertenmedia. Сөй деген экономист Алмас Шөкин елдегі жағдайға баға беріп, Үкіметтің қазіргі аяқалысын «ірі қараның жартысын жемдемей, бірақ барлығын бірдей саууды жалғастырып жатқан шаруаның» әрекетіне ұқсатты. Ол экономикалық саясаттағы сауатсыз шешімдер түбі үлкен дағдарысқа әкелуі мүмкін деп ескертуде. «Сырт көзге көрсеткіш керемет өсіп жатқандай көрінеді. Бірақ түпкі нәтижесін бағалау қиын, өйткені нәр татпаған сиырлар тәжібире соңына дейін шыдамай өліп жатыр», – дейді сарапшы әзіл-шыны аралас. Шөкиннің пікірінше, еліміз қазір күрделі өзгерістің табалдырығында тұр.…
«ҚазМұнайГаз» Лукойлдың Қарашығанақтағы үлесін сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. Әңгіме әлемдегі ең ірі газ-конденсат кенішінің бірі Қарашығанақ жобасындағы Лукойлдың 13,5 пайыздық үлесін сатып алу туралы болып отыр. Reuters агенттігінің дерегінше, аталған актив шамамен 1 млрд долларға бағалануда. Қазір Қарашығанақ жобасының үлесіне Eni, Shell, Chevron, «ҚазМұнайГаз» және Лукойл компаниясы бірлесіп иелік етеді. Ресейлік компания санкцияға байланысты Қазақстандағы активтерін нарықтағы бағасынан түсіріп сатуға дайын көрінеді. Биылғы жылдың басында Лукойлдың еншілес кәсіпорны Lukoil Overseas Karachaganak-тың таза активтері 1,05 млрд долларға бағаланған. Компания 2024 жылы 187 млн доллар, ал 2023 жылы 202 млн доллар таза пайда тапқан болатын. Еске сала кетсек, қазан айында…
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны халық табысына, еңбек нарығына және әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей ықпал етіп келеді. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айындағы нәтижелер елде жаңа жұмыс орындары көбейіп, жалақы мөлшері артқанын көрсетті. Бұл өзгерістер білім, әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек нарығын дамыту бағыттарындағы мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі саналады. Жалақы өсімі – экономикалық серпіннің айғағы Биылғы екінші тоқсанда орташа айлық жалақы 448 620 теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға жоғары. Ең төменгі жалақы мөлшерінің 85 мың теңгеге дейін өсуі 1,8 миллионнан астам жұмыскердің табысына тікелей әсер етті. Енді ең төменгі жалақы орташа еңбек өнімділігімен өзара байланысты жаңа әдістемемен есептеледі. Жалақының артуы тек…
Бүгінгі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект тек технологиялық тренд қана емес, біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді кез келген саланы, әсіресе мемлекеттік қызметтерді, олардың ішкі басқару жүйелерін цифрлық шешімдерсіз елестету мүмкін емес. Жасанды интеллект тек есептеулер мен деректерді өңдеумен шектелмей, экономика мен өндірісті жаңғыртып, әлеуметтік саланы тиімдірек етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан ақпараттық технологияларды барынша енгізу арқылы өз экономикасын инновациялық деңгейге көтеріп, жаһандық бәсекелестікке дайын елге айналып отыр. Бұл – болашаққа жасалған нақты қадам, әр қазақстандықтың өміріне әсер ететін өзгеріс, цифрландырудың ең көрнекті жемісі. Цифрлық басқару – жаңа дәуірдің талабы Расында, экономикалық тұрғыдан алғанда цифрландыру мен жасанды интеллект елдегі…
Наурызбай ауданындағы оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіліп жатқанын аудан әкімі Назира Тоғызбаева Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Аудан тұрғындары өсіп жатқандықтан тездетіп мектеп пен балабақша салуды қолға алдық. Биыл бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр, – деді ол. Биыл ауданда 5 500 орындық 3 жаңа мектеп ашылған. Олар «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінде, Сәбденов көшесі мен «Құрамыс» шағынауданында орналасқан. Сонымен қатар, «Alem City» мен «Алма сити-3» тұрғын үй кешенінің маңында әрқайсысы 1 200 орындық екі жаңа мектептің, сондай-ақ №174 мектепке қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып қалды. Бұл нысандарды 2026 жылдың бірінші тоқсанында ашу жоспарланып…










