Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматы

Алматы қаласының ның Алатау ауданында биыл қалалық ортаны жақсарту бағытында нақты жұмыстар атқаруда. Тұрғындардың ұсынысымен таңдалған жобалар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан. Аудан әкімі Данияр Қырықбаевтың айтуынша, жыл ішінде 50 жоба мақұлданып, оның ішінде 16 аула жаңартылып, 31 қоғамдық кеңістік ретке келтірілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауданда кешкі уақытта қауіпсіздік үшін көше жарығын модернизациялауға арналған 3 жоба да іске асқан. Бұл өзгерістер бірқатар шағынаудандарды қамтып отыр. Қарасу, Ақбұлаұ, Саялы және Зерделі сияқты тұрғындар көп орналасқан аумақтарда абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Рысқұлов даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында да инфрақұрылым жақсара түскен. Жергілікті халықтың қатысуы жобаларға нақты бағыт берді. Қандай аула…

Толық оқу
Жұманғарин

Бектенов Үкіметі ел дамуын бағалауда жаңа әдістемеге көшеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық экономика министрі, вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, Үкімет бұдан былай елдің экономикалық даму деңгейін жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемімен емес, оның сапасымен өлшейді. Енді даму көрсеткіштерін жоспарлағанда және бағалағанда адам капиталының сапасы, негізгі капитал, табиғи ресурстар, технологиялар мен еңбек өнімділігі сияқты негізгі факторлар ескеріледі. Жаңа тәсіл «өсу декомпозициясы» әдістемесіне негізделген. Яғни, экономика өсімінің нақты қай фактордың есебінен жүзеге асып отырғаны терең талданып, бағаланады. Министрдің мәлімдеуінше, алдағы уақытта негізгі индикатор ретінде «жиынтық өнімділік» көрсеткіші алынады. Ол еңбек пен капиталдың қаншалықты тиімді қолданылғанын және елдегі технологиялық прогрестің нақты деңгейін көрсетеді. Статистика…

Толық оқу

Германияда әскери қызметке қатысты жаңа ереже талқыланып жатыр. Егер Бундестаг мақұлдаса, 2026 жылдан бастап 18 жасқа толған әрбір азамат анкета толтырып, медициналық тексерістен өтуге тиіс болады. Әскерге жеткілікті адам жиналмаса, жастарды әскерге міндетті шақыру да жоспарлануда. Жаңа ереже бойынша әскерге шақыруды 2008 жылы туған буыннан бастамақ. Әзірше неміс қоғамында бұл ұсынысқа қатысты пікірталас қызып тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. Die Welt басылымының мәліметінше, 2022 жылдың мамырында Германияда 2008 жылы туған 340 мыңнан астам жас тұрған. Солардың ішінде 56 мыңнан астам бозбала Германия төлқұжатымен қатар басқа елдің азаматтығын да ұстаған. Олардың арасында Ресей азаматтығы бар 3691 адам, ал Қазақстан паспорты бар 1620…

Толық оқу
Астана мен Алматыдағы ақылы автотұрақтар

«Ақ жол» депутаты Олжас Нұралдинов Астана мен Алматыдағы ақылы автотұрақтар жүйесін сынға алып, премьер Олжас Бектеновке арнайы сауал жолдады, деп жазады Ertenmedia. Нұралдиновтың айтуынша, ақылы тұрақты енгізгендегі мақсат қала орталығындағы кептелісті азайту болатын. Алайда қазір мұндай тұрақтар тұрғын үйлердің жанында, қаланың шеткі аудандарында да орнатылып, жұртшылық өз үйінің алдында көлік қойғаны үшін ақша төлеуге мәжбүр болып отыр. Депутат автокөлік иелерінің төлем жасау кезінде таңдауы шектелгенін атап өтті. Көп жерде тұрақ ақысын тек мобильді қосымша немесе QR-код арқылы ғана төлеуге болады. Ал интернет дұрыс жұмыс істемесе немесе банк картасы бұғатталса, тұрғындар тұрақ ақысын төлей алмай, бірден 4 мың теңге айыппұл арқалайды.…

Толық оқу
Бектенов

«Бәйтерек» холдингі экономиканың жаңа өсу бағыттарының бастамашысы болады. Үкімет экономиканың 20 негізгі жобасын қаржыландыру үшін «Бәйтерекке» 1 трлн теңге бөледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкімет отырысында макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде инвестициялық саясатты жүзеге асыруда даму институттарына маңызды мән берілетінін атап өтті. «Даму институты ретінде «Бәйтерек» холдингі тек жобалардың операторы ғана емес, нарық сұраныстарын қалыптастыруға және бірлескен кәсіпорындар құруға қабілетті жаңа өсу бағыттарының бастамашысы болуға тиіс. Бұл өңдеуші сектордың дамуына қосымша серпін береді», деп атап өтті Олжас Бектенов. Одан бөлек Kazakh Invest мемлекеттік органдар мен даму институттарының барлық жобаларға қолдау көрсету бағытындағы жұмысын…

Толық оқу

2025 жылғы қаңтар-қазан аралығында телекоммуникация, сым және сымсыз желілер арқылы көрсетілген интернет қызметтерінің көлемі 724,2 млрд тг. құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1% көп, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның ішінде тұрғындарға көрсетілген қызметтердің көлемі 517,2 млрд тг, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% артық. Барлық көрсетілген интернет қызметі көлемінің 81,9% Астана және Алматы қалаларына тиесілі. 10 айда тіркелген интернет абоненттерінің саны 3,2 млн бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9% көп. Интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны 19,3 млн бірлікті құрады, өсім – 2,8%.

Толық оқу
Северный казах

«Северный казах» деген атпен танымал блогер Асылан Төлегенов ұлтаралық араздық тудырғаны және жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Күні кеше Көкшетау қалалық соты атышулы істің соңғы нүктесін қойды. Жабық есік жағдайында өткен процесте провокатор кінәсін толық мойындап, ұсынылған айғаққа қарсылық білдірмеген. Тергеу материалы бойынша «орыс әлемін» ұлықтаған блогер ұлтараздықты қоздыратын контентті ұдайы түрде таратқан. Сараптама оның видеолары ұлтты ұлтқа айдап салатын арандатуға тұнып тұрғанын растаған. «Айыпталушы кінәсін толық мойындап, ұсынылған дәлелге дау айтпады. Кінәсі тек мойындауымен ғана емес, телефонын ақтару нәтижесімен, әлемжелідегі видеоматериалмен және сараптама қорытындысымен расталды», – дейді Көкшетау қалалық соты.…

Толық оқу

Қазіргі дамыған заманда қоғамның қауіпсіздігі тек шекарадағы күзетпен өлшенбейді. Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін ақпарат алдымен интернеттен бастау алатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Цифрлық кеңістікте жүрген әрбір контент кейде ел ішіндегі бірлікке, ұрпақ тәрбиесіне, мемлекеттің конституциялық құрылымына қарсы әсер етуі мүмкін. Сондықтан ҚР Ішкі істер министрлігі жыл сайын жүздеген сайтты бұғаттап, қоғамға қауіпті ақпараттардың таралмауы үшін үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Кей азаматтардың қауіпті контентті әдейі тарататыны да жасырын емес. Ал енді біреулері мұндай ақпараттың зиянын білмей, бөлісіп артынша «жаздым, жаңылдым» деп етегі жасқа толып, қателегін кеш түсініп жатады. Бірақ заң алдында «білмедім» деген сөз жауапкершіліктен қорғай алмайды. Себебі ұлттық қауіпсіздік бәрінен…

Толық оқу

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты Цифрлық үкіметті қолдау орталығы IT-архитекторлар академиясының ашылғанын жариялады. Бұл жаңа білім беру бастамасы мемлекеттік және корпоративтік деңгейдегі цифрлық шешімдердің архитектуралық сапасын арттыруға бағытталған. Жедел цифрландыру мен жасанды интеллектті кеңінен енгізу жағдайында негізгі күрделі мәселелердің бірі – IT-жүйелердің бытыраңқылығы мен олардың қайталануы болып қалып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік цифрлық сервистердің ыңғайлы, өзара ықпалдасқан және ауқымдалатын болуы аса маңызды. Мұндай шешімдер дайын модульдерді қайта пайдалану, технологиялық үйлесімділік және бірыңғай архитектура қағидаттарына сүйенуі тиіс. IT-архитекторлар академиясы мамандарды IT жүйелерін идеядан бастап іске қосу мен жасанды интеллектіні интеграциялауға дейін тұтас экожүйе ретінде қарастыруға үйрететін тәжірибеге бағытталған платформа…

Толық оқу
Үкімет Бекетнов

Жетісайдағы трагедиядан кейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Премьер-министр Үкімет атынан марқұмдардың туыстарына көңіл айтып, Түркістан облысы Алғабас ауылындағы қайғылы жағдайға байланысты дереу қорытынды шығаруды талап етті. Үкіметтік комиссия жетекшісі, вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, өрт 19 қараша күні таңғы сағат 05:30-да екі қабатты жеке тұрғын үйде тұтанған. Қызыл жалын бүкіл ғимаратты шарпып, төбесі опырылған. Өрт тек таңғы сағат 07:22-де толық ауыздықталды. Салдарынан 12 адам, оның ішінде тоғыз бала қайтыс болды. Үш зардап шегуші Жетісай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қазірше өрттің шығу себебінен қасақана әрекет белгісі байқалмайды. Төтенше оқиғаға қатысты «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»…

Толық оқу